Депутат Петропавл атауын өзгертуді ұсынғандарды "мәңгүрттер" деп атады

Депутат Петропавл атауын өзгертуді ұсынғандарды "мәңгүрттер" деп атады

Петропавл атауын өзгерткісі келетіндерді "мәңгүрттер" деп атаған қалалық мәслихат депутаты Павел Афанасьевтің басы дауға қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Петропавл қаласының мәслихат депутаты Павел Афанасьевтің телеграм-арнасындағы жазбасы желі қолданушыларына ұнай қойған жоқ. 

 

"Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар", - деп жазған депутат.

 

 

Афанасьевті осы жазбасы үшін айыптап жатқандар көп. Желі қолданушыларының бірі тіпті оны "депутаттықтан қуу керек" деп жазған.

 

Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін депутат халықаралық тақырыптағы белгісіз автордың бірнеше жазбасын бөліскен. Белгісіз автордың жазбасында "Украинадағы неонацизм қалай күшейгені" жазылып, 2014 жылғы Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс Ресей призмасымен суреттеледі. Жазбада украиналықтарды "нацик" деп атайды. Осы жазбаны қалалық депутат "өте қызықты ақпарат" деп телеграм-арнасына бөліскен.

 

Еске салсақ, бұдан бұрын Алматы қаласы мәслихатының VIII шақырылымындағы «Аманат» партиясынан сайланған депутаты Анна Башинская Украинаның Қырымды өз бақылауына қайтарғысы келетініне қатысты  екіұшты пікірі үшін сынға іліккен болатын.

 

Deutsche Welle Украина президенті Владимир Зеленскийдің жоспарлы қарсы шабуылды және аннексияланған Қырымды Украина бақылауына қайтаруды жариялаған сөзін жазған. Башинская жазбаның пікір білдіретін қатарына Зеленскийге Түркияға шабуыл жасауға кеңес берген.  Депутаттың шағын пікірі әлеуметтік желіде қызу пікір талас тудырды. Қазақстандықтар Башинскаяны Ресей мен Путиннің саясатын қолдады деп айыптады.

 

Көп ұзамай депутат өзінің мандатын тапсыратынын мәлім етті. Башинская тіпті партия қатарынан да шығарылды.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста