Жезөкше жігіттер ғаламторға «қалталы ағаларға» тұрақты сексуалды қызмет көрсетемін деп жарнама беріп жатыр.
Еш қымсынбастан, жеке телефон нөмірін, тіпті ұлтын жазып жатқандардың тең жартысы қазақ жігіттері. Олар қызмет ақысын да ашық жазуда.
Әр қайсысының сағаты жиырма мың теңгеден басталады. Тәнін саудалайтын ер азаматтар өз мекенжайларын Алматы, Астана, Шымкент және Ақтау деп көрсеткен.
Тек қана бір танысу сайтында еркектерге интимдік қызмет ұсынатын отызға жуық азамат тіркеліп, жарнама беруде. Олардың ең жасы жиырмада болса, ересектері 30 жасқа келген жігіттер.
NUR.KZ сайтының тілшісі бірнеше жарнама берушімен тілдесіп те көрді. Тәнін саудалайтын жігіттердің кейбірі бұл істі ұнатқаннан жасайтынын айтса, енді бірі тұрақты жұмысы жоқ болғасын, жан бағу үшін барып отырғанын айтуда.