Біз сахнаны дарынсыздардан тазартып, шын әншілердің бағын жағуды көздейміз

5 миллион теңгенің толыққанды иесі атану әрі ең соңғы техникамен жабдықталған студияда ән жинағы жазылуы кез келген әншінің арманы ғой. Алайда ол мүмкін бе? Әрине, әбден мүмкін, егер сіз «Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы атансаңыз. Ол үшін не істеу керек? Біз бұл жайлы жобаның бас директоры Кенже Жұманұлымен сұхбаттасып едік.


Кенже ЖҰМАНҰЛЫ, «Қазақстан дауысы» вокалдық телевизиялық шоу бағдарламасының директоры:
– Аға, 5 миллионды тегіннен-тегін бере са­ла­тын бұл қандай жоба?
– «Қазақстан дауысы» – бұл алғ­аш 2010 жылы Голландияның RTL4 теле­ар­насында тұңғыш рет төрткіл әлемді дүр сілкінткен The Voiсe of Holland шоу бағдар­ла­масының қазақша нұсқасы. Ал мұның жоғарыда аталған жобалардан ерекшелігі­не тоқталсақ, біріншіден, мұнда қатысушы­ның түр-сипатына, киім киісіне емес, тек қана дауы­сы­на мән бе­рі­летіндігі. Яғни тәлімгерлер көрмей тың­дайды. Қатысушы ән сала бас­та­ғанда егер сол төртеудің бірі ұнатса, алдындағы қы­зыл нүктені басады, орындық автоматты түрде бұрылады. Сон­да ғана олар әлгі ән ие­сінің түрін, жас па, кәрі ме, ер ме, әйел ме, толық не арық еке­нін бір-ақ көреді. Жә­не екінші бір қиын­дығы – тәлімгер да­уыс ие­сін таңдап алды екенін, сол сәттен бас­тап ол сол адам үшін жауап­ты, яғни оның даусы­мен жұмыс істеп, ке­ле­сі сындардан сүрін­бей өтуіне, әр сәт сайын кәсіби мүм­кін­дігі­нің артуына жағ­дай жасауы тиіс. Былайша айтқанда, отыр­ған тәлімгерлер арасында өз әншісін шың­дау тұрғысынан бәсеке бас­талып кетеді.
– Жобаға іріктеу, жаңылмасам, бас­талып кетті. Қанша адам қатысып, соның қаншасы іріктеліп алынды?
– Жалпы, еліміздің барлық өңірінен 9 мыңнан аса адам қатысуға келіп­ті. Соның ішінде ең белсенділік танытқан осы Алма­ты қаласы, нақты айтсақ, 3 мың ал­маты­лық қатысып, соның ішінен небәрі 57-сі ғана байқаудың негізгі сынынан, өт­кен. Со­дан-ақ іріктеудің қаншалықты қа­таң түрде өткенін байқай беріңіз. Тіпті біз­дің сыны­мыздан өте алмай қалғандардың арасын­да көпте­ген республикалық, ха­лық­аралық байқау­дың жеңімпаздары да болды десек, сене­сіз бе... Бірақ ол – ақи­қат. Бұл жобада әр адамға 90 секунд қана уа­қыт беріледі. Сол тым қысқа сәтте дау­сының мүмкін­ді­гін көрсете алса көрсетті, болмаса өкі­нішті...
– Осындай байқау ұйымдастыру­дағы басты мақсаттарыңыз не?
– Қазіргі кезде нағыз әнші мен жай «әу дейтінді» ажырату қиын болып кетті ғой. Өйт­кені барлығы дерлік фонограмма жа­зып алып, сахнада да, тойда да шапқылап жүр­гені. Тыңдасаңыз, бәрі – «бұлбұл». Қа­зір со­ған етіміздің өліп кеткені соншалық, таны­мал әншілердің бәрі дерлік жанды дауыс­пен ән айтудан қорқатын дәрежеге жеткен. Қашқақтайды кәдімгідей. Мыса­лы, біз мұның алдында «Жұлдызды сәт» деген бай­қау ұйымдастыр­дық. Сонда кеш қо­нақ­тары ретінде таны­мал әншілерді ша­қыр­дық та, бірақ оған «жан­ды дауыста шыр­қауыңыз керек» де­ген талап қойдық. Сөй­тіп ек, бәрі қашатын болды, әрине, «ән айта алмаймын» демей­ді, түрлі сылтау айтады. Бізге сол ой салды. Сөйттік те, жан­ды да­уыс­та ән айта алатын, бола­шақ­та кез кел­ген байқауда, не кон­цертте, «тап осы жер­де шырқа» десе да­ғы еш жү­рексін­бестен әуелете жөнелетін мықты­лар­дың мықтыла­рын іріктеуді көз­де­дік. Шынында, небір мық­тылар бар екен. Тіпті өзіңіз таңғаласыз.
– Бізде осы күнге дейін қандай ке­ремет жобалар болып, небір дарын­ды дегендер іріктеліп шықты, бірақ солар сол жеңімпаз болған жерде ғана қа­лып жатқандай. Бұл жоба да сол әре­кетті қайта­ла­май ма, яғни жеңім­паз­ды іріктеп-ір­іктеп алып, соңында «іс бітті, қу кетті» демей ме?
– Бас жүлде тағайындалған адамға бізде қомақты жүлде беріледі, оған қоса шетелдік Sony music студиясымен бір жыл­ға келісімшартқа отырады, солар әнжина­ғын жазуға көмектеседі. Ал негізі адамның өнерде өсуі не өшуі оның дарынымен қоса ең­бектенуіне қарай. Екінің біріне тегін эфир, әр апта сайын оның бойындағы да­ры­нын ел-жұртқа таратуға мүмкіндік бе­рі­ле бермейді, техника тілімен айтқанда, ро­тация ақылы. Соны сезініп әрі тиімді пайдалана білген адам әрі қарай өз ар­ба­сын өзі сүйреп кете алады. Яғни жоба ар­қы­лы танылды ма, әрі қарай жақсы ән жа­зып, концерттерге шығып көрінсе, ол әнші жер­де қалмайды. Қазірдің өзінде бізге компо­зи­торлар хабарласып, «жеңімпаз­дар­ға біз өзіміздің әнімізді берейік, еш­қандай ақы төлемей-ақ сол әндерімізді жарыққа шы­ға­рып, өздерін таныта берсін» деп отыр. Неге? Себебі қазір, шыны керек, компози­тор­лар дарынсыздардан шарша­ды, олар өз туындысын шебер әрі кәсіби орын­дай­тын әншіге бергісі келеді. Яғни көрер­мен ғана емес, авторлар да нағыз ән­шіге зәру. Мүмкіндігінше біз өз жеңім­паз­дары­мызға одан әрі де жылы қабақпен қарап, байқау біткен соң да қолдан кел­генше мүм­кіндік жасауға тырысамыз. Ал­айда біз­дің бас жүлдеден үмітті жан «мен жоба же­ңімпазымын, ал жағдай жаса» деген масылдық психологиядан бойын аулақ салуы тиіс.
– Сіздердің тәлімгерлеріңіз, біздің­ше айтқанда, әділқазыларыңыз Мәди­на Сәдуақасова, Алмас Кішкенбаев, Ме­деу Арынбаев және Нұрлан Албан. Осылардың өзі қандай да бір іріктеуден өткен бе? Оларды кім тәлімгерлікке таң­дап алды және не үшін? Қазақстан­да­ғы нағыз кәсіби әнші осылар ғой, де­мек?
– Негізі, тәлімгер таңдау да тартысқа толы әрі қиын болды. Алайда ақылдаса келе көптің таң­дауы осыларға түсті. Неге десеңіз, бұл төр­теудің бірі өзі де осындай сыннан өткен, ол – Алмас Кішкенбаев, екіншісі – сүйкімді әнші Мәдина, Медеу Арынбаев ағамыз­дың дауыс мүмкіндігі, мәдениеті әрі педа­гогтігі бар, ал Нұрлан Албан – өзгеше жанр­лар­ға барып, музы­када ізденіс танытып жүрген тұлға.
– Нағыз «Қазақстан дауысына» қо­йылар талап қандай, яғни ол қандай бо­луы керек? Қазақы ма болмаса қа­за­қылық басты емес, керісінше, шет ті­лінде ән айта білсе болғаны ма?
– Бастысы, ол жанды дауыста ән салу­да тосылмауы керек, сондай-ақ ол қазақ әнімен шектеліп қалмай, қай тілде айт десең, сол талаптың үдесінен шыға білуі шарт. Өйткені болашақта ол әнші шетел­дерге қазақ музыкасын, қазақ әншілерін танытады деген үміт артып отырмыз. Біз өзіміз де шеттегі жобаларға ұсынбақпыз, бәлкім, ол АҚШ-тың Voiсe-ы болар, мүм­кін басқа...
– Қазір қазақ жастары онсыз да ше­тел әнін орындауға әуес, өйткені күн­діз-түні тыңдайтындары сол батыстық әуендер, керісінше, біз өз қазақы үн, қа­зақы әнімізді жоғалтуға шақ қалған сияқтымыз. Шетел өз тілдерінде өзге­лер­дің ән айтқанына зәру емес, кері­сін­ше, оларға әр халықтың өз ұлттық үні, ер­ек­ше музыкасы таңсық емес пе? Олай болса бізге неге осы жағына күш сал­масқа?
– Қазақтың дәстүрлі музыкасы ешқа­шан жоғалған емес, жоғалмайды да, се­бе­бі оның орныққан өз мектебі бар. Ал ен­ді олардың насихаты кем десеңіз, оны­ңызбен келісемін. Поп музыканы көбірек тыңдап, соған ауытқып кеткеніміз рас. Той­ға да соларды көбірек шақырады. Сол тұрғыдан ғана бізде қазақы ән жоғалып бара жатқандай көрінетін шығар, бірақ, шын мәнінде, бәрі де ән салып жүр. Тек еш­қашан «біз қазақпыз» деп қана шектеліп қалмау керек. Заманның ағынына қарай  жүру – қашаннан бар құбылыс. Ал енді қа­за­қы үн деген тек домбырамен салған ән­де ғана бар немесе дәстүрлі әншілер басқа жанрда ән сала алмайды деген дұрыс көз­қарас емес. Біз осы іріктеу барысында дом­бы­рада ән салып жүрген жас әншілер­дің эс­традада керемет шетелдік әндер айт­қанын көріп таңғалдық. Тіпті опера жанрын­да да шырқай жөнелгендері бол­ды. Де­мек, егер адам дарынды болса, ол қай тіл­де, қандай аспап, қандай жанрда айтса да, жарқырай көрінеді. Былайша айтқан­да, батырға оң-солы бірдей ғой.
– Осыған дейін іріктеу кезеңі бол­ған шоудың телевизиялық түсірілімі басталды ғой. Телеэкраннан көрінетін қанша «бақытты жан» қалды?
– Тоғыз мыңнан астам адамның не­бәрі 150-і қалды. Солар ғана түсірілімге қаты­са­ды. Басында айтқандай, түр-келбе­тіне мән берілмей, көрмей таңдалады, тек жар­тылай финалға іліккен­дер­мен стилис­тер жұмыс істей бастайды. Төрт тәлімгер кімге бұрылады, кім бастап­қыда қалай бо­лып келіп, енді қалай құбы­ла­ды, со­ңында ең мықты деген кім қала­ды? Оны енді сіздер алдағы жексенбі, яғни қыр­кү­йектің 29-ынан бастап кешкі сағат 21:35-те «Қазақстан» ұлттық арнасынан тамаша­лайтын боласыздар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста