Елімізде трансвеститтер арасында танымал тұлғалар бар – психолог

Елімізде трансвеститтер арасында танымал тұлғалар бар – психолог

Жынысын ауыстырған трансексуалдар мен трансвеститтер арасында көпшілік танитын елімізге белгілі тұлғалар да көп.Бұл туралы caravan.kz тілшісіне психолог-сарапшы Светлана Құдиярова айтты.

«Олар тым беделді,танымал жандар. Бір жағынан төрт құбыласы тең табысты адам болса, екінші жағы, яғни ішкі әлемі мен жан дүниесі өзгеше жаралы және олар оны ешкімге ақтармайды»,- деді С. Құдиярова.

«Отбасын да құрады. Бірақ интелектуалдық дамыған, ой-санасы жетілген олар келісім жасайды. Сыңарына барлық жағдайын жасап береді. Мәртебесіне сай отбасы болып, жұрттың алдында бақытты жанұя болуға тырысады. Бірақ, жолымыз бөлек, төсекке келгенде ешқандай сын болмауы керек, дегендей шарт жасасады »,- дейді психолог.

Психологтың пайымдауынша, трансвеститтер мен трансексуалдар арасында қазақ жігіттері көп. Бірақ, олардың 80 пайызы нағыз психикалық ауытқуға ұшыраған болса, қалған 20 пайызы еліктеуден барып сол қатарға кіріп кеткендер.

Әйтседе, еліктеп жүріп адасқандарды бағыт-бағдар беріп, кері қайтаруға болады, дейді сарапшы. Өйткені олардың іргетасы, негізі сау.

Маманның айтуынша, әйел болып көрінуге тырысатындар мен жынысын ауыстырған ерлер ешқашан суицидке бармайды. Бірақ, үнемі күйзелісте жүреді.Ұрыс жанжалдан тіпті үйінен кетіп қалуға дейін барады. Ақырында ішкілікке салынып кетуі мүмкін.

Ең өкініштісі трансексуалдар мен трансвеститтер психологтардың көмегіне жүгінбейді екен. Себебі олар, менің бойымда ауытқу бар, көмекке зәрумін, дегенді мойындамайды.

Ал, психикалық ауытқуы бар жандардың көбейіп кетуіне, психолог-сарапшы қазіргі ақпарат заманы әсер етті дейді. Қоғамда бұрын да болған олар өз үйінде өзімен өзі ғана өмір сүріп келді. Ал 1990 жылдардан бастап түрлі танысу газеттері мен интернет сайтары, әлеуметтік желілердің көбеюі трансексуал немесе трансвестит, яғни жыныстық ауытқуы барлардың көкжиегін кеңейтіп, олардың тез көбейуіне алып келді.

С.Құдиярова "сексуалдық даму балада 3-5 жас аралығында қалыптасады. Қай жынысқа жататынын сол кезде танып біледі. Әр адамның психосексуалдық дамуы қалыптасады. Міне, сол кезде сақ болу керек.Ата-аналар баланың психосексуалдық тәрбиесіне кішкентай кезден аса көңіл бөлуі қажет",- дейді.


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста