Донорлық – бұл қайырымдылық

Донорлық – бұл қайырымдылық

Қан – тіршілік нәрі. Қан болмаса, жан болмайды. Яғни қан таусылса, организмнің тіршілігі тоқтайды. Ал донорлық – бұл қайырымдылық. Алайда біздің елде осы бір қайырымдылық түріне ынталы қауым көп болмай тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сәйкес, әр мың адамға шаққанда 50-55 донор болуы керек екен. Ал біздің елде бұл көрсеткіш 15-16 адамға дәл келеді. Осы мәселеге бейжай қарамаған «Бауыржан» қайырымдылық қоры 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында «Бүгін келіп қан тапсыр да, ертеңгі күнге үміт сыйла!» деген ұранмен «Бұл – сенің күнің, Донор!» атты акция ұйымдастырып отыр. Акцияның мақсаты – 1000 литр қан жинау.
Жыл сайын 81 миллионға жуық до­нор қан тапсырса, оның 39 пайызы жаңадан өркендеп, дамып келе жатқан мемлекеттер көрінеді.
Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда 750 мың донор болған. Яғни дүниежүзілік стандарт сақталған. Ал бүгінгі күні біздің елімізде 200 мың ғана донор бар екен. Бұл Кеңес дәуіріндегі көрсеткіштен шамамен төрт еседей аз.
Акцияны ұйымдастырушылардың бастаған шарасы құптарлық іс. Өйткені бүгінгі таңда аурудың түрі де, онымен ауыратын адамдар саны да көп. Ал кез келген ота жасау кезінде қан қажет. Оған қоса кейде аяқасты апатты жағдай орын алған сәтте науқастың туыстары қан іздеп шарқ ұратын кездер жиі болып жатады.
«Жаман айтпай, жақсы жоқ» демекші, Алматы қаласының сейсмикалық қауіпті аймақта орын тепкенін ескерер болсақ, қан қорының болуы – басты қажеттілік.
Республикалық қан орталығы күн сайын қала ауруханаларының хирургия, акушерлік, жарақат және гемотологиялық бөлімшелеріне арнап 80-100 литр қан өнімдерін жөнелтіп отырады екен.
Ал Алматы қаласының педиатрия және балалар хирургиясы институтында емделіп жат­қан науқас балаларға күнделікті қан құ­йылады. Яғни күнделікті қан қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйы­мы­ның Еуропалық аймақтық бюросының мә­лі­меті бойынша, жыл сайын жүктілік және бо­сану кезінде 500 мыңға жуық әйел өмір­мен қоштасады екен. Ал егер екі сағаттың ішін­де көмек көрсетілмесе, көп мөлшерде қан жоғалтқан денсаулығы жақсы әйелдің өзі ажал құшуы мүмкін. Демек, қауіпсіз қан­ға толық қол жеткізер болсақ, қаншама ана­ның өмірін сақтауға мүмкіндік туар еді.
Денсаулығы дұрыс кез келген адамның қан тапсыруына болады. Дәрігерлер «тіпті құр­сақ көтерген жас аналар да 12 аптаға де­йін қан беруіне болады және ол өз ке­зегінде жүктілік кезінде, не болмаса босану ке­зінде қажет болып жатса, сол әйелдің өзіне құйылады. Сөйтіп, ол өз өмірін өзі сақтандыра алады», – дейді.
Осы орайда дәрігерлер қан тапсыру арқылы тек өзгенің өмірін сақтап қалмай, өз өміріңізге де сақтық жасайтыныңызды және оның денсаулыққа пайдалы екенін айтады. Олай дейтіні – қан тапсырғанда адам бойындағы қан айналу процесі жақ­са­­рады екен. Мамандар, әсіресе, 40-тан асқан азаматтар қан өткізіп отыруы керек дей­ді. Өйткені осы жастан бастап қан қою­ла­нып, түрлі аурулардың пайда болуына ық­пал ететін көрінеді.
Біздің елде азаматтар 18-ге толғаннан бас­­тап донор бола алады.
Израильде волонтерлер 7-сынып оқу­шы­ларынан бастап семинар-кеңес өткізіп, донор болуға даярлайды. Және бұл елде 17-ге толған әр азаматтың донор болуға құқы бар.
«Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отырған «Бүгін келіп, қан тапсыр да, ертеңгі күнге үміт сыйла!» деген ұранмен, «Бұл – сенің күнің, Донор!» атты акциясы басталғалы Республикалық қан тапсыру орталығына жастардың сүйіп тыңдайтын – «Мистерионс» және «101» топтарының әншілері келіп, қан тапсырды.
Әрбір адам қан тапсыру орталығына келіп 450 мл қан тапсыру арқылы эстрада жұлдыздарының («Ринго», «Орда», «Меломэн», «Домино»топтары мен Диль­наз Ахмадиева, Сиви Махмуди, Ерболат, Алишер, Мадина Сәдуақасова) қаты­суы­мен өтетін концерттік бағдарламаның би­ле­тіне ие бола алады. Ең бастысы, қан тап­сы­ру арқылы өз өміріңізді сақтандырып, өз­генің өміріне араша болып, азаматтық па­рызыңызды өтейсіз.

Қанның қызметі
1. Асқорыту – қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және дәрумендерді тасымалдайды;
2. Бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
3. Тыныс алу – өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
4. Регуляторлық әртүрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
5. Қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы белоктар – антиденелер болады, олар ұлы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
6. Терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.

Қызықты дерек
Республикалық қан орталығында тұрақты қан тапсырушыларды арнайы марапаттау рәсімі өтіп, бағалы сыйлықтар мен Алғыс хат тапсырылып тұрады. Александр Скаковский 1971 – 2006 жылдар аралығында 730 рет тұрақты түрде апта сайын 0,5 немесе бір литр қан тапсырып, 35 жыл бойына 400 литр қан өткізген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста