Болат Назарбаев көлік базарынан айырылды
Апелляциялық инстанция "Барыс" автобазары орналасқан жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімін күшінде қалдырды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотына сілтеме жасап жазды.
Баспасөз қызметі мәліметінше, азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы сот шешімін заңды және негізді болғандықтан өзгеріссіз қалдырды.
Әңгіме Болат Назарбаевқа тиесілі "Барыс" автобазары орналасқан 37,6 гектар жер туралы болып отыр.
2004-2019 жылдар аралығында Қарасай ауданы мен Қаскелең қалаларының әкімдіктері, сондай-ақ ауданның жер қатынастары бөлімі мемлекеттік жерлерді жекенің қолына бергені айтылды.
Жер телімдерін сату-сатып алу бойынша барлығы жеті келісім-шарт жасалғаны айтылды.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу