Дина Елгезек: "Шынайы жеңістің де эйфориясы сезілмейді"

Белгілі журналист Дина Елгезек парақшасында сайлауға қатысты өз ойымен бөлісті деп хабарлайды Alashainasy.kz .

"Қоғамда шын қуаныштың лебі жоқ. Желіде шат-шадыман нөпір эмоция жоқ.
Шынайы жеңістің де эйфориясы сезілмейді.
Күні кеше оппозицияны ғайбаттап, билікті “әйбаттаған” пропагандистердің көбі үнсіз.
Он жерден жаңа дәуірдің иісін сездірем деп әлекке түсіп, он жерден жаңа жүйенің имитациясын қолдан бұрқыратқанымен, өтіріктің энергиясы солғын келеді.
“Құтсыз дәуреннен” құтылғанын анық сезінсе, саясатқа жетік желідегі ағайын атойлатып “ақ түйенің қарнын” өзі жарар еді. Олай болмады.
Қоғам мен билік арасындағы келісім-шарт қайта үзілді.
Ойын тәртібін бірінші болып бұзған - таңдаусыз сайлау өткізіп, сайлаушының құқығын аяқасты еткен биліктің өзі.
“Сайлаудың әділ өтуі не береді?”деуі мүмкін.
Әділ сайлау - 30 жылғы қорлықтан азып-тозған қазақты депрессиядан құтқарар еді, ал билік өзі сеніп алған жалған иллюзиядан айығар еді.
Азаматтық құқы жаншылып келген әрбір азамат өзінің қоғамға керек екенін, оның ең аяулы құқығы сыйланатынын сезінер еді. Ал биліктің өз халқының алдында абыройы асқақ, сөзі өтімді, беті ашық болар еді.
Тек қана Назарбаевтың кландастары ғана емес, әрбір қазақ жақсы өмір сүруге, байқуатты болуға, ел қатарлы қызмет істеуге, ел игілігін бірге көруге жарамды екенін терең ұғынар еді.
Жаңа Қазақстанды бірге құруға, өзі аттай қалап алған Президентін демеуге, жеңісті күндерді бірге бағындырып, қиындықты бірге еңсеруге дайын болар еді.
Ит пен мысықтай ырылдасуды доғарып, адекватты, сау-салихалы қоғам қалыптастыруға атсалысар еді.
Оппозиция да, билік те өзара қарыс-қатынастарына “перезагрузка” жасар еді.
Автократия не демократия деген диллема арасындағы шартты таңдауға соңғы нүктесін қойып, мөрін басатын осы сайлау еді ғой.
Осы жолайрықта демократия жолын таңдаудан қаймықпағанда, кеше сайлауға барып өзім бірінші болып Тоқаевқа дауыс берер едім.
Кеше 2 млн алматылықтың 80 пайызы сайлауға қатыспапты.
Бұл - жайсыз соғылған кезекті қоңырау" деп кеше ғана өткен кезектен тыс Президент сайлауын сынға алған журналист сайлауға қатысты шынайы ойымен бөлісті. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста