Бизнестің жаңа түрі немесе студент қалай «қораға» кіреді?

Елбасымыз дағдарыс кезінде оқу ақысын төлей алмай, тауы шағылған студенттердің қамын ойлап, қосымша білім гранттары мен жеңілдетілген несие алуға жағдай жасап отырғанда, Білім және ғылым министрлігінің кредиттік технологияны ЖОО-ларға енгізгендігі студенттердің қалтасын одан сайын қағып, жығылған үстіне жұдырық болып тиюде.

Жоғары оқу орында­­рында кредиттік жүйе осыдан алты жыл бұрын енгізілген. Осынша уақыт өтсе де, бұл жүйенің қаншалықты тиімді-тиімсіз­дігін сту­денттер тұрмақ, мұғалімдердің өзі де енді-енді ғана түсініп келеді. Біз бұл жүйенің қыр-сыры турасында Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық уни­вер­ситетінің мұғалімдерімен сөйлескенде, мынаны ұқтық.
Негізі, қазіргі кредиттік технологияны түсіну қиын. Әр пәнге әртүрлі несие есеп­теліп қойылған. Пәндердің барлығы бұ­рын­ғыдай сағатпен емес, кредитпен беріледі. Мысалы, бір пәннің өзінде бір кредиттен бастап, бес несиеге дейінгі аралықта болады. Бір кредиттің құны – сегіз мың теңге. Сонда бір сабақта төрт кредит болып, студент оны тапсыра алмай қалса, 32 мың теңгені төлеп барып, жазғы семестрді тапсыра алады. Ал оны төлей алмай ма, онда ол жылдан-жылға қалып, тіпті университет қабырғасында он жылға дейін жүре беретін көрінеді.
– Негізі, бұрын оқу бес жылдық болса, қазір студент бес жыл оқи ма, он жыл оқи ма – ол өз еркінде. Ең бастысы, ақысын тө­ле­се болды, – дейді атын газет бетіне көрсетпеуді өтінген ҚазҰТУ-дың мұғалімі.
Сонымен қатар мемлекеттік грантта оқитын студенттердің GPA-сы (орташа балы) жетпей қалса, ол міндетті түрде гран­тынан айырылып, ақылы негізде оқитын болады. Бұл жағдайда мемлекеттің оқу грантына бөлген ақшасы қайда кететіні түсініксіз. Тағы бір ерекшелік, бірінші семестрге дейін (қысқы сессияның алды) студенттерден ағымдағы бақылау және ара­лық бақылау алынады. Осы жерде бірінші ағымдық бақылаудан студент нөл балл алып, аралық бақылаудан 98 балл ал­са да, ол емтиханға жіберілмейді. Де­мек, «не допуск». Мұны қарапайым тұр­ғыда былай есептесек, 98 балды екіге бөлесіз (49 балл), оны 0,6-ға көбейтесіз, сонда 29,4 балл шығады. Ал Білім және ғылым министрлігінің шешімімен бұл балл кемінде 30-дан төмен болмауы керек. Демек, емтиханға кіре алмаған оқу­шы жазғы семестрге қалады деген сөз. Мұн­да тағы да ақша төлеп тапсыруға мәж­бүрсің.
– Дәл қазіргі жағдайда жазға қалып қойған студенттер өте көп. 28 студентіміз грантынан айырылып қалу қаупі үстінде. Тіпті бір студенттің екі немесе үш сабақтан құ­лап жатқаны да жоқ емес. Олардың тө­лейтін ақысын есептейтін болсақ, 100 мың­ға бір-ақ шығады, – дейді мұғалім ағамыз.
Сонда студенттер мұндай соманы қай­дан алады? Дәл мынадай дағдарыс кезін­де ата-ананың да бірден тауып бере салуы қиын. Бір қызығы, студенттердің кредит төлеуі арқылы мұғалімдерге айлық жазы­ла­ды екен. Яғни білім алушылардың кре­дит­ке төлеген ақысының 50 пайызы емти­хан алған ұстазға беріледі. Әңгіменің бар­лығы осы жерден басталады. Мұғалім тек қана құлқынның қамын ойлап, кредит­тен пайыздық мөлшерді алу үшін студент­терді жаппай құлатпасына кім кепіл? Біз мұны тектен-текке айтып отырған жоқпыз. Мәселен, өткен жылы ҚазҰТУ-дың бір мұғалімі өте жақсы оқитын студенттерді ғана емтиханнан өткізіп, ал қалғанда­рының барлығын пытырлатып құлата берген. Сон­да есептесек, бір сабақтан төрт кредит болса, сегіз мыңнан санағанда – 32 мың. Сонда оның 50 пайызы 16 мың бо­ла­ды. Бір сабақтан 300-400 бала емтихан тап­сыр­са, соның жоқ дегенде 100-ін құ­лат­қан­ның өзінде 160 мың теңге пайда таба­ды екен. Дәл осы жағдайдың биыл қай­та­ланбасына кім кепіл?

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы:
– Кейбір ЖОО кредиттік технологияны білім берудің емес, пайда табу, ақша жасаудың механизміне бұрып алған. Шын мәнінде, студентке білім беріп, олардың өздеріне қандай мұғалімді таңдайтынына еркіндік жасай алып отырмыз ба? Мен белгілі деген ЖОО-ларды білемін, тіпті кейбірінде студенттерге бес жыл бойы ғылым докторлары сабақ бермеген оқу орындары бар. Сондықтан әр сабақтың ақысын ойлағанша, студенттерге шынайы білім берудің тетіктерін қарастырған жөн.
Осы неге біз шетелдің көшірмесін Қа­зақстанға әкелуден жалықпаймыз? Еуро­паның ақылы оқу орындарындағы кейбір жүйелерді Қазақстанға тықпалай берген­нен не ұтамыз? Жалпы, біздің халықтың әлеу­меттік жағдайын батыстікімен салыс­тыруға келе ме? Министрлік басшылығы осы жағын неге ойламайды? Әйтпесе, сту­денттерге обал. Онсыз да қаражаттан қағы­лып жүретін студенттерден тағы да қаржы талап ете беретін болсақ, мұның арты не болмақ?.. Оның үстіне жылда оқу ақысы өсіп отырады. Енді емтиханнан құласаң, тағы да ақы төлейсің. Осы біз «Ақ­ша! Ақша!» деп жан-жақтан қысып, ауылдағы әке тұрмақ, баланың да салын суға кетіріп, өмірден түңілдіріп жүрген жоқ­пыз ба?..

Тынышкүл ӘМРЕЕВА, ҚР Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары:
– Дағдарыс жағдайында оқы­май­тын, екі алғандарды құлатпа­сын деген заң жоқ. Студент екі ал­ды ма, демек оның оқу үлгерімі на­шар деген сөз. Ал емтиханнан жаппай құлату дегенге келсек, біріншіден, барлық ЖОО-ның өзде­рінің регламенті бар. Кімге не төлейді, оған ешкімнің ешқандай қатысы жоқ. Әр оқытушы мен оқу­шы сол ЖОО-мен алдын ала келі­сім­шартқа отырады. Ол келісі­м­шарттың ішінде неше түрлі та­­лап­­тар мен өзгерістер бар. Бар­лығынікі бірдей емес. Мүмкін, оқы­тушыларға төлейтін жалақы­лары турасында өздерінің «поло­же­ниелері» (қағидалары) бар шы­ғар. Бірақ мен жаппай құлату бар дегенге сенбеймін. Өзім 17 жыл мұғалім болып, ондайды көр­ген емеспін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста