Депрессияға қарсы ұлттық бағдарлама керек

Қазір әлемде жүрек қан-тамырлары аурулары бірінші орында тұр. Ал мамандар «2020 жылы адамдардың депрессия дертіне шалдығу көрсеткіші дүниежүзі бойынша бірінші орынға шығады» деп даурығып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, қазіргі уақытта Жер планетасының әрбір бесінші тұрғыны психикасының бұзылуынан зардап шегеді.
Депрессия қазақтың сөзі емес. Десек те, қазір қазаққа тән ауру болып тұрған сы­ңа­йы бар. Біздің түсінігімізде ол – жанның күй­зелуі, қайғыға салыну, әлденеге қа­мы­ғу… Қазақстан «депрессияға ұшыра­ған» ел­дер арасында алдыңғы қатарда тұр де­седі. Ал осы жан күйзелісінің ең соңғы «нүк­тесі» – адамдардың өз-өзіне қол салып өлуі дең­гейі бойынша, соның ішінде жас­өс­пірім­дер­дің арасындағы суицидтің көп­тігінен, өкі­нішке қарай, көштің басында ке­ле жа­тыр­мыз. Бұлай кете берсек, қайда ба­рып тоқ­тарымыз белгісіз.
Әлқисса…
Жұмыр басты пенде болған соң, кеудең өртеніп, көкірегің шерге толатын, санамен сарғайып, жаның жаншылатын кездерің бо­лады. Мұртын тартқылап өсіріп жүрген жас баладан тарлан тартқан кәріге дейін қазір әлденеге өкпелі, іші құсаға толып, өзімен-өзі шөгіп жүреді де қояды. Олардың дені – бұйығып, өз сырын өзімен ғана бө­лісетіндер, ішіндегі жарасын жалғыз өзі жалап, жазуды қалайтындар. 
«Қазір әлемде адамдардың 10 пайызы пси­хикалық аурулармен ауырады, оның саны он жылдан кейін 15 пайызға жетеді» дейді мамандар. Қазақстанда тұрғын­дардың 10,8 пайызы жан күйзелісіне ұшы­раған. 16 млн халқы бар Қазақстан үшін бұл аз емес. 
Психологтер депрессияның бетін қайта­ру­дың екі жолы бар дейді, олар — психо­те­рапия және дәрі-дәрмек арқылы емдеу тә­сіл­дері. Алайда депрессия дертіне күй­ген­дердің жартысынан астамы еміне дәру із­де­мейді екен. Елімізде психологтер инс­ти­туты белсенді дамып келе жатса да, жағ­дай – осы.  Психологке барып шерін тар­қат­қы­с­ы келетіндердің қарасы аз. Тіпті кейде бас дә­рігерлердің өздері «екі қолын алдына са­лып бос отырған психологтерге жұмыс тауып бере алмай, қиналатын жағдайлар да болады» деседі. Себебі…
Рауза КУБАЕВА, Ақтөбе облыстық психоневрологиялық диспансердің бас дәрігері, психиатр:
— Жаны ауырса, жан баласына жола­май, өз-өзімен оңаша қалуды әдетке ай­нал­­ды­ратындар көп. Себебі жанының ауруын адамдар көп ретте медициналық мәселе ретінде қарамайды. «Бір-екі күннен кейін өтіп кетер» дейді де жүре береді. Бір-екі күн емес, бір-екі аптадан кейін өтпесе, бұл – физиологиялық се­бебі бар ауру деген сөз. Әрине, адамды осындай күйге түсірген жағдайлар дұрысталып, тірлік өз арнасына түссе де, нау­қастың депрессиядан өздігінен шы­ғуы екіталай. Оған медициналық көмек қа­жет. Өкінішке қарай, адамдар өз­дігінен психиатрдың есігін қаға бер­мей­ді. Не сенбейді, не ұялады. Жан күй­зе­лі­сін басқамен бөлісуге көбінің дәті бара бер­мейді. Біздің менталитетіміз де сон­дай — «бас жарылса, бөрік ішінде», үйдегі жағдайды, басымыздағы жағ­дайды сыртқа шығара бермейміз. Екін­шіден, ешбір адам медициналық кар­тасына психиатрға барғаны жөнінде жаз­ба түсіргісі келмейді, ол туралы жұмыс берушінің білмегенін қалайды. Сол себепті де көбі «жолым болмады», «жолымды ашып береді» деген сеніммен бақсы-балгерлерге баруды жөн са­найды.

Соңғы 20 жылда әлемде неврозға шал­дық­қандар саны 40 есе өсіп кеткен. Шизо­френияның өзі 50 миллион адамды «қақпанға» түсірген деседі. Басқа елдер бұл жағдайды медициналық, әлеуметтік, тіпті ұлттық деңгейдегі мәселе етіп көтеріп, қомақты қаржы бөліп, шешуге кірі­сіп кетті. Біздің елімізде ара-тұра ғылы­ми конференциялар, дәрігерлердің басқо­суы өткізіліп тұрады, бірақ басқа қам жоқтың қасы. Елімізде психикалық ауыт­қу­шылықтары бар 300 мыңға жуық адам тіркелген. Олардың төрттен бірі 29 жасқа дейінгілер болса, жартысына жуығы 40 жасқа дейінгілер.
Бұл кісілерге заң бойынша ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Мамандар бұрынғы уақытта еліміздегі заңдылықтар бойынша психикалық ауруы бар адам­дар­ға арнайы жатақханалар берілгендігін айтады. 2000 жылдары бұл заңдылық мүлде күшін жойған.
Біздің елімізде халықтың психикалық денсаулығына қатысты ешқандай мони­торинг жүргізілмейді. Ал есепке психи­ка­лық аурудың ауыр түрімен ауыратындар ғана тұрады. Мұндай адамдарға дәрі­герлік-әлеуметтік көмек қана көрсетіледі, ары кетсе, жүйке жүйесі ауруханаларында жатып емделеді. Аралық ем мүлде жоқ дегенді айтады сарапшылар.
Психикалық аурудың ең көп тараған түрі — депрессияға ел тұрғындарының 30 пайызы шалдыққан. Депрессияның себебі көп, салдары одан асып түседі. Салда­ры­ның ең қорқыныштысы — адамның өзіне-өзі қол салуы.
Мамандардың айтуынша, 2020 жылы суицидке баратын адамдар саны бір жарым есеге өседі деп жоспарланса, ал жыл сайын өзіне-өзі қол салып өлетін мил­лион адамның 12 мыңын – Қазақстанның тұрғындары құрамақ. Ол межеге біз қазір­дің өзінде жақындап қалғандаймыз. Қазіргі көрсеткіш – 8 мың.
Ізбасқан АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР еңбегі сіңген дәрігер:
– Қазір Қазақстан суицидтің көптігі жөнінен әлем бойынша үшінші орында тұр. Ал балалар арасындағы өз-өзіне қол салу деректерінің көптігі жөнінен ТМД елдері арасында бірінші орында тұрмыз. Былтыр Ақтөбе облысында жеті бала өз-өзіне қол салып, дүниеден озды. Бұл – нағыз дабыл қағатын мәсе­ле. Қоғамда суицидке тек ақыл-есі дұрыс емес адамдар барады деген пікір қалыптаспауы керек. Себебі статистика бойынша өз-өзіне қол салып, дүниеден озатындардың 15-20 пайызы ғана психикалық аурулар болып есептеледі. Қалғаны – дені сап-сау адамдар. Яғни суицидке баратындардың дені депрес­сия дертінен дер кезінде шыға алма­ған­дар.

Мамандар балалар арасында бұл дерттің көбеюін ұлттық мәселе деңгейіне дейін көтеріп, ұлттық қауіпсіздік саяса­ты­ның маңызды бір бағыты ретінде қарастыру қажеттігін айтады. Мәжілістің пленарлық отырыстарының бірінде Парламент депутаты Дариға Назарбаева осы жөніндегі мәселені төтесінен қойған болатын. «Соң­ғы он жылда елімізде жастар арасында өзін-өзі өлтіру үш есе өскен. Жыл сайын 15-19 жастағы әрбір үшінші жасөспірім өзіне-өзі қол салуға әрекет етеді екен. Осы топтағы суицидтің көптігінен Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр», — деген-ді. Оның келтірген деректеріне қара­ғанда, біздің еліміз Литва мен Солтүстік Кореяның өкшесін басып келеді.
Бала мәселесімен бір емес, бірнеше министрлік айналысады. Білім және ғылым министрлігімен бірге Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі... Мектепте осылардың барлығының өкілдері бар — мұғалімдермен иық тіресе әлеуметтік мұға­лімдер, мектеп психологы, инспек­тор­лар балалардың қасында жүреді. Барлық облыста балалардың құқығын қорғау депар­­та­менттері жұмыс істейді. Соның өзінде жасөспірімдер арасындағы деструк­тив­ті көңіл күйді болдырмау жөніндегі бір­ың­ғай ұлттық бағдарлама жоқ. Әр­қай­сы­сы өз бетімен әрекет етеді. Осы ведом­с­тво­лар бірі­гіп, кешенді бағдарлама әзірлемейінше, үлкендер депрессияға түсіп, жөнімен кеткен­де балаларымыз шетінен өз-өзіне қол салып, өле бермесіне кім кепіл?..

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста