«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында студенттерге дәріс оқылды

Алматыда Орта-Азиялық техника-экономикалық колледжінде «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді. Терроризм идеологиясының қазіргі таңда өршуіне байланысты мемлекеттік қауіпсіздік жағдайы өте маңызды аспект болып тұр. Осы мәселелені ескере отырып, қоғам мен мемлекет кауіпсіздігі үшін діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың қазіргі мемлекеттік жүйесін жетілдірілу қажет.

Қазақстан Республикасында 2018-2022 жылдарға арналған діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудың мемлекеттік бағдарламасы жасалды.

Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында 16 қарашада Алматы қаласы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» Орта-Азиялық техника-экономикалық колледжінде іс-шара ұйымдастырды. Студенттердің талабы бойынша терроризмнің өзекті мәселелерін көтеріп, жастарды күдікті адамдар мен заттардан мұқият болуға шақырды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, философия ғылымдарының докторы – Борбасова Қарлығаш терроризм XXI ғасырда адамзаттың басына түскен ең қауіпті проблемасы екенін айтып кетті.

Әлемдік терроризм мәселесі «Әл-Каида» мен «Талибан» сынды болып адамзаттың тыныштығы мен тұрақтылығын бұзған ұйымдардың құрылуымен басталды. Қазіргі таңда әлемде 40-тан астам террористік ұйым бар. Ол ұйымдардың басын көбі мұсылмандық қауымдастықтарға жатады.

Терроризм мемлекетке шынайы, елеулі қауіп төндіреді. Айта кетсек террористер: кісі ұрлау, кепілге адам ұстау, ұшақ тонау, бомба жару, этноконфессиялық қақтығыстарда зорлық-зомбылық актілері, тікелей қауіп төндіру және оны іске асыру және басқа да қылмыстары байқалған. Сондықтан мемлекеттік деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде терроризм мен экстремизмді алдын алу мәселесі ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Жастардың санасын улайтын экстремизм де маңызды мәселе болып тұр, әсіресе 14-18 жас аралығындағы жас өспірімдер арбауға түсуде. Сонымен қатар жалған діни ағымдардың адам санасына деструктивті әсер беретінін Қарлығаш Молдағалиқызы атап өтті.

«Олар рухани тазалыққа алып бармайды, сондай ұйымдармен қарым-қатынас нәтижесі сіздің дүние-мүлкіңіз жалған ұстаздардың қалтасынан бірақ шығып, сізді жақындарыңыз бен туыстарыңыздан айыруға дейін барады» - деп лектор студенттердің назарын осы мәселеге бұрды. Қазақстандағы дәстүрлі исламның заңдарын толығырақ ашып, дін мен дәстүрдің сабақтасып жатқан тұстарын көрсетіп кетті.

Және дәріс барысында терроризмнің шығуы мен салдарын, онымен қалай күресу әдістері жайлы айтылды. Сонымен қатар діни сипаттағы материалдарды тарату мен терроризм жайлы жалған хабар үшін заң тарапынан жауапкершілік бар екені түсіндіріліп, тыңдаушылардың барлық қызықтырған сұрақтарына толық жауап берілді. Студенттерді көбіне оқу орнында хиджаб кию мәселесі, діни әдебиеттердің қоғамдық орындарда таратылу мәселелері қызықтырды.

Дәріс соңында іс-шара қатысушыларына «Дoрoгa зaблуждeний» және «Тeлeфoнный тeррoризм» сынды видеороликтер көрсетілді.

Алматы қаласы әкімдігінің 

Ішкі саясат басқармасының

«Мониторинг және талдау орталығы» баспасөз қызметі 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста