Елімізде 6-сынып оқулығында 18+ танысу сайты көрсетіліп, сол жерден толық мағлұмат аласыз делінген

Елімізде 6-сынып оқулығында 18+ танысу сайты көрсетіліп, сол жерден толық мағлұмат аласыз делінген

Еліміздегі 6-сынып оқушыларының «Жаратылыстану» оқулығында ересектерге арналған танысу сайтына сілтеме берілген. 18 жастан асқан азаматтар отыратын веб-сайттың сілтемесі оқулық ішіндегі «Жасуша әлеміне экскурсия» деп аталатын тапсырмада жазылыпты.

Ал көпшілік мұндай сорақылық жауаптылардың жұмысына немқұрайлы қарауынан болған дейді. Ересектерге арналған сайттың сілтемесі жазылған оқулық туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің ашуын туғызды. Дәл осы biofile.ru деп аталатын сілтеме оқулықтың 33 параграфінде көрсетілген. Ал сілтеме арқылы сайтқа кіргенде, онда ашық-шашық киінген қыздардың суреттері шығады. Бұған байланысты оқу-ағарту министрлігіндегілер түсініктеме берді.

Олардың айтуынша, 6-сыныптың «Жаратылыстану» оқулығы 2017 жылдан бері орысша оқытатын мектептерге беріліп келеді. Ал ондағы biofile.ru сілтемесі, «Биофайл» ғылыми-ақпараттық журналының веб-сайты болған дейді. Кейін бұл сайт жұмысын тоқтатқан екен. Бірақ қазір осы атауды іздеушілерді браузер бірден күмәнді танысу сайтына бағыттайды. Сондықтан бұл мәселе бойынша құзырлы органдарға сұрау саламыз дейді жауапты ведомство өкілдері.

«Мұрағат қызметі бойынша талдау нәтижесінде «web.archive.org» күмәнді танысу сайтының 2011 жылдан бері бар екенін көрсетті. Мұнда соңғы жылдары белсенділік күрт төмендеген. Ал 2023 жылдың 17 ақпаны мен 9 наурызында сайт әкімшісі ұсынылмаған сайттарға бағыттайтын жаңа URL ресурсты қосып қойған»,– дейді ҚР Оқу–ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста