"Былтырдан бері жезөкшелікті қойдым". Хиджап киген Амилай ораза ұстағанын айтты
Көпшілікке Амилай есімімен танылған жігіт дін жолына бет бұрды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Атышулы трансгендер Амилай Баймұратова орамал тартып, тікелей эфирге шықты. Желі қолданушыларының ашуына тиген ол биыл ораза ұстағанын айтты.
Желі арқылы көпшілікке танылған Амилай әлемеуттік желіде тікелей эфир арқылы сұхбат берді. Бұған дейін түрлі әрекеттерімен қоғамның талқылауынан түспей жүрген транс ораза туралы айтты. "Дінге бет бұрғансың ба?" деген көпшіліктің сауалына да жауап берді.
15 жасымнан бастап үш жыл ораза ұстадым. Кейін колледжге түстім. Оқу бітірген соң транс болып, жезөкшеге айналдым. Айтпақшы, жақында жезөкшелікті қойғаныма туралы бір жыл толады, —деді Амилай тікелей эфирде.
Желі қолданушылары Амилайдың бұл әрекетіне түрлі пікірлерін білдіргенімен, эфирді көріп отырғандардың бір легі оның жақсы істері туралы жазған.
Біреулер "Амилай кезінде токқа түсіп қалған жігіттің еміне 500 мың теңге жинап берді", "Дінге бет бұрғаның дұрыс болды", "Ораза бүгіннен бастап ұстай бер" десе, енді бір легі "Орамалды қорлама", "Енді дінге келдің бе?", "Әкең қандай күйде екен?" деген сыңайда пікір жазған.
Экспресс К бұған дейін трансгендер Амилай туралы бірнеше рет материал жариялады. Ол әлеуметтік желі арқылы түрлі жазбалар жариялап, үнемі сын талқысынан түспей келеді. Соңғы мәлімемелерінің бірінде ол қыз болып ата-анасының қолынан ұзатылғысы келетінін айтқан.