Ел қорғаушыларды қорғау керек

Әр мемлекеттің әскері болуы – заңдылық. Біздің елде де Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Қарулы Күштері құрылды. Бұрын Кеңес үкіметінің құрамында болған кездері әскери қызметте өзге ұлт өкілдерінің көп болғаны белгілі. Кеңес үкіметі тараған соң, көптеген әскери мамандар көрші Ресейге қоныс аударып, әскери қызметкерлер қатарын өзіміздің қаракөздерден қайта жасақтадық. Жастарымызды әскери қызметке баруға үндедік. Шама-шарқымыз келгенше жағдай жасайтынымызды да жасырмадық. Жасап та келеміз. Десек те, ел тыныштығын қорғап жүргендерді әлеуметтік қорғау мәселесінде тез арада шешілуі тиіс түйіндер де жоқ емес. 

Осындай әлеуметтік мәселемен бетпе-бет келген әскери қызметкердің айтуына қарағанда, мұндай екіұдай жағдай туындауына заң кінәлі болып отырған көрінеді. Өйткені Қазақстан Республика­сында «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 60-бабында денсаулығы­на немесе қысқартылуға байланысты қыз­меттен босаған, жалпы еңбек өтілі 25 жыл, оның ішінде әскери қызмет саласын­дағы үздіксіз еңбек өтілі 12 жыл 6 айды құраған қызметкердің еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнеткерлік төлемдерге қол жеткізе алатыны айтылған. 
Алайда 48 жастағы, жалпы еңбек өтілі 28 жыл, оның ішінде әскери саладағы үздіксіз еңбек өтілі 12 жыл 8 айды құрап отырған, денсаулығына байланысты жұ­мыс­тан босаған әскери қызметкер ондай төлемге қол жеткізе алмаған. Яғни жалпы талаптағы еңбек өтілі жеткілікті болғанмен, 1998 жылдың 1қаңтарына дейін әскери салада еңбек өтіліңіз болмаса, сіз еңбек сіңірген жылдарыңыз үшін төленетін зейнеткерлік төлемдерге қол жеткізе алмайсыз. Демек, бұл азамат (63 жасқа толғанша) 15 жыл бойына зейнетақы жи­нақ­тау қорында жинаған қаржысын қол­жалғау қылуы керек. Ал әскерилердің жа­лақысының қомақты емес екенін ескерсек, қорда қанша қаржы қордаланғанын ша­малау қиын емес.
ҒАДІЛБЕК, денсаулығына байланысты қызметтен босаған әскери маман: 
– Менің жасым 48-де. 1998 жылдың қаңтар айынан 2011 жылдың қыркүйек айының соңына дейін үздіксіз әскери қыз­мет атқардым. Таяуда денсаулығы­ма байланысты қызметтен босадым. Еңбек сіңірген жылдарым үшін зейнет­кер­­лік төлем­дерге қол жеткізе алмай отырмын. Зейнет­ақымен қамтамасыз ету туралы заңның 60-бабында «жалпы еңбек өтілі 25 жыл,оның ішінде 12,5 жыл үздіксіз әскери қызмет атқарған ма­мандарға зейнеткерлік төлем тө­ленеді» делінген. Менің жалпы еңбек өтілім – 28 жыл, әскери саладағы еңбек өтілім – 12 жыл 8 ай. Алайда маған зей­нета­қы төлемейміз деп отыр. Зейнет­ақы таға­йындау орталығына барсам, «Заңның 65-бабына сәйкес, сізге Зейнетақы жинақтау қорын­дағы жиналған ақшадан ғана төлене­ді», – дейді. Сонда заңның қай бабына сену керек? Қордағы жинақ­тал­­ған ақша бір миллион екі жүз мың­нан сәл ғана асады. Мен оның жарты­сын алуға құқылы екенмін. Яғни 600 мың­дай. Мұны әр айға бөлсек, 63 жас­қа тол­ғанға дейін айына 3335 теңгемен кү­нел­­туім керек екен. Ал мен енді жа­сыма, денсаулығыма байла­нысты жұ­мыс істей алмаймын. Ауру адам­ды кім жұмысқа ала қояды? Енді не істеу ке­рек екенін де білмей қалдым.
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық мамандарының айтуына қара­ғанда, бәрі де заң аясында амалға асыры­лып отыр.
Ресми деректерге жүгінсек, Қорғаныс саласына 2012 жылы 340 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Бұл 2011 жылдың жоспар­лық көрсеткіштеріне қарағанда 81 млрд теңгеге немесе 23,8 пайызға артық. Оның ішінде қорғаныс саласындағы өсім 6,7 млрд теңге, төтенше жағдайлардың ал­дын алу және салдарын жою саласында 14 млрд теңгені құрайды. Дұрыс-ақ.
Десек те, «қорғаныс саласына осынша ақша бөле отырып, ел қорғауға қызмет етіп, денсаулығын жоғалтқан қызметкер­лердің жайын ескерусіз қалдырып отырған жоқпыз ба?» деген сауал туындайды. Себебі 1998 жыл­дың 1 қаңтарынан кейін әскери қызмет­ке орналасып, бүгінде денсаулығына бай­ла­нысты қызметтен босағандарға зейнет­кер­лік төлемақы тағайындалмайды. Ал олар­дың басқа жұмысқа орналасуы екіта­лай. Яғни олардың ертеңгі күні күңгірт. 
Бәлкім, заңның кейбір тұстарына өзгерістер енгізіп, денсаулығына байланыс­ты әскерден босатылғандарға зейнетақы тағайындауды жеңілдету керек шығар?! Оларға ел тыныштығын күзетуде сіңірген еңбегі үшін ақы төлесе, мемлекет кедей болып қалмас?! Мемлекет үшін бұл шығын – теңіздегі тамшыдай ғана, ал денсаулығын жоғалтып, қызметтен айырылған адам үшін ол – үлкен көмек.
Дерек 
2010 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі әскери бюджеті ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш болған. ТМД елдері арасында әскери шығындары бойынша бірінші орында Грузия (ЖІӨ 4,56 пайызы) тұрса, одан кейінгі орындарда Армения (4,07 пайыз), Әзірбайжан (3,95 пайыз), Өзбекстан мен Украина (3,5 пайыз) болып отыр. Ал Қазақстанның әскери доктринасына сәйкес, қорғаныс саласының шығыстары ЖІӨ-нің 1 пайызынан кем болмауы тиіс. Бірақ Қорғаныс министрлігінің бюджеті соңғы үш жыл бойынша бұл нормаға сәйкес келмеген екен. 2008 жылы  140,1 млрд теңге (ЖІӨ-ге – 0,92 пайыз), 2009 жылы 139,3 млрд теңге (0,83 пайыз), 2010 жылы 166,4 млрд теңге (0,96 пайыз). 
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста