"Бір түнде 10 мың доллар": Қазақ қыздарының Дубайда немен айналысатыны белгілі болды

Белгілі спортшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің "ғашықтары" мен әлеуметтік желіде 60 мыңнан астам оқырманы бар бойжеткендердің Дубайда жезөкшелікпен айналысатыны белгілі болды деп хабарлайды esil.media-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Esil.media редакциясына өзін Индира (авт. аты-жөні өзгертілді) деп таныстырған бойжеткен қазақ қыздарының Дубайға арнайы интимдік қызметтер үшін қатынайтынын айтып берген.

«Жасым 24-те, қазір Астана қаласында тұрамын. Эскорт ретіндегі жұмысымды 21 жасымда бастағанмын, жасыратын түгі жоқ, инстаграм парақшасында 60 мыңнан астам оқырманы бар қыздардың дені БАӘ-дегі эсокрт агенттіктерде жұмыс жасайды. Олардың арасында кәсіби модельдер мен Қазақстандағы белгілі спортшылардың сүйіктілері, мемлекеттік қызметкерлердің нақсүйерлері де бар.

Арабтар көбінесе сары шашты бойжеткендерді ұнатады және ондай ару ол жақта «экзотика» болып саналады, сол себепті, қазақ қыздары көп жағдайда шаштарын ашық түске боятып жатады. Сол сияқты, араб шейхтары ішіп көңіл көтеретін аруларды да ұнатады. Қазақ қыздарына да бұл ұнайды, сонда бірнеше күнге қалып, барынша көңіл көтеруге тырысады», - деп ағынан жарылған бойжеткен.

Сонымен бірге, ол мұндай қыздардың бір түнде қанша табатынын да айтып берген.

««Ақылды» бойжеткендер бір түнде 5-10 мың долларға дейін табыс табуы мүмкін. Көбінесе 19-25 жас аралығындағы бойжеткендер арабтардың сүйіктілері болып жатады. 2016 жылы әр демалыс сайын 10-20 арудан сол жаққа ұшатын. Ол кезде біздің агенттікте 150-ге тарта нәзік жанды жұмыс жасайтын. Сол сияқты қазақ қыздары Израиль мен Маямиге интимдік қызмет көрсету үшін, жиі қатынап тұрады», - деп әңгімесін аяқтаған бойжеткен.

Бүгінде, ол елордадағы Қазақстанның алдыңғы қатарлы құрылыс компанияларының бірінде жетекші менеджер болып қызмет етеді және ол әңгіме барысында, бұрынғы жұмысынан сағынатынын да айтып қалған. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста