«ЭКО арқылы дүниеге келген балалардың көбі ертең ұрпақ сүйе алмайды» – ғалым

«ЭКО арқылы дүниеге келген балалардың көбі ертең ұрпақ сүйе алмайды» – ғалым

 Қазақстанда жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы соңғы 22 жылда 14 мың бала дүниеге келіпті
Жаңа жылдың 1 қаңтарында Талдықорған әкімінің орынбасары Мәрлен КӨЛБАЕВ Facebook парақшасында: «2017 жылдың 31 желтоқсанында Талдықорған қаласының перзентxанасында 15 сәби дүниеге келді, олардың 10 ұл бала, 5 қыз, ал, 2018 жылдың 1 қаңтарында 10 сәби дүниеге келді, олардың 7-і ұл, 3-і қыз!» – деп халықтан сүйінші сұрады.

Сүйінші сұрайтындай-ақ жаңалық, себебі, «Дәрігерге бармай-ақ, үйде отырып он баланы тудық қой», – дейтін аналардың заманы өткен. Қорқынышты...

Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың қараша айында «әр жылы жаңа үйленген отбасылардың 20 000 (жиырма мыңы) бедеуліктен зардап шегеді» деген дерек таратты. Жыл сайын 20 000! Қорқынышты ма, жоқ па?

Өткенде ұлыммен сөйлестім, «Досымның келіншегі көтере алмай жүр. Ажырасатын шығар. Жәнібек те сол үшін ажырасып еді...» – деді мұңайып. Үш-төрт сыныптасы мектепті бітіре сала үйленгенін білуші едім, соның біреуі ғана ұрпақ сүйіпті. Қалғаны үрей мен үміттің арасында күн кешуде.

«Қой, олар әлі жас, болашағы алда», – деп жұбатқан болып едім: «Барып тексеріліп, емделгенге көп ақша керек екен», – деді. Екеуміз үнсіз қалдық. Ұрпақ тағдыры 21 жастағы ұлымды ойландыра бастапты.

Осы күні көтерте алмаған еркек пен көтере алмаған әйелдің жалғыз жұбанышы – ЭКО. Жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы 22 жылда 14 мың бала дүниеге келіпті, оның 1532-і мемлекеттің қолдауымен туған. Сол балалар өмірге келуі үшін мемлекет соңғы 7 жылда 4 миллиард теңге жұмсаған! Ал квотаға ілікпеген отбасылар тиындап жиғанын ұрықтандыру орталықтарының қалтасына құюда. Әр курсқа 1 миллион теңгеден аса ақша кетеді екен. Сәтсіз болып, «ұрпақ сүйсем» деген үмітін үзбей екі-үш мәрте талпынғандар бар. Ақшасы жоқтарының шері шемен болып ішінде жатыр.

Ең қорқыныштысы белсіз еркек пен бедеу әйелдің саны жыл санап өсіп барады. 2010 жылы мемлекеттен 100 квота бөлінсе, 2016 жылы 900 беріліпті. 9 есеге өсірген!

Себебі, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Бедеулік – Қазақстанның мемлекеттік проблемасы», – деген тұжырым жасаған. Жыл сайын жас отбасылардың 15 пайызы осы проблемаға ұрынатын мемлекеттердің демографиялық өсімі тоқтайды екен. Біздің ел осы шамаға жеткен, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығы мен былтырғы жылдың сол кезеңін салыстырғанда табиғи өсім 6,5 пайызға кеміпті! Ол аздай жатырдағы баланың жұлынын «шұқып» ДНК-ға жасайтын скрининг-тест деген бәлесі тағы бар.

Қан тазалығына ерекше қарайтын қазақта даун дертімен туған бала көбейіп барады. Басқа өңірлерді былай қойғанда әл-ауқаты ерен, күн санап өсіп жатқан, шенділер қаласы Астанада да 300 бала тіркеліпті... Жаңағы тест іштегі баланың денсаулығын анықтап, дерт нышаны барын дәрігерлер сылып тастайды. Сұмдық, ә?

Соңғы 5 жылда «ЭКО қатерлі», – дейтін ғалымдардың саны өсіп келеді. Мәселен Ресей Медициналық Ғылымдар Академиясының вице-президенті Александр БАРАНОВ: «Біз ЭКО-ға ақша құйып, үлкен қателік жасап отырмыз. Бұл балалардың көбі ертең ұрпақ сүйе алмайды», – деп адам шошытарлық зерттеудің шетін шығарды.

Баранов Ресейдегі әр жетінші отбасы перзент сүйе алмай отырғанын, бұл проблеманы шешудің ғылыми-әлеуметтік жолын табу керектігін айтты. Қазақстанда әр 6-7 отбасы осы мәселемен басқайғы. ЭКО-ның халықты құтқармасының тағы бір дәлелі – Жапония. Бұл мемлекетте бес жүзден аса медициналық мекеме жасанды ұрықтандырумен айналысады. Мемлекет миллиардтап ақша салып жатыр. Былтыр жарты миллион адамға көмек көрсетіліпті. Соның 10 пайыздайы ғана ұрпақ сүйген. Жапония – халқы кемуші елдер санатында.

Осындайда «Неге?» – дейсің ғой. Неге қазақ еркегінің белінен қуат, келіншегінің құрсағынан құт кеміп барады? 90-жылдардың басында қаптап кеткен, улы бояуы бар қытайлық ойыншықтар себеп пе, әлде, сол жылдардағы жоқшылық, берідегі әлеуметтік қиындықтар ма? Мұны нақты ешкім дәлелдей алмас.

«Сүйінші! Әке болдым!» – деп қанша әке перзентхана алдында тұрып елге хабар бере алмады, қанша қарт «Ата болдың!» деген хабарды күтіп, күрсініп жүр? Ана болу бақыты бұйырмаған әйелдің қасіреті тіптен бөлек...

Әзірге жылына 1,5 пайызға болса да өсіп жатқан халықтар санатындамыз. Статистика кері кетпеуі үшін сүйіншілеу керек! Қайта-қайта сүйінші сұраңыздаршы, ағайын!

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста