Білімге инвестиция салып үйрендік пе?

Еуропалық білім стандартына ұмтыламыз деп өзіміздегі жетістіктерді мансұқтауға бейім келетініміз жасырын емес. Өз жетістігімізді батыспен теңестіруге ұмтылмаймыз да. Әйтпесе өзімізде де ашылған ғылыми жаңалықтар, үлгі боларлық әдіс тәсілдер жетерлік. Бізде тек ынта жоқ. Еліміздегі білім саласының тізгінін ұстап отырғандар білім беру процесін отандық жаңа технологияны өндіріске енгізу мәселесімен тығыз байланыстыра алса білім берудің басты мақсатына жеттік деп айтуға да болар. Көп ретте жоғарғы оқу орындарының өнім өндіретінін естен шығарып ала береміз. Өнім, яғни мықты маман, білімді де білікті түлек. Оларды нарықтық экономикаға байланысты тиімді орналастыру білім беру жүйесіне шексіз пайда әкеледі. Интелектуалды өнімнің қашанда құны қымбат...
Әлі де есте...90-шы жылдардағы тоқырау білім саласын да айналып өткен жоқ. Сол кезеңде ең көп салмақ түскен сала кәсіби білім беру жүйесі болды. Жыл сайын пәлен мың маман даярлап шығарып отырған көптеген оқу орындары жабылып қалды. Оған бір шетінен өндіріс орындарының өз жұмыстарын тоқтатуы да ықпалын тигізгені анық. Сұраныс болмаған соң ол сала да назардан тыс қалды. Оған бір шетінен нарық жүйесі де салқынын тигізбей қоймады. Себебі гуманитарлық саладан гөрі техникалық білім беру қымбатқа түсіп кетті. Сондықтан да балаларын болашағы бар білім ордасында оқытуға құмбыл болғандар көбейді. Бұл өз кезегінде елімізді экономистер мен заңгерлердің отанына айналдырып жіберді. Осы екі мамандықты тізгіндегендер Қытайдың тауарындай көз сүріндіреді. Жас мамандарымыз дипломын құшақтап жұмысссыздар қатарын көбейтті. Бүгінде бұл жәйт таразы басын теңестірді. Жағдай түзеліп, өндіріс орындарының көптеп ашылуына байланысты орта кәсіби білімі бар мамандарға сұраныс артты. Жыл сайын елімізде жоғарғы оқу орнын 800-ден аса жастар бітіріп шықса, олардың дені жұмысқа орналаса алмайды. Ал, кәсіптік оқу орындарын бітірген түлектердің 85 пайыздан астамы бірден орнықты жұмысқа орналасады. Бүгінде Үкімет тарапынан кәсіптік білім беру жүйесіне көп көңіл бөлінуде. Кезінде құрдымға кеткен оқу орындары қайтадан жанданып, қатарға қосылуда. Бүгінгі таңда еліміз бойынша кәсіптік-техникалық мектептер мен колледждердің саны 848-ге жетті. Экономиканы дамытудың кілті кәсіптік білімде жатыр. Сондықтан да Елбасы Үкіметке кәсіби мамандар даярлауды жолға қоюды қатаң тапсырды. Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде кәсіптік мектептердің материалдық техникалық базасын жаңартуға 286,2 миллион теңге бөлінген. Соңғы кезде ірі өндіріс орындары да маман мәселесіне жіті көңіл бөле бастады. Өндіріс орындарының басшылары кәсіби мектептермен біріге отырып оқушыларды өз өндіріс орындарында тәжірибеден өткізіп мектепті бітірген соң жұмыспен қамтуды қолға алуда. Бұл өз кезегінде маманның болашағы айқын деген сөз, яғни оқуды бітірген соң ол жұмыссыз қалмайды. Өндіріс орындарының да ұтары көп. Олар ертеңгі күні маман тапшылығын сезінбейді. Сондай ақ әр аймақтың экономикалық даму ерекшеліктеріне қарай мамандар даярлау үшін қай салаға қанша көлемде маман керектігін анықтау жолында нақты зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл тәсіл өте тиімді де. Бұл бір саланың мамандарын көптеп даярлап, ал екіншісіне деген тапшылықты болдырмаудың алдын алады...
Бүгінгі терең берілген білім ең алдымен өз еліміздің игілігі. Әрине әлемдік стандартқа ұмтылу да заман талабы. Байыпты біліммен сусындап өскен білгір маман қашанда сұранысқа ие. Жас буынның ғылыми және кәсіби деңгейін көтеру ұстаздардан талмай іздену мен табанды тәрбие беруді талап етеді.
Жасырары жоқ, білім саласы реформадан көз ашпай келе жатқаны анық. Бағдарлама жасаудың өзі білім саласындағы мемлекеттің саясатын анықтайтын көрсеткіш. Білімге салған капитал ешуақытта да құнын жоймайды. Қай заманда да білімге мемлекеттік қолдау зор болуы тиіс. Білім беру саясаты ықпалды болу үшін тұрақты бағдар болуы шарт. Ол үшін білімді басшы, білімді ұстаз, білімді бала... осы үндестік үзілмеуі тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста