Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ның жаңа иелері туралы: "Олар одан да жаман".

Даниал Ахметов Риддердегі ЖЭО-ның жаңа иелері туралы: "Олар одан да жаман".

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов биыл қыркүйекте Риддердегі ЖЭО жұмысы қалыпқа келтірілетініне уәде берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақ басшысы жергілікті журналистермен кездесуде айтты. Даниал Ахметов жылу орталығы жаңа қожайындарының іс-әрекетінде нақты не қанағаттандырмағанына да жауап берді.

 

"Бұл компанияның қарызы 3,3 миллиард теңге. Олар жарық үшін де, зауыт үшін де, мазут үшін де төлемейді, жұмысшыларға жалақы бермейді - олар мүлдем ештеңе жасамайды. ЖЭО-ның бұрынғы иелері де төлемеген. Біз қазіргілердің ар-ұжданы болар деп күттік, бірақ олар да сондай, тіпті одан да жаман", - деді Даниал Ахметов.

 

Бүгінде жылу электр орталығына көмір жеткізуді Өскеменнің жылу желілері жүзеге асырады, олар мазутпен де қамтамасыз етеді. Қаланы жылумен қамту үшін алдын ала төлем жасалған.

 

"Сотқа 2,7 миллиард теңгеге талап-арыз бердік. Заң талабына сай шараларды жалғастырамыз. Бар берешек есебінен ЖЭО мүлкіне тыйым салынды, ол коммуналдық меншікке өтеді. Қыркүйектің ортасына қарай станцияны қалыпты жағдайға келтіретінімізге сенімдімін", - деді Даниал Ахметов.

 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта кәсіпорынға басшылар мен инженерлік кадрлар іріктеліп жатыр. Ахметовтың айтуынша, билік ЖЭО-ны басқаруды өз қолына алған, оның үстіне жылу орталығы көмірмен және мазутпен қамтамасыз етілген, жылу үшін аванстық төлем бар, ақпан бойынша қызметкерлерге жалақы қарызы жабылған.

 

Аймақ басшысы жағдайды шынайы бағалайтынын және жаңа жылу беру маусымының басталуына аз ғана уақыт қалғанын түсінетінін, сондықтан ЖЭО-ны жөндеу үшін қауырт жұмыс істеуге тура келетінін атап өтті.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста