Бүгін дүниежүзі бойынша балалар кітабының күні аталып өтуде.

Бүгін дүниежүзі бойынша балалар кітабының күні аталып өтуде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасының тікелей тапсырмасымен еліміздегі суқоймалар мен бөгендердің, басқа да су нысандарының бүгінгі жай-күйін шұғыл тексерістен өткізу жұмыстары басталып кетті. Осыған орай, Алматы облысындағы жүргізілген алғашқы тексерістердің нәтижелері бойынша, бұл салада кезек күттірмейтін әрі жедел қолға алынуға тиіс мәселелердің аз емес екені анықталды.

Ең алдымен, осы өңірдегі су тасқыны болуы ықтимал делінетін су нысандарын тексеру және қауіпті нүктелерді анықтау мақсатында әрбір ауданда комиссия құрылып, іске кірісті. Осыған дейін тиісті мемлекеттік құзырлы мекемелердің назарынан тыс қалып келген жасанды суқоймалардың табиғи қауіптілік туғызатын ықтималдығы қаншалықты дәрежеде екендігі туралы алғашқы мәліметтер сараптаудан өткізілді.

Мәселен, Ескелді ауданындағы ұзындығы – 96 метр, биіктігі – 18 метр, сыйымдылығы 2,5 млн текше метрлік «Ақ ешкі» суқоймасының төменгі бөлігінің 24 метрдей ернеуін су шайып кету қаупі бар екені анықталып, сақтық шаралары жасалды. Одан секундына 8 текше метр су сыртқа ағызылуда.

Еңбекшіқазақ ауданындағы сыйымдылығы 320 млн текше метрлік Бартоғай суқоймасында қазіргі уақытта 279,2 млн текше метр су жинақталған. Еріген қар суы оған да толассыз құйылуда. Осы себепті су тасқынын болдырмау мақсатында Шелек өзеніне секундына – 25 текше метр, Үлкен Алматы каналына секундына 10 текше метр су үздіксіз жіберілуде.

Суқоймалар тұрақты бақылауда болғанымен, төмендегі өзендердің жағдайы аумалы-төкпелі күйде қалып тұр. Биылғы қалың түскен қар, оған қоса таудағы мұздақтар күрт еріп, Есік, Шелек, Түрген, Бесағаш сияқты төрт өзеннің арнасындағы судың шамадан тыс көбеюіне әсерін тигізуде. Сол себепті осы өзендердің жағалауындағы Масақ, Сарыбұлақ, Ақтоған елді мекендерінде жерасты сулары көтеріле бастады. Осыған байланысты өзен жағалауларын күшейту, бекіту амалдары қолға алынуда. Әсіресе арыны қатты, суы мол Іле өзенінің бойындағы қауіп-қатерлі жерлерді анықтап, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алайда өзендердегі судың нақты мөлшерін анықтау, өлшеу шараларын ұйымдастыру олардағы жинақталған мұзға байланысты мүмкін болмай отыр. Байынқол, Текес, Қарқара өзендерін жартылай мұз басып жатыр. Шелек өзенінің кейбір бөліктерінде де (Алғабас, Саты ауылдарының маңында) жартылай мұз бар. Ал Кеген өзені мен Көлсай көлі – толық мұз құрсауында.

Алматы облыстық бас мемлекеттік экология инспекторы Е.Қойшыбаевтың берген мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні техникалық жағдайы мүлде сын көтермейтін су нысандарының да бар екендігі белгілі болып отыр.

Талғар ауданындағы сыйымдылығы 4,26 млн текше метрлік «Саз-Талғар №2» суқоймасының артық су жіберетін ажыратқыш қақпағындағы көтергіш жартылай істен шыққан. 4,2 млн шаршы метрлік «Саз-Талғар №5» суқоймасының ажыратқышы да осындай күйде. Егер де (бетін аулақ қылсын деңіз) қарғын судың екпіні қатты болса, оның да салдары оңай соқпайтыны кәдік.

Ұйғыр ауданындағы Сүмбе өзені бойындағы 1985 жылы іске қосылған суқойманың батыс бөлігінің табанына шұғыл түрде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі анықталды. Сарыбұлақ суқоймасының да (1989 жылы  салынған) сол жақ жағалауындағы бетон плиталары мүжілген.

Қарасай ауданындағы сыйымдылығы 4,1 млн текше метрлік «К-28» суқоймасының жоғарғы жағында қосымша ішкіаралық «Створ» суқоймасы орналасқан. Көлемі 1,62 млн текше метрлік бұл суқойма бүгінгі күні ернеуіне дейін толып, артылған су апаттық құрылғыдан ағып тұр.

Іле ауданындағы 5 млн текше метрлік «К-3» суқоймасындағы артық суды жіберетін 4 тиек ағытқыштың екеуі істен шыққан. Қаскелең, Шамалған өзендері келіп құятын сыйымдылығы 3,3 млн текше метрлік «К-32» суқоймасындағы екі тиек ағытқыштың біреуі, ал 1,75 млн текше метрлік «Ащыбұлақ» суқоймасындағы 4 тиек ағытқыштың үшеуі істемейді. Сыйымдылығы 1,4 млн текше метрлік «Ворошилов» суқоймасындағы екі тиек ағытқыш қол күшімен әрең ашылады. Бұл – ұсақ-түйек нәрсе емес. Мұндай елеусіздеу көрінетін келеңсіздіктің Қызылағашта қандай қайғылы оқиғаға ұшыратқанын суқойма иелері естен шығармағандары жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста