Бүгінгі мектептің түлегі – ертеңгі қоғамның жүрегі

Бүгінгі мектептің түлегі – ертеңгі қоғамның жүрегі

25 мамыр күні Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы № 56 гимназия­да соңғы қоңырау салта­наты өтті. Мектеп түлектерін түлетіп, шә­кірт­­тері­мен қимай қоштасқан алтын ұяның ұстаздары мен оқушылары биылғы мектеп бітірушілер ерекше дарын­ды, аса білімді, ұйымшыл екендіктерін айтады.
Бұл күн мектеп оқушылары үшін ең маңызды, ең шуақты күндердің бірі екені анық. Әсіресе 11-сыныпты бітіріп, үлкен өмір­ге аяқ басқалы отырған мектеп түлек­тері үшін ең толғандыратын сәт. Гимназия ұжымы бұл жылы ерекше концерттік бағдарламалар дайындап, қалалық білім басқармасы мен аудандық әкімдік өкілдерін құрметті қонақ етіп шақырып, өз жетістіктерімен бөлісті. 82 түлекті түлетіп отырған бұл гимназияның енді аяқталған оқу жылында жеткен жетістіктері де шексіз екен. Алты бірдей «Алтын белгіден» үміткері мен үш үздік түлегі бар оқу ордасының білім және ғылым министрінің, Алматы қаласы әкімінің қолынан алған марапат қағаздарының санында шек жоқ. Оқушылардың аудандық, қалалық және халықаралық жарыстардан алған жүлделері де жетерлік. Салтанатты жиы­н­ды өз өнерлерімен гүлдендірген төменгі сынып оқушылары ұстаздарына құшақ-құшақ гүл шоқтарын, мектеп бітірген аға-әпкелеріне жыр жолдарын сыйлады. Мектеп басшысы өз кезегінде ақ батасын беріп, ҰБТ-да жоғары балл жинауға тілектестігін білдірді.

Гүлзада Шәкірова, Қ.И.Сәтбаев атындағы №56 гимназияның директоры:
– 25 мамыр – тек соңғы қоңырау соғылатын оқу жылының соңғы күні емес, атаулы мереке. Әрбір ұстаз, әрбір ата-ана дәл осы күн балалардың өміріне жол ашар, жарқын болашаққа жөн сілтер қақпа іспетті ашылуына тілектес болуы тиіс. Әсіресе мектеп бітіруші түлектерге деген үмітіміз мол. Себебі бүгінгі мектептің түлегі – ертеңгі қоғамның жүрегі, білімді, зиялы қоғамның қазығы.

Гимназияда өткен соңғы қоңырау сал­танатының өзгелерден ерекшелігі де түлек­терге деген ерекше құрметінде бол­ды. Әртүрлі ұлттың киімін киіп, қазақтың биін билеген бүлдіршін қыздардың ара­сынан гимнастикалық күрделі трюктерді паш еткендері де табылып жатты. Бірі өлең жолдарын оқып, бірі ән айтқан мектеп оқушылары салтанатты шараны тамаша­лауға барған ата-аналар мен қонақтарды дарынымен тәнті етті.
Әділжан Мұшрапилов, Медеу аудандық әкімдігінің жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы:
– Халқымыз «елдің болашағы жастардың қолында» деп бекерге айтпайды. Біз расымен-ақ өскелең ұрпақтың сана-сезіміне, біліміне және заманауи талаптарға сай жан-жақты біліктілігіне қарап, елдің болашағы үшін аса бір алаңдаушылық таныта бермейміз. Себебі қазіргі заманның жастары мектеп қабырғасынан-ақ өмірге деген өз көзқарасы, пайымы, айтары бар тұлға ретінде қалыптасып шығады және бұл бізді қатты қуантады. Сол үшін де мектеп түлектері өздері оқыған мектептерін әрдайым ұмытпай, ұстаздарының еңбегін ақтап, елімізге жемісін жегізсе дейміз. Қазақстанның ертеңі, ұлттың болашағы кешегі оқушы, бүгінгі түлек, ертеңгі зиялы тұлғаның қолында.

Мектеп ұжымын атаулы күнмен құттық­тау үшін келген қадірлі қонақтар тек тілек­терін айтып, құттықтап қана қоймай, ақ баталарын да берді. Ал мектеп бітірушілер өз кезегінде 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздары мен мектеп басшы­ларына алғыстарын айтып, көздеріне жас ала қоштасты. Әсіресе гимназия директоры Гүлзада Дүйсебайқызына арнап өздері жазған өлең шумақтарын оқыған сәтте жүздеген оқушы бір адамдай тыңдап, ерекше әсерге бөленді. Алматы қалалық білім басқармасынан барған мамандар да №56 гимназияның түлектеріне зор үмітпен қарайтындықтарын жасырмады. Қала бойынша ең жоғарғы көрсеткіші бар оқу ордаларының бірі де бірегейі болуға ұмтылған ұжым биыл да тек «100» балдан төмен алмаймыз деп отыр.
Қарлығаш Әбдіманапова, Алматы қалалық білім басқармасының бас маманы:
– Алты бірдей «Алтын белгіден» үміткері бар, кілең бестікпен оқитын білімді де ұшқыр ойлы түлектерін түлетіп отырған № 56 гимназияға артар үмітіміз, расында да, өте зор. Жастардың ҰБТ-да жоғары балл алуы тек оқушының немесе ата-ана мен мектеп ұжымының мәртебесі емес, бұл – Білім басқармасының, әкімдік­тің, қаланың, бүкіл мемлекеттің мәр­те­бесі. Сондықтан кез келген түлектің 125 балдан төмен алмауына тілектеспіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста