"Денсаулыққа өте пайдалы": күбі пісу ұмытылып барады

"Денсаулыққа өте пайдалы": күбі пісу ұмытылып барады

Қазақтың ақтан жасалатын ұлттық тағамының біразы күбіден алынады. Күбі пісу – ұлттық дәстүріміздің бірі.

Күбі – қымыз пісіп, май алатын ыдыс. Ол қатты ағаш - жидеден жасалады. Тек жиде ағашы емес, ықылым заманда ата-бабамыз қасиетті деп санаған ағаш түрлерінен де жасаған. Тек қатты болса болғаны. Ал жұмсақ ағаштан жасалған күбі көпке шыдамайды. Күбі жасалатын ағаш бірнеше ай, тіпті жылдап кептіріледі. Сосын малдың майымен майланады. Өйткені майланған ағашқа сұйықтық сіңбейді.

Бабадан қалған дәстүрге селкеу түсірмей, күні бүгінге дейін сақтап келе жатқан күбіші - Жанат Мұхтар.


"Күбі – қасиетті ыдыс. Бұл ыдыстан алынған тағамның дәмі өте ерекше болады. Күбі пісудің де өз ережесі болады. Оны қалай болса солай шайқай беруге болмайды, бабы болады", - дейді Жанат әжей.

Ең бірінше ұйытылған қатықты күбіге құяды. Оның температурасы жылы да, қатты суық та болмауы керек. Күбі піскенде қатықтан май түсе бастайды. Әрине, бірден түсе қоймайды, май күбі біраз уақыт бабымен пісілгенде ғана түседі.


"Қазіргі күні күбі пісетіндер жоқтың қасы. Бәрі ток аппаратпен май кілегей ала салады. Әрине күбі пісу де еңбекті қажет етеді. Бір шеті денсаулыққа өте пайдалы. Әсіресе қолға, иыққа жақсы. Қолдың бұлшық еттерін қатайтады. Негізі, қазақтың кез келген салт пен дәстүрі адамның денсаулығына пайдасы өте зор. Қай-қайсысына да қарап отырып, біздің ата-бабамыз жоғарғы білім алмай-ақ, ғылыммен айналыспай-ақ соның бәрін білгені, жүзеге асырғаны таңғалдырады, - дейді Жанат Мұхтар.


Күбі ұзақ уақыт пайдаланылмаса қаңсып қалады. Бұрындары күбісі қаңсып қалғанды жаман ырымға балаған.

sputnik.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста