Дизайн өнеріне мемлекеттік қолдау керек

Дизайн өнеріне мемлекеттік қолдау керек

Маргарита ӨМІРБЕКОВА, Алматы технология университеті дизайн кафедрасының доценті, филология ғылымының кандидаты, мәдениеттанушы:

– Маргарита Шаяхынқызы, кезінде дизайнерлік халқы­мыз­дың қанында болған сияқты. Ұлт­тық оюларымыз, ұлттық ерек­­шелігіміз жасалған қол бұйым­дардан айшықталып кө­рініп тұратын. Қазір көбінесе өз кәсіпкерлеріміз де шығарған өнімдерін шетелдік дизайнмен әрлейді. Әлде бізде ұлттық дизайнмен жұмыс істейтін маман тапшы ма?
– Дұрыс айтасыз. Мәселен, тауар­лар­дың сырт­қы бейнесіне қарап, қай өнімнің Жа­по­нияда, қандай тауардың Қытай мен Түр­­кияда, Германия мен Ресейде жасал­ғанын бір­ден аңғаруға болады. Ал бізде бұл әлі күнге дейін көшірме болып тұр. Өйткені мойындауымыз керек, шын мәнін­де, бізде әлі ұлттық дизайн соншалықты дамыған жоқ. Өнеркәсібіміз бен өндірісіміз енді да­мып келеді. Өнер мен өндіріс бірігіп жұмыс істемеген соң, дизайнерлер өз жұмыстарын көрсете алмай отыр. Егер біздің кәсіпкерлер өздерінің тауарларын безендіруге ұлттық нақыштағы дизайнға тапсырыс берсе, біздің дизайнерлер талай мықты дүние­лер­ді жасап шығарар еді. Өйткені қазақ елінің өз көне тарихы, мәдениеті, өзіндік дәстүрі мен өнері атадан балаға мирас бо­лып келеді. Ескіні жаңа заманға лайықтып жа­сап, мемлекеттің, қазақ елінің имиджін қа­лыптастыруға бо­лады. Тіпті әріден бас­тасақ, сақтардан бас­тап, түркілер бар, әр этникалық топтың өзі­нің көркемдік өнері, мүсіндері, көне ар­те­факті­лері қалыптасқан. Cақтардың «аң стилін» ежелгі көш­пен­ді­лер­дің тұрмыс-тір­шілігіндегі тотем ретінде қолданғанын ес­керген жөн. Өйткені қазіргі заманғы тауар­ларға көнеден қалған эле­мент­терді ен­гізсек, ол біздің тарихымыздан сыр шертіп, кім екендігімізді, қайдан шық­қан­дығымызды баяндап тұрар еді. Жаһан­дану кезінде кез келген дүниемізге ұлттық бояу, ұлттық реңк беру өте маңызды. Себе­бі, зәулім сарайларда, отандық өнім­дер­дің қо­раптарында ұлттық элементтер бай­­қал­са, ол кез келген қазаққа рух береді.
«Қазақстанда жасалған» дегеннен кейін, «олардың сыртқы безендірілуінде міндетті түрде ұлттық колорит болуы тиіс» дей­тін заң керек. Сонда кәсіпорындар өз­дері­нің өнімдерін ұлттық нақышта әспет­теуге тырысар еді.
– Қазақ жастарының дизайн сала­сы­на қызығушылығы қалай? Оларды дизайн өнеріне тарту үшін не істеу керек деп ойлайсыз?
–Қазір бізде біреу бір өлең айтса, бір­ден жұлдыз болып кетеді. Оны теле­ви­дениеде, газет-журналдарда жаппай жарнамалап жатамыз. Неге суретші, ди­зай­нерлерге сондай көңіл бөлмеске? Тіпті мемлекет дизайнерлерді ұмытып кеткен секілді. Бізге заңгер, экономист, филолог, ин­форматик мамандары керек те, ал ди­зай­нерлер керек емес тәрізді. Бұл саланың дамымай отыруының өзі осы салада оқи­тын қазақ жас­тарының аз­ды­ғынан болып отыр. Онымен қоса, дизайн саласында оқитын сту­дент­тер­ге мем­ле­кет­тік гранттар аз мөлшерде бөлінеді. Сту­дент­тер өз қа­ра­жатына оқып жа­тыр. Олар жылына 270 мың теңге тө­лей­ді. Міне, осы­лай­ша, Тәуел­сіздік алғанымызға 20 жыл болса да, дизайн өне­­ріне жіті көңіл бөлініп отыр­­ған жоқ. Білім минис­тр­лі­гі ди­зайн саласына мем­ле­кет­тік грант­тарды көптеп бөл­­се екен дейміз.
Өйткені елімізде ин­дус­трия­лық-ин­но­вациялық бағ­дар­ламаларға басымдық бе­ріліп, ірі кәсіпорындар ашы­­­лып жатыр. Ертең сол кә­сіп­­орын­ның логотипін жа­сау үшін, өнім қораптарын ұлттық на­қыш­та әспеттеу үшін ди­зай­нер ма­мандары ауадай қа­жет бо­лады. Бұл ретте қазақ­­тың қазақ екен­ді­гін көр­­сететін ди­зай­нерлердің ма­ңызы үлкен болмақ.
– Оқу орнында оқулық мәселесі қа­лай шешілген? Жалпы, дизайн саласы тө­ңірегінде қазақ­ша оқулықтар бар ма?
– Жоқ. Мен сізге айтайын, жалпы дизайн мамандығына арналған бірде-бір оқулық жоқ. Университет ұстаздарының өзі Білім министрлігінің стандартына сай оқу бағдарламасын өз күштерімен ізденіп шығаруда. Дизайн туралы оқулықтар, тіпті Ресейдің өзінде көп емес. Себебі кеңес кезінде бұған көп көңіл бөлінген жоқ. Бәріміз бір түрлі қаламсап, бір формамен жүрдік.
– ҚР Дизайнерлер одағымен байла­ныс­тарыңыз қалай?
–Ондағы мамандар, тіпті одақтың вице-президенті Қ. Мұратаев студенттерге дәріс беріп жүр. Бір өкініштісі, ондағы маман­дардың көбі студенттерге теориялық жа­ғынан сабақ бере алмайды. Бұл – мем­лекеттік деңгейде шешілуі тиіс мәселе. Егер тиісті министрлік дизайн саласына көңіл бөлсе, дизайн өнері төңірегінде ма­гис­тра­тура ашылса, PhD докторларын дайындап шығарсақ, қандай тамаша болар еді. Бізде қазір жылына 15-20 студент қана қолына диплом алып шығады, олар бүкіл Қазақ­станға жетпейді ғой.
– Мүмкін шетелден маман шақыр­тып немесе қазақ балаларын шетелге оқуға жіберуіміз керек шығар?
–Мен жастарды шетелде оқытудан аса қажеттілік көріп тұрғаным жоқ. Шетел­діктерге еліктей беруді қа­ла­маймын. Ал жапондықтардан үлгі алуға болады. Олар соңғы 40 жылда әлем ди­зай­нерлері қызы­ғу­шылық танытатын орта­лыққа айнал­ды. Еуропа мен Американың әлемге танымал дизайнерлері, суретшілері Жапонияның дәстүрлі этномәдениеті мен эстетикалық дүниетанымына қызы­ғу­шы­лық таныта бастады. Өйткені жапон ди­зай­нерлері өзде­рінің соңғы жетістіктерінде кө­не дәстүрлі этномәдениетінің үлгілерін – ғасырлар бойы қалыптасқан қол­өне­рін­дегі және бейнелеу, кескіндеме өнеріндегі түс­тердің гармониялық үйлесімділігін ұтымды қолдана білді.
Біз де сақтардың аң стилін, түріктердің көне тарихындағы үлгілерін, өзіміздің мә­дени мұраларымызды жаңғыртсақ, көп нәрседен ұтар едік. Оны жүзеге асыру үшін кез келген жас дизайнер қазақтың мә­де­ние­тін, тарихын, этнографиясын терең білуі қажет.
Бір сөзбен айтқанда, біз қазір бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға ұм­ты­лып отырған елміз. Қазақстан дү­ние­жү­зіне өзінің бет-бейнесін көрсетуі үшін, өзін бүкіл әлемге танытуы үшін оның өнімінің өзіндік бейнесі, ұлттық нақышы болуы тиіс. Сондықтан ұлттық дизайн өнеріне қа­зір­ден бастап мемлекет тарапынан үлкен қол­дау көрсетілгені жөн. Ұлттық дизайн ұлттық мәдениетпен ұштасқанда ғана әлем­ді таңғалдыра аламыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста