Дәрігерлердің кінәсін дәлелдеу қиын шаруа...

Дәрігерлердің кінәсін дәлелдеу қиын шаруа...

Соңғы әлетте дәрігерлердің қатесінен болған өлім жітімге байланысты дау дамай өршіп тұр. Бұрын да аз емес еді, енді тіпті бой берер емес. Көбіне дәрігерлердің қатесінен науқасы асқынып, қол, аяғынан айырылып, тіпті ажал құшып жатқандар да бар. Мұндай жағдай орын алғанда көбіне науқас өз құқығын қорғай алмай пұшайман болып жатады. Дәрігердің кінәсін мойнына қойып, дәлелдеп беру де қиын.
Дәрігерлер де өз кезегінде науқастардың ауруы әбден асқынғанда келетінін айтып ақталуда. Қай жағынан алып қарағанда да дәрігерлердің кінәсіне келгенде таразы басы ауыр тартып кете береді. Мүмкін ақ халаттылардың өз қателігіне сай қылмыстық жауапкершілікті де қатаңдату керек шығар? Медицина мамандарының да, науқастардың да құқығын қорғайтын бөлек заң әзірге жоқ. Дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартатын заң ҚР қылмыстық кодексінде қарастырылған. Алайда талай жыл осы салада тер төгіп жүрген мамандар арнайы заңның қабылданғанын қалайды. Әрі дәрігерлердің де құқығы аяққа тапталмауы назардан тыс қалмаса екен дейді. Ол үшін «Медицина мамандарының кәсіби жауапкершілігі» туралы және «Пациенттердің құқығын қорғау» туралы заң әлбетте керек деп санайды... АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мәліметі бойынша жыл сайын ауруханаларда медициналық қателіктің салдарынан 44 мыңнан 98 мың адамға дейін көз жұмады екен. Оның басты себептеріне дұрыс диагноз қоймау мен дәрілерді шектен тыс асырып жіберу жатады екен. ТМД елдерінде мұндай статистика жүргізілмейді. Дәрігерлерге адам өлу үшін емес көмекке мұқтаж болып келеді. Егер заң қолданысқа енгізілсе екі жақтың да құқығы қорғалар еді. Медицина мамандарының кәсіби ісін сараптау құқықтық жағынан өте төмен қарастырылған. Бұрыннан келе жатқан емдеу тәсілі қолданылса да сот сараптама қызметі көптеген қиындықтарға душар болады. Дәрігердің қателігі немесе бақытсыздық жағдайынан болғанын анықтау мүлдем қиын. Ал, жаңа әрі қауіпті методпен емдеу ісі құқықтық жағынан қаралмаған. Әлемдік қауымдастықтың мойындайтынындайы да бар медициналық көмек көрсету саласындағы келеңсіздіктерді қатаң жазалауды бірінші орынға шығару керек. АҚШ, Швеция, Испания, Голландия, Қытай, Жапония сынды елдерде медицина қызметкерлерінің жауапкершілігіне заң жағынан қатаң қарайды. Ресейде науқастың өміріне зиян келтіргені үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырып, аурухананың айналасына жолай алмайтындай етіп аластап жібереді. Ал науқасты арғы дүниеге аттандырып жіберген жағдайда 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қылмыстық заңнаманы салыстыра қарағанда Қазақстан мен Ресейдің заңдары ұқсас келеді. Медицина қызметкерлерін жауапкершілікке тарту ҚР Қылмыстық кодексінде қарастырылған. Өз қызметіне салғырт қарау бойынша ҚР ҚК 114 бабы бар. «Азаматтардың конституциялық құқығына нұқсан келтіру» бойынша 144 бап, «Дәрігерлік құпияны жария ету» бабының 2 бөлімінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексі бойынша медицина мамандарына Абайламай өлтіріп алу бойынша 101 бап, науқастың органдары мен тканьдерін заңсыз алу 113 бап, (ВИЧ/СПИД) дертін әдейі жұқтыру бойынша 116 бап, заңсыз аборт жасау 117 бап, науқасқа көмек көрсетпеу бойынша 118 бап, психо-неврологиялық стационарға күштеп жатқызу бойынша 127 бап, адамдарды сату 128 бап, сәбилерді ауыстырып қою бойынша 134 бап, баланы асырап алуды жария еткені үшін 135 бап, есірткі заттарын психотропты заттарды жасағаны, сақтағаны үшін 259-260 баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ресейлік ғалым В.Новоселов дәрігерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуда сот және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің медициналық білімінің болмауы көп кедергісін келтіретінін айтады. Емдеуде, ота жасау кезінде кеткен кемшілікті мойнына дәлелдеп қиып салу да оңайға соқпайды. Дәрігерлерге айып тағу көбіне науқастың, туыстарының арызы себеп болады. Көбіне қылмыстық жауапкершілікке хирургтар, акушер гинеколог, терапевт, педиатр, стаматологтар, жедел жәрдем қызметкерлері мен фармацевтер тартылады екен. Осы орайда мамандар «Елімізде пациенттердің құқығын қорғайтын заң қабылдануы тиіс. Осылайша денсаулық сақтау саласын жайлап кеткен жемқорлықтан құтылуға болады. Пациенттің құқы қорғалмаған. Осы уақытқа дейін дәрігерлерге қарсы қозғалған сот отырысында бірде бір науқас өз құқын қорғай алған жоқ. Денсаулыққа жауапты министр балаларға салынған әр екпені қатаң қадағалап отыруы тиіс. Қытайда балалардың құрғақ сүттің құрамындағы меламиннен жаппай улануынан кейін министр мен қол астындағыларды ату жазасына кескені белгілі. Бізде пациенттер дәрігерлерді жазаламақ түгілі өз құқығын қорғай алмайды. Осы жылдың аяғына дейін осы заң жобасы парламенттік тыңдаудан өтеді деген үмітіміз бар» дейді. Осыдан кейін медицина саласындағы қызмет көрсету деңгейі өседі ме деген үміт бар. Көпке топырақ шашуға болмас. Ақ халаттылардың арасында бір қарын майдың обалына қалып жүргендер де жетерлік. Атаулы арнайы заң қолданысқа енгізілсе медицина қызметкерлерінің өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби міндеті артады ма деген үміт қой біздікі... Бүгінде ауруханаға жату үшін код алу керек деп алынбас асу етіп қойды ғой. Кодқа қолы жеткенше науқас не жазылып кетеді, не өліп тынады. Осындайда ауруханаға жатқызуды кәдімгі базардағыдай саудаға айналдырып жүргендер де баршылық. Бұл жүгі ауыр бөлек тақырып...
Заң және жаза
Заңсыз әрекетке барғандарды қай елде болмасын басынан сипамайды. Американың Флорида штатында абортқа қарсы қозғалыстың мүшесі Пол Хилл 1994 жылы аборт жасауды үйреніп жүрген дәрігерді өлтірген. Осылайша оның өзі ату жазасына кесілді. Жапонияда қылмыстық заңының 29 бабы бойынша операция кезінде дене жарақатын салған не болмаса өлімге себепкер болған дәрігер қатаң жауапқа тартылады. Испанияның қылмыстық кодексінің 144,146 баптары бойынша адам өліміне себепкер болған жағдайда 4 тен 8 жылға дейін сотталады.
Гүлбану
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста