Бурабай ауасы жоғары деңгейде ластанған өңірлер тізіміне кірді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың екінші тоқсанындағы қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпарат бюллетенін жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«2023 жылғы 2-тоқсанда 69 елді мекеннің ішінен 18 елді мекен атмосфералық ауаның төмен ластану деңгейіне, 23 елді мекен көтеріңкі ластану деңгейіне, 23 елді мекен жоғары ластану деңгейіне, 5 елді мекен өте жоғары ластану деңгейіне жатқызылды», - деп жазылған ақпарат бюллетенінде.

 

Нақтырақ айтсақ, ластанудың өте жоғары деңгейі Қарағанды, Алматы, Астана, Абай қалалары мен Бурабай кентінде тіркелген.

 

Ал. ластанудың жоғары деңгейіне 23 елді мекен: Өскемен, Ақтөбе, Шымкент, Орал, Тараз, Талдықорған, Петропавл, Теміртау, Жезқазған, Ақтау, Қандыағаш, Хромтау, Сәтбаев, Рудный, Арқалық, Құлсары, Лисаковск, Түркістан, Талғар, қалалары, Мақат, Индербор кенттері, Кеңкияқ, Жаңбай ауылдары жатқызылып отыр.

 

Көтеріңкі деңгейдегі ластану Атырау, Балқаш, Семей, Павлодар, Риддер, Аягөз, Ақсай, Көкшетау, Степногорск, Жаңатас, Жаркент, Қостанай, Жітіқара, Саран, Шемонаиха, Жаңаөзен қалалары мен Сазтөбе, Әуәзов, Қарабалық, Шұбаршы кенттерінде, Бейнеу, Қызылсай, Ганюшкино ауылдарында тіркелген. Ластанудың төмен деңгейі Атбасар, Щучинск, Алтай, Ақсу, Шу, Кентау, Қаратау, Қызылорда, Арал, Екібастұз қалаларында, Глубокое, Ақсу, Төретам, Әйтеке би кенттерінде, Қордай, Бөрлі, Ақай, Шиелі ауылдарында байқалған.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста