ЕКПЕ ҚАУІПТІ МЕ?

Сенат депутаты Жабал Ерғалиевтың «балаларға жұқпалы ауруларға қарсы жүргізілетін екпе жасатпаған ата-аналарды жауапқа алу керек, тіпті балаларын мектеп, балабақшаға кіргізбеу мәселесін қарастыру қажет» дегені қоғамда дүрбелең туғызды.
Өйткені бірнеше облыста қызылшаға қарсы жаппай екпе жүргізгеннен кейін халі нашарлаған жасөспірімдердің жағдайы тұрғындарды шошытып отыр. Мәселен, қазір республика бойынша қызылшаға қарсы егілетін екпеден кейін Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарында шу шыққан. Енді вакцинаның пайдасы халық көңілінде сенімсіздік ұялатуда.
Себебі ақпан айының ортасынан бастап еліміздегі 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерге жүргізілген қызылшаға қарсы иммундау шараларынан кейін 294 бала ауырып қалған. Мұндай екпе бұдан 10 жыл бұрын жасалған екен. Көпшіліктің үрейін туғызған екпе енді уақытша 4 мамырға дейін тоқтатылды. Алайда медицина мамандары вакцина еш қауіпсіз екенін айтып дабыл қағуда. Олар екпе алғандардағы бас айналу, талып қалу, бас ауыру сияқты тіркелген уақытша ауру белгілерін – адамның иммундау кезіндегі «қорқыныш» реакциясы деп түсіндіруде және оның вакцинаға қатысы болмайтынын айтты. Солай дейік, бірақ бәрінен де алаңдататыны, олардың  денсаулығына кім жауап бермек? Өйткені жұқпалы ауруларға қарсы кейбір екпелерден кейін көз жұмып, мүгедек болып қалып жатқандары да аз емес қой?! Сонда вакцинаның қатысы болмаса, қалайша мүгедек атанады? Әлде депутат айтқандай, жауапты мемлекеттік органдардың иммундау, вакциналаудан бұрын жұрт арасында түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбегені ме?
Иммундық жүйе күшеймей, екпені егудің қажеті жоқ
Ғалымжан МЕЩАНОВ, медицина ғылымдарының кандидаты, эпидемиолог:
– Алдымен халқымыздың иммундық жүйесін жақсартып, нығайтпайынша, екпені егудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Ал иммундық жүйені төмендететін факторлар қандай? Қоршаған ортаның экологиясы, тағам, ал қазір кейбір тамақтарға ГМА (гендік-модификацияланған ағзалар), түрлі бояулар, дәмдегіштер мен иістендіргіштер, қосындылар араластырылады. Содан біздің организмге ауыртпалық түсіп, иммундық жүйеміз зардап шегуде. Вакцинациялау мемлекеттік деңгейде болып жатқандықтан, мамандар оны бизнес көзіне айналдырды деп те айта алмаймыз. Бірақ сол вакциналардың құрамына не кіретіні, оның қалай дайындалғаны қарапайым халыққа белгісіз, сондықтан олардың күмәнданатыны заңдылық. Дегенмен, Қазақстанда алдымен дәрілерге сараптама жүргізіліп, содан кейін ғана қолданысқа жіберіледі. Сол себепті әр адамның иммундық статусына мән беру қажет. Өйткені иммунитет әлсіз болған сайын, адамның ауруға деген ықтималдығы арта береді. Айта кететін жайт, қазір қызылша ауруына қарсы екпе 16-19 жастағылар арасында жүргізілуде. Ал бұл – өтпелі кезең, жеткіншектің психо-эмоцияналдық жағдайы тұрақсыз болғандықтан кейбір балалар ине шаншудан қорыққанда талып қалуы мүмкін. Бірақ оның да себептері әртүрлі.
2007 жылы Ресей, Украина, Беларусь мемлекеттерінде екпе жұмыстарын жүргізу қаншалықты қажет екенін анықтау үшін ғылыми-зерттеулер жүргізілген. Олар вакцинаның құрамын анықтап, барлық дәлелдер мен дәйектер келтіре отырып жасады, нәтижесінде вакцинаның сапасыз екені анықталған. Екіншіден, бұл үлкен бір бизнес екеніне көздері жеткен.
Бізде Кеңес өкіметі кезінен келе жатқан егу күнтізбесі бар. Сол бойынша, екпе жасау міндеттеліп отыр. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодексінде де әр адам вакцина алуға міндетті деп көрсетілген. Бірақ қазір бас тартатындар да көбеюде. Өйткені олар оқиғаның салдарына жауапты адамның жоқтығына көздері жеткен. Ал медицина қызметкерлері күнтізбе бойынша жоспарды орындауға тырысады. Алайда кодекстің 93-бабында әр науқас медициналық көмек алудан бас тартуға құқылы деп көрсетілген. Заң жүзінде адамдар сол пунктке сүйеніп екпеден бас тартуда.
Тендерге түскен вакцина
Балаларға екпе жасау ҚР Ұлттық егу күнтізбесінде көрсетілген полиомиелит, дифтерия (күл), сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит (шықшытбездің қабынуы), В, А гепатиті, туберкулез, гемофильді инфекция, пневмококқа қарсы иммундау арқылы жүргізіледі. Қазақстанда барлығы әртүрлі 21 жұқпалы аурулардың алдын алуға екпе жасалады. Ең алғашқы екпе – баланың екі айынан бастап, салына бастайды.
Мәселен, 6-7 жаста жүргізілетін туберкулезге қарсы шарасынан кейін, яғни балаға манту салғанда көбінің ие шанышқан жері ісініпті. Атын атамауды қалаған ата-ананың айтуынша, бір жыл бұрын екпеден кейін баласының ине шаншыған жері ісініп кеткен. Мамандар баланы есепке алып, химиопрофилактика алу үшін тубекулез диспансеріне жіберген. Туберкулез ауруын емдеумен айналысатын жергілікті фтизиатр ішуге бірнеше дәрілер берген және бала анализден өтіп тұруы тиіс болған. Өйткені онсыз мектепке кіруге рұқсат жоқ. Алайда аптасына бір рет қана қабылдайтын фтизиатр маман қаншама баланы қабылдауға үлгермегенін айтады ата-ана. Себебі бұл бір ғана бала емес, тағы да бірнеше бала кезек күткен. Бірақ бұл аурудың белгілері байқалмаған баланы тубдиспансерге жіберуге ата-ана үзілді-кесілді бас тартыпты. Соған қарамастан, арада бір жыл өткеннен кейін қайта тексерілсе балада туберкулез анықталмаған. Осыған қарап, медицина қызметкерлері де бала денсаулығына салғырт қараған ба деген ой қылаң береді. Бұл турасында нақтырақ білу үшін Алматы қаласындағы №147 мектептің медбикесіне хабарластық.
– Туберкулез таяқшаларының мөлшерден асып кетуіне байланысты бала химиопрофилактика алады. Яғни туберкулезге қарсы «изониазид» деп аталатын дәрі жазылады, сол арқылы иммунитеті көтеріледі. Оны күніне бір рет қабылдайды. Бірінші екпе салынады, содан кейін тапсырған анализ бойынша туберкулез таяқшаларын есептейміз. Егер мөлшерден асса ғана фтизиатрға жібереміз. Анализ тұрғылықты мекенжайдағы емханада жасалады. «Жағымсыз, күмәнді, жақсы» деп көрсетілетін анықтамаға қарап химиопрофилактика берілетіні не берілмейтіні жазылады. Бұлар ауру бала деп есептелмейді. Кейде ата-аналар келіссе, бала шипажайға жіберіледі. Әзірше бас тартқан ата-аналар жоқ. Келмегендері учаскелік дәрігерден «екпеден бас тартамын» деген қағаз әкеледі. Мен әлі мектептен ешкімді қуған жоқпын. Бірақ кейбірі «балалар тексеріліп келмейінше, кіргізілмейді» деген бұйрыққа сүйенуі мүмкін, – дейді медбике Майра Жетпісбаева.
Ал тендер арқылы алынған вакциналардың сапалы екеніне кім көз жеткізер екен? Мәселен, кейбір вакциналарда сынап кездеседі, ал бұл адам ағзасында болмауы тиіс. Вакциналар тендер арқылы сатып алынатындықтан оны ұтқан компания арзан дәріге жүгірмесіне кім кепіл бола алады? Ал оның сапасы қарапайым халыққа беймәлім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) вакциналық дәрі-дәрмектерді ұсынбас бұрын оның қауіпсіздігін бақылайтыны рас. Дегенмен, соның құрамы туралы халыққа ақпарат берген де дұрыс шығар?! ДДСҰ ұсынған вакцинаны сатып алу үшін мемлекет қазынасынан қыруар ақша бөлінеді. Тендерді ұтып алған компания өз қалтасын ойлайтыны да әмбеге аян. Мысалы, елімізге дәрілер жеткізумен айналысатын ресми дистрибютор «СК-Фармация» қызылшаға қарсы 1 миллион вакцинаның бір данасын 190 теңгеден әкелген. Ал денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органдардың 2014 жылы қойған бағасы 281 теңге болған. Бәлкім, вакцина қымбатырақ болса сапасы да жақсы болар ма еді деген ойға қаласың?!
Айнагүл ҚУАТБАЕВА, СЭСжМҒПО РМКК эпидемиологиялық жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі:
– Қызылшаға қарсы екпе – жалпыхалықтың арасында жүргізілді. Ал облыстардағы екпеден кейін орын алған жағдайға келетін болсақ, жасөспірімдердің ағзасы толықтай қалыптасып болған жоқ, сондықтан бас ауруы, бас айналуы сияқты жағдай болуы мүмкін. Мұның вакцинаға және вакцинаның құрамына ешқандай қатысы жоқ. Бұл әркімнің индивидуалдық ерекшелігіне байланысты. Қазір Жаңаөзен қаласында тексеру шараларын жүргізудеміз, жасөспірімдер ауруханаға бастары, құлақтары, тамақтары ауырып келді. Енді олар бақылауға алынуда. Мұндай вакцина бұрын-соңды 2005 жылы жүргізілген, қазір 2 жасқа дейін және мектепке барарда, яғни 6-7 жаста егіледі. Негізі, екпе шаралары мемлекет тарапынан бекітілген күнтізбе бойынша және эпидемиялық ахуалға байланысты жасалады. Мәселен, басқа көршілес мемлекеттерде белгілі бір індет орын алып жатса, сол індеттің біздің елімізде орын алу қаупі және таралу мүмкіншілігі жоғары болған кезде осындай іс-шаралар жүргізіледі. Қазір қызылшаға қарсы шаралар көптеген мемлекеттерде өткізілуде.
Мемлекетімізде 21 әртүрлі жұқпалы ауруға қарсы екпе егіледі. Ал қызылшадан басқа, Үндістаннан қызамық эпидпаротитке қарсы (шошқа мойынға) вакциналар да әкелінеді.


Түйін
Вакцина егуге қатысты дау тек Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде орын алып отыр. Жағаңды ұстататын түрлі деректер де жарияланды. Алайда екпе көптеген аурудың алдын алып жатқанын бұрынғы көрсеткіштер мен қазіргі көрсеткіштерге қарап байқауға болады. Тек елге әкелінетін дәрілердің сапасына қадағалау жүргізілсе екен дейсің...

aikyn.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста