Баспана кезегін бақандай 50 жыл күтеміз бе?

©Алаш айнасы иллюстрациясы

«Үмітсіз - шайтан» демекші, адам болғаннан кейін ең алдымен баспанаға қатысты үміт отын өшірмеуге тырысатынымыз бар. Бұрнағы жылдан мемлекеттік бағдарламаға құжат тапсырдық. Оған өтпей қалдық. Әлі де дәмеліміз. Тапсырып та келеміз. «Қолжетімді баспанаға» ақша жинаңдар дегенді айтады. Ол да оңай дүние емес. Дегенмен ұміт басым. Енді «мемлекеттік қордан пәтер беріледі» деп тағы үміттендіреді. Алайда оның кезегі 50 жылға дейін созылып кетті дейді. «Елу жылда ел жаңа» дейді ғой, деп тағы сол үмітіміздің үзіліп кетпеуін тілейміз... Бар қазақтың бас ауруына айналған осы тақырыпты «Алаш айнасы» тілшісі қаузап көрген еді.
Иә, қазіргі статистикаға сәйкес, республика бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға үмітті азаматтардың саны 300 мыңға жуықтады. Олар кімдер? Мүмкіндігі шектеулі жандар, ата-анасынан айырылған жетімдер, көпбалалы отбасылар сияқты әкімдікке барып, тізімге тұрғандар. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған қазақстандықтар. Олар үшін жыл сайын 6 мың пәтер салынады. Демек, тізімнің соңында тұрған аз қамтылған азамат өзінің армандаған пәтеріне тек 44-45 жылдан кейін ғана қол жеткізе алады деген сөз. Ал оған дейін кім бар, кім жоқ? Дегенмен, үміт зор. Үміт күшті.
Ал осылай үміттендіріп қана қоймай, ондай жағдайды шынайы тіршілікке айналдыру үшін Үкімет не атқарып жатыр? Жыл сайын 6 мыңнан артық баспана салуға қауқарлы емеспіз бе? Әлбетте, баспанамен қамтудың жолдары аз емес. Мәселен, баспана мәселесін шешу үшін үшінші-төртінші санаттағы пәтерлер, яки болмаса, қарапайым жатақханаларды көптеп салу қажет. Ол туралы талай рет айтылған. Өкінішке қарай, бұл жұмысқа биліктен бастап, жеке сектордың да құлшынысы білінбейді, барлығы бірдей «атсалысайық ағайын» деп жатқан жоқ. Астана мен Алматы қалаларында, сондай-ақ бірді-екілі облыста ондай жоспарлар болса да, басқа жерлерде «өлі тыныштық» байқалады. Әрине, тегін баспана салу үшін біраз қаражат қажет. Оған ел бюджетінің қауқары жете ме?
Сосын, тек бір ғана әлеуметтік жәрдемақыға қарап отырған азаматтардың «Қолжетімді баспанаға» қатыса алмайтынын да ескерген жөн.
Мәселен, қазіргі кезде «Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасының үш бағыты бар. Олар – Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, Қазақстандық ипотекалық компания және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры арқылы берілетін пәтерлер. Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспана алу үшін ақша жинау қажет. Ай сайын – 80-100 мың. Оны кез келген адамның әлеуметтік жағдайы көтере бермейді. Қазақстандық ипотекалық компания да алғашқы жарнасыз пәтер бере алмайды. «Самұрық-Қазынаның» шарттары жеңілдеу. Ол арқылы жалдамалы пәтер алуға болады. Алайда жалақының мөлшері үйдің ауданына сай болуы қажет. Негізі, бүгінде Үкімет осы жалдамалы пәтер нарығына ерекше басымдық беріп келеді. Содан болар, биылдан бастап «Самұрық-Қазынаның» конкурсына алдымен әкімдік кезегінде тұрған азаматтар қатысады. Енді, олардың ішінен қанша адамның өтетінін уақыт көрсете жатар.
Айтпақшы, күні кеше ғана Астанада жас отбасыларға арналған баспанаға құжат қабылдау науқаны аяқталды. Науқанның сипаты да сол баяғы таң атпастан кезекке тұру, бірін-бірі басып-жаншу, айқай-шу, ұрыс-керіс. Ақыр аяғында комиссияның қарауына 5,5 мың адамнан өтініш түскен екен. Берілетін пәтерлердің жалпы саны – 672. Демек, бір пәтерге 8 үміткердің таласуына тура келеді. Бағы жанғаны, балы көтергені өтеді. Ал қалғаны қашан баспаналы болады?..
P.S. Әлбетте, жеке меншік құрылыс компаниялары үшін муниципалды баспананы салу тиімсіз. Сондықтан олар бұрынғы ипотекаға қайта көшуді ұсынып отыр. Олай болмаса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасын қосымша қаражат ретінде тарту қажет деп санайды. Бұл ақшаға жалдамалы тұрғын үйді көптеп салуға болады дейтіндер де баршылық. Дегенмен, қазір сол салып берген баспананың «қыңқыл-сыңқылы» туралы әңгіме де өршіп тұр. «Арзанның суы татымайды» деген әңгіменің түбі бар мұнда. Ең бастысы мемлекет салып берді деген үйлер ертең «Бесоба» сияқты құлап жатпаса болғаны...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста