Базар жағалаған баланың барар жері – қайыршылық

«Бар жақсылық – балаларға!» Кеңес кезеңінің ұраны болса да, бұл сөз әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ. Болашағымыз – балаларға жақсылық жасау ешқашан ұмыт қалған емес. Алайда көңіл көншітпейтін мәселелер шаш-етектен. Бала құқығының табанға тапталатын кезі аз емес. Айналаңызға қараңызшы, қайыр сұрап жүрген, үсті-басы кір-қожалақ жасөскіндер көп пе, аз ба? Қазіргі қоғамның ең осал да әлсіз өкілі – қайыршылардың қатары бұғанасы бекімеген қарадомалақтармен толығу үстінде.

Бір күнгі нанын табуға зар болып жүрген мұндай міскіндердің құқығын қорғап, қатарға қосуды кім ойлап жатыр? Олардың санасында «қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болу» емес, ертеңгі күніне талғажау боларлық тамақ табу бірінші орында тұрады. Балалығын базарға байлаған бүлдіршіндер де жетерлік. Әке-шешесінің аз ғана тапқан нәпақасына телмірмеу үшін өз бетінше нан табуға көшкен «пысық» баланың сабаққа ден қоюы да екіталай. Сабақтан қашып, терін төгіп теңге табуды ғана мақсат тұтқан балалар да аз емес. Қақсал қоғамда мұндай жағдайды айыптау да артық шығар. Дегенмен «сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық» болатын заманның тазысы болуға талпынған тастүлектердің тірлігін құптаймыз ба? Бұдан бөлек балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетімдердің құқығының қаншалықты қорғалып жатқандығы да күмәнді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында бес балалар үйі бар, онда – 1309 тұл жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 1675 бала тәрбиеленуде. Облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің деректеріне сүйенсек, балаларды патронаттық тәрбиеге беруде көптеген олқылықтар орын алады екен.
 
Исақ АСАНОВ, ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы:
– Патронаттық тәрбиеге беруде кездесетін қиындықтардың бірі – балаларды түрлі сылтаулармен қайта өткізу, өз шаруаларына пайдалану, патронаттық тәрбиеге алғандығы үшін төленетін ақшаға құнығу, баланың атындағы жылжымайтын мүлікке қызығу сияқты жағдайлар жиі кездеседі. Мәселен, бір баланы патронаттық тәрбиеге алған адамға 19 мың теңге төленеді. Баланы асырап алуға қызығатындардың басты екі себебі бар. Біріншіден, ақшасына, екіншіден, еңбегіне қызығады. Тіпті кей аудандарда асырап алуға келісімшартқа отырып, артынша айнып, әкеп өткізіп жатқандар жөнінде мәлімет көп. Ал кей аудандарда мүлдем жоқ десе де болады.

Расында, мектеп қабырғасын көрмеген балалардың бар екендігінен кейбіреулер бейхабар да. Ала жаздай белі бүгіліп шабындықтарда мақта теретіндер де, базарда арба айдап нәпақа тауып жүргендері де баршылық. Ұлттың ұрпағы осындай жолмен де өсіп келе жатқанын ұлықтарымыз ұмытып кетпесе дейсің.

Ата-анасы маскүнем немесе жетім балалар көпқабатты үйлердің жертөлелерінде жансауғалап жүретінін жасыра алмайсыз енді. Мұндайда үлкендерден үміт күтіп, болашағынан бақыт күтіп жүрген олардың көңілдеріне қаяу түсері сөзсіз. Қатыгез қоғамға көңілі қалып, іштей наразы болып, булығып өскен баланың ертең кім болары да белгісіз. Бүгінде құлыншақтардың қорғанышы болуға құлықтылар кемде-кем. Облыс орталықтарында балалардың құқығын қорғау департаменттері жұмыс жасауда. Барынша балалардың құқығын қорғауға солар ғана күш салып келеді. Бұрын болмаған мұндай басқарманың барына да шүкір.

Қалай болғанда да балалар құқығы, алмағайып заман болса да балалардың денсаулығы сақталуы тиіс.

Тақырыпқа тұздық
1989 жылы БҰҰ-ның құрамына мүше 193 мемлекет Балалар құқығын қорғау туралы Конвенцияға қол қойды. Конвенцияға қосылған мемлекеттер балаларға жоғары білім беруге, медициналық көмек көрсетуге, бар жағдайын жасауға міндетті болатын. Бұл Конвенцияға АҚШ пен Сомали мемлекеттері ғана қосылмаған. Кәмелетке жасы толмаған балалардың жұмыс істеуіне 1930 жылы тыйым салынған-тын. Алайда Халықаралық еңбек ұйымының мәліметіне қарағанда, дүниежүзі бойынша 14 жасқа жетпеген 250 миллионнан аса жасөспірім жұмысқа жегіліпті. Тіпті олар толық жұмыс күнімен, яғни 7-8 сағат жұмыс істейді екен. Польшада балаларды жұмысқа жегетін базар бар екендігі анықталған. Мамандар мұны балалар еңбегінің арзан екендігімен түсіндіреді. Сондай-ақ өз құқығын білмейтін балалардың жұмыс берушінің айтқанын екі етпейтіндігі тағы бар. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметінше, әлемде 10 миллионнан аса балалар құлдықта жүрген көрінеді.

БҰҰ-ның Балалар құқығын қорғау Конвенциясына қосылған мемлекеттер балалар өлімін азайтуға күш салып, олардың денсаулығын нығайтуға міндеттелген болатын. Соған қарамастан Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде, ТМД аумағындағы елдерде балалардың денсаулығы жыл артқан сайын нашарлап бара жатқандығы белгілі болып отыр. Соңғы кезде аталған елдерде балалар өлімі тіптен көбейіп кеткен. Аталған аймақтарда кедейлердің ауруы атанған дифтерит пен туберкулезге шалдыққандар саны артқан.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста