Екібастұздықтар ішетін суларына шомылып жүр

Дүниежүзілік картаға қарасаңыз, үлкенді-кішілі қалалардың өзен немесе теңіздің жағасында салынғанына көзіңіз жетеді. Сусыз тіршілік жоқ. Өзгесін былай қойғанда, жаздың күйіп тұрған аптабында суға шомылсаңыз, жаның рахаттанып, тәніңіз сергіп қалады.
Өкінішке қарай, Екібастұздың іргетасы қаланғанда, қалаға канал арқылы су жіберу қолға алынғанымен, жаз маусымында тұрғындар демалатын жағажай салу мәселесі ескерілмеген. Тұрғындар соның зардабын 54 жыл бойы тартып келеді. Жаздың ыстық күндерінде салқындағысы келгендер өз бетінше әрекет жасап, Ертіс-Қарағанды каналына шомылуды әдетке айналдырғалы қашан! Қ.Сәтбаевтың жобасымен Ертістің суын Екібастұз арқылы Қарағандыға бұруда халықты ауызсумен қамтамасыз ету көзделген болатын. Қалаға ауызсу канал арқылы жеткізілетіндіктен, суды лайламай, таза ұстау қажет-ақ. Бір жылдары тұрғындардың жағдайына түсі­ністік туындап, қаланың шетінен жаға­жай ашылғанын бәріміз ұмыта қой­ға­ны­мыз жоқ. Сол уақытта каналға шо­мылу­шылардың да саны күрт азайғаны белгілі. Алайда ол жағажайдың «ғұмыры» ұзаққа бармады. Енді суға шомылғысы келетіндерге бір-ақ жол қалды, ол – Сол­нечный кентіндегі жағажайға бару. Қала­дан 45 шақырым жерде орналасқан жаға­жайға баруды әркімнің қалтасы көте­ре бермесі анық. Баянауылдағы Жасы­байға, Сол­нечныйдағы жағажайға қолы жетпегендер тағы да канал суынан айналшықтап шықпайтын болды. Ал канал суына шомылу қала тұрғындарына қастандық жа­са­ғанмен бірдей.
Каналға барып шомылатындар өз алдына, жаз уақытында бұл жерге келіп, көліктерін жуатындар, ішімдік ішіп, сер­­уендеп, кір-қоқыс, арақтан босаған шишаларды шашып кететіндер жетіп-артылады. Қысқасы, бүгінде канал жағалауы қоқыс үйіндісіне айналған.
Ал Солнечныйдағы «Шаңдақсор» жа­ға­жайындағы көрініс – керісінше. Бұл жақ­та көлденең жатқан көк шөпті көрмейсіз. «Эмблин» ЖШС-і директорының орынбасары Т. Қырықбаевтың айтуынша, штатта бекітілген төрт адам жағажайда күніне екі рет тазалық жүргізеді екен. Екі құтқару қайығы жұмыс істейді. Жағажайда электр сымы тартылған. Бейсауат машиналар кірмес үшін жан-жағына жыра қазылған. «Бізде демалушыларға барлық жағдай жасалған», – дейді Тарғын Бірлікұлы.
«Таяқтың екі ұшы бар» демекші, мәсе­леге сырт көзбен қарасақ, екібас­тұз­дық­тарды канал суына түсіп жатыр деп кінәлай беру де дұрыс емес секілді. Олар­дың да мүддесін ескеріп, қала шетінде жа­ға­жай салса, канал суын таза ұстауда өткір тұрған мәселе шешімін табар еді.
Ербол КӨБЕШОВ, жағажайда демалушы:
– Қала халқының осы каналдан су ішіп отырғаны бәрімізге аян. Суда шомылуға болмайтынын білмей­ді емес, білеміз. Бірақ еш жерде «Суға түсуге болмайды» деген белгі орна­тылмаған. Қазір ми қайнатқан ыстық қой. Суға түскіміз келеді. Қайда барамыз?! Тек Солнечныйдағы жағажайды атай көрмеңіз. Ол алыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста