Бөкей ордасының энциклопедиясы жарыққа шықты

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Бөкей хандығының 210 жылдығына орай жинақталған Бөкей ордасы ауданының энциклопедиясы (бас редакторы – Ғарифолла Әнес) Алматыдағы «Арыс» қорының баспасында басылған. Түрлі түсті суреттермен көркемделген көлемді кітаптың таралымы – 1000 дана.
Алтын Орда мен Ноғайлыдан тамыр тартып, Бөкей хандығы мен Күнбатыс Ала­шордасын тарих төріне шығарған, Қазақ­стандағы алғаш Кеңес өкіметі орнаған Бө­кей ордасының шежіресінен сыр шертетін энциклопедияда осы өңірдің әкімшілік-аумақтық құрылымы, экономи­калық әлеуеті, табиғаты, тарихы мен мәдениеті туралы жан-жақты мағлұматтар берілген. Тарихи тұлғалар мен оқиғалар хақында да танымдық мәліметтер мол. Жаңа жинақта бұрын-соңды ғылыми-ақпараттық айна­лым­ға түспеген мұрағат деректері мен құ­жаттар, көне фотосуреттер де пайдаланыл­ған.
Сондай-ақ елдің еңселі мерейтойына орай Бөкей ордасы тарихи-музейлік кеше­ніндегі Тәуелсіздік мұражайында Тәуел­сіздіктің 20 жылдығына орай жаңа экс­пози­ция жасақталды.
Аталған тарихи кешен облыс орталығы­нан 500 шақырым қашықтықтағы Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында орналасқан. Аталған кешендегі Тәуелсіздік мұражайы бұдан 10 жыл бұрын ашылған болатын. Жаңа экспозиция үш залға бөлін­ген. Бірінші бөлімде республика бойынша елдің экономикасы мен мәдени-әлеуметтік саладағы жетістіктері көрініс тапса, екінші және үшінші бөлімдерде облыс пен аудан­ның табыстары қамтылған.
Мұражай кешеніндегі Жәңгір ханның қару-жарақ палатасы да жаңартылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста