Бақташының атынан 120 млн теңге субсидия алған аудан мен ауыл әкімі жазадан құтылып кетті

Алматы облысы Кербұлақ ауданына қарасты Сарыбастау ауылының тұрғыны ауылының бұрынғы әкімі Алдан Бекиев Кербұлақ ауданының әкімімен бірлесіп ұлының атынан алаяқтықпен мемлекеттен 120 миллион теңге заңсыз субсидия рәсімдеп алғанын айтып, редакциямыз арқылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан әділдік орнатуға көмек сұрап отыр. Сондай-ақ, Алдан Бекиев Машарбетовтердің иелігіндегі екі гектар жері мен сол жерде орналасқан екі бірдей үйін алаяқтықпен тартып алған көрінеді деп жазады azattyq-ruhy.kz тілшісі.

 

Үш жыл бойы бұрынғы әкіммен соттасып келе жатқан ақсақал әділдік іздеп Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті мен облыстық прокуратураның табалдырығын тоздырған. Редакция тілшісі Машарбетовтердің отбасымен және олардың адвокатымен кездесіп, барлық құжаттармен танысқан соң оқиғаны жәбірленушілердің өз аузынан естіп қайтты.

 

 

ҚАРИЯНЫҢ ОРЫС ТІЛІН БІЛМЕЙТІНІН ПАЙДАЛАНҒАН

 

«1995 жылы совхоз тарағанда Сарыбастау ауылының 489 тұрғынына 3000 гектар жер үлеске беріледі (пай). Содан ауыл тұрғындары үлеске берілген жерлерін «Қызылшоқы» ЖШС біріктіріп, сол серіктестіктің директоры ретінде мені сайлайды. Содан сол шаруалар менің қоластымда жыл сайын арадағы келісімшарт арқылы жұмыс істеп келді. 2010 жылы мемлекет «Бұрынғыдай коператив ретінде біріккен шаруаларға лизингке техника, жеңілдетілген несие береміз» деген соң осы жарлықты қолдап, қазір мені алдап кеткен Бекиевтер әулетімен біріктік.

 

Бұл әулетті мен сонау 70-ші жылдардан білемін, ата-анасы менің қоластымда қызмет еткен. Ол кісілерді білетіндіктен, мен Бекиевтерді өз балаларымда көріп, сенім арттым. Сол кезден бастап егістік жерлерін бірге пайдаландық. Тіпті 2013 жылдың шабындығы кезінде Бекиевтер мен олардың жұмысшыларының шабындық басында палатка тігіп жатқандарын көріп, жуынатын жер жоқ айдалада жатқандарына жаным ашыды. Содан екі гектар ауламдағы үйімнің біреуін жұмысшыларға босатып бердім. 5 жыл бойы үлескерлердің кіріс-шығыс журналдарын өзім толтырып келдім. Алданның бізді алдап соққанын 2018 жылдың желтоқсанында айлығымды сұрағанда бірақ білдім», - деді Машарбетов Ибен.

 

ЕКІ ГЕКТАР ЖЕР МЕН ЕКІ ҮЙДІ ӘКІМ 8400 ТЕҢГЕГЕ САТТЫ ДЕП ҚҰЖАТ ЖАСАҒАН

 

Жәбірленушінің сөзінше, әкім 70-тен асқан қарияның құжаттар үшін аудан мен ауыл арасында шапқылағанын қаламайтынын айтып, «Қызылшоқы» ЖШС-ны басқару үшін туған бажасының ұлына сенімхат беруін өтінеді. Ибен ақсақал әкімнің сөзіне сеніп, нотариус арқылы орысша жазылған құжатқа сенімхат деп сеніп қол қояды.

 

«Сарыбастаудағы кемпірім екеуміз тұрып жатқан үйді 2004 жылы салғанмын. 2006 жылы екі үйіме құжат жасатып, ұлым Бақытжанның атына жаздырдым. Кербұлақ ауданының сол кездегі әкімі Бағдат Әлиев 2014 жылы 2006 жылғы округ әкімінің шешімін бұзып, ауылдағы 2 гектар жерімді, үйімді бәрін сыртымыздан Қаулы шығарып, алаяқтықпен Алданның туысының баласының атына «8400 теңгеге сатты» деп аударып алуына мүмкіндік берген. Күні бүгінге дейін үйімнің түпнұсқадағы құжаты өзімнің қолымда. 2021 жылда да жердің салығын мен төледім, себебі база бойынша әлі менің атымда тұр.

2019 жылы қазан айының 14 күні алғашқы сот орындаушысы келгенде ұрыс-талас болып, соның кесірінен кемпірім екеуміз сырқаттанып қалдық. Сол сырқатымыздан Алматыда емделіп жүргенде Алдан Бекиев сот орындаушысын алып келіп, шынжырда тұрған итімді атып, болгаркамен үйімнің құлпысын бұзып кіріп алды. Содан бері туған үйіме кіре алмай келемін. 50 жыл жинаған дүние-мүлкім мен көрпе-жастығымды да ала алмай отырмын. Бұл іс бойынша құзырлы органдардың бәріне арыз жаздық, Бас прокурорға да өтініш жаздым. «Прокурор кез келген уақытта қабылдауына шақырып қалғанда осында болуға тиіссіз» деген соң кемпірім екеуміздің Астанада жатқанымызға 7 ай болды. Мәжіліске де, Сенатқа да арыз жаздым. Құлақ асқан шендіні көрмедім.

Бүтін ел-жұртым, құда-жекжатым ол үйдің менікі екенін біледі ғой. Айдың күннің аманында қара шаңырағымызға аттап баса алмай, қор болып жүрміз. Алданның құрығы ұзын, туған ағасы Оңал Бекиев Ішкі Істер министрлігіне қарасты Көліктегі полиция департаментінің бастығы, генерал. Тағы бір бауыры Қайрат Бекиев Кербұлақ ауданы мәслихатының хатшысы», - деп күрсінді қария.

 

ЗАҢГЕР: НОТАРИУС ҚҰЖАТТЫ ЗАҢСЫЗ БЕКІТКЕН

 

Заңгер Бақытжан Базарбектің сөзінше, жер Кодексінің талаптарына сай ортақ үлестік пайдалануға кіретін жерлер үлескерлердің жалпы жиналысының шешімімен жүзеге асырылуы тиіс.

 

«Жалпы шешім ұйымдастыру үшін үлескерлер тиісті өкілдеріне сенімхат беріп, нотариусқа ұсынып, нотариус тиісті үлескерлердің келісімі бар екенін анықтауы керек. Келісім сенімхаты, үлескерлер жиналысының рұқсат берген шешімі бар кезде ғана нотариус сату-сатып алу құжатын рәсімдеуге құқылы. Ал тиісті құжаттамалар болмаса, нотариустың ол мәмілені бекітуге құқығы жоқ. Демек, халықтың жері үшінші тұлғалардың иелігіне заңсыз өтіп кетіп отыр», - деді заңгер.

 

 

ГЕНЕРАЛ, МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ және ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРОР

Тартып алған жерге есірткі өсіріп отыр

 

Жәбірленуші тараптың айтуынша, Алдан Бекиев алаяқтықпен құжат рәсімдегенде өзіне ыңғайлы адамдардың лауазымын пайдалана отырып, көз жұмуға итермелеген. Әділет органындағы адамдардың құжатты қалай рәсімдегені де белгісіз...

 

«Құжаттарды рәсімдеген нотариус – Талдықорған қаласындағы өзінің көршісі Әскербек Бекбосынов. Менің арызым бойынша сотта қаралып жатқан іске үлескерлер куәгер ретінде барғанымен, оларды Кербұлақ ауданының соты ішке кіргізбейді. Бекиевтер үйім мен халықтың үлесіндегі жерін алғанымен қоймай, Алматы облысының Көксу ауданының сотына «Біздің ар-абыройымызға нұқсан келтірді» деп арызданып, бір жылдай болды зейнетақымнан айыппұл төлетіп отыр.

 

Менің генералға күшім жетпей жатыр. Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаевпен жақын араласады. «Қызылшоқы» ЖШС тиісті 1700 гектар жерге 2017 жылы қарасора (конопля) есірткісін егіп, одан түскен қаражатты бәрі бөліп алып отыр. Оған қатысты дәлелді құжаттар да қолымда. Бәрі қолымда тұрғанын қайтейін «Еститін үкімет» тас кереңнің кебін киіп, күштінің арты диірмен тартып отыр», - деді қат-қат құжаттарын жинаған қария.

 

120 МИЛЛИОН СУБСИДИЯНЫ БАҚТАШЫСЫНЫҢ АТЫНАН ҚАЛАЙ АЛҒАН?

 

Алдан Бекиев Сарыбастау ауылының әкімі болып тұрғанда Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат Әлиевпен (2009 жылы Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болған) бірлесіп, Ибен қарияның ұлы Бақытжан Машарбетовтің атынан жалған құжаттарды рәсімдеудің нәтижесінде, ауыл шаруашылығы өніміне заңсыз түрде 120 миллион теңге субсидия рәсімдеген.

 

«Менің атымда «Бағашар» шаруа қожалығы бар еді. Ол қожалықтағы жер кіші әкем, ағаларым мен олардың ұлдарын қосқанда 30 үлескерге мемлекеттен 49 жылға жалға берілген. Әкім сол шаруа қожалығының құжаттарын пайдаланып, үйімізді кепілге қойып, мемлекеттен алаяқтықпен несие алған.

Мен 2013 жылдан бастап Сарыбастау ауданының әкімі Бағдат Әлиев пен Алдан Бекиевтің бақташысы болдым. Қарамағымда 600 бас қой, 100-ге тарта жылқы, 100-дей сиыр болды. Маған әкем Ибен басқаратын «Қызылшоқы» ЖШС атына ақша түсірсек, «АгроҚаржы» алып қояды екен. Себебі біз олардан қарызға техника алғанбыз. Бізге сенің атыңдағы «Бағашар» шаруа қожалығының есепшоты керек, сол арқылы сатып жатқан бидайдың ақшасын өзімізге жіберіп отырсақ» деді. Мен олардың менің атыма субсидия рәсімдеп жүргендерін білмедім, тіпті, ондай бағдарлама бар екенінен де бейхабар едім. Бастықтарым болған соң, өздеріне тиісті ақша екен деп банкке келіп, ақша алып беріп жүрдім.

Бір күні Алдан маған: «Сен алыстан ары-бері шапқыламай, менің жеңгем Қайрат Бекиевтің әйелі Тәбиғаға сенімхат берсең» деді. Содан мен ары-бері шапқыламайын деп жеңгесіне сенімхат бердім. Жеңгесі сол сенімхат арқылы мемлекетке құжат өткізіп, субсидиядан түскен қаражаттарды банк арқылы шешіп алып отырған.

2014-2018 жылы мемлекеттен заңсыз ұрланған субсидия көлемі 120 миллион теңгені құрап отыр және ол ақшаның бәрі құжат жүзінде менің атымнан алынған. Бірақ мен ол уақытта егін егіп, ауыл шаруашылығы жерін игерген емеспін. Сонда олар игерілмеген жерге тұқым алдық деп өтірік есеп беріп, мемлекетті алдап келген. Қылмыстық іс 10 рет жабылып, 10 рет ашылды. Алматы облысының прокуроры Бекиевтермен ауыз жаласып отыр»,-деді Машарбетов Бақытжан.

 

Жер мен үйді сатқан кездегі келісімшарттағы қолдың Алдан Бекиевке тиесілі екенін сот сараптамасы дәлелдеген.

 

 

«Алдан Бекиев аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығы Қуат Қабылбеков деген жігітке барып, менің сыртымнан екі гектар жерді 8400 теңгеге сатып алғанын айттық қой. Жердің үстінде менің әкемнің екі үйі, көкөніс сақтайтын қойма бар. Құжаттың түпнұсқасы әлі біздің қолымызда. Аталған 8400 теңгені Талдықорғанға «Цесна банкке» барып Алдан өзі төлеген. Ол түбіртекті сотқа да апардық. Менің жерім аудан әкімі Бағдат Әлиевтің шешімімен Алдан Бекиевке өтіп кетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті берген Қаулының ішінде «Халық банкінің» қызметкерлері 2017 жылы әкім менің құжатыммен 3 миллион теңге субсидияны шешіп алмақшы болғанын растағаны бар. Субсидия өтініміне құжаттарды толтырған қызметкерлердің де куәлік еткен құжаттары тіркелген.

Осыған қарамастан Кербұлақ аудандық сотының судьясы Әсел Садиева отырыс сайын шешімді Бекиевтердің пайдасына шешіп беріп отыр. Егіс қабылдау актілерін қабылдайтын комиссия мүшелерінің өзі егіс алқабындағы жердің игерілмегенін көрместен, тек құжаттарға қол қойып отырғандары да тергеу материалдарын дәлелденген. Соған қарамастан, қылмыстық іс тоқтап тұр», - деп аяқтады сөзін Бақытжан.

 

ЕКІНШІ ТАРАП АЙЫПТАУЛАРДЫ ТОЛЫҚТАЙ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

 

Azattyq Rýhy тілшісі аталған жағдайға байланысты мән-жайды толығырақ білу үшін Алдан Бекиев пен оның адвокаты Әсем Қосжановаға хабарласты.

 

«Мен «Қызылшоқыны» 2016 жылы Әлішер Тұрғамбаев (бажасының ұлы екенін жоққа шығармады) деген азаматтан сатып алғанмын. Содан бері «Қызылшоқы» ЖШС құрылтайшысы болып жұмыс атқарып келе жатырмын. Осы уақыт көлемінде шаруашылықты алдыға дөңгелетіп, 75 адамға жұмыс орнын беріп отырмыз. Мал және егін шаруашылығымен айналысамыз. Машарбетовтер 2019 жылдан бері үстімізден сотқа, Прокуратура мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, әкімдікке арызданды. Бізді тексермеген орган қалмады. Машарбетовтердің бізге жапқан жаласының бәрі өтірік. Біз субсидияның бәрін заңды түрде алдық, құжаттары толық қолымызда бар. 2021 жылы біз Машарбетовті сотқа бердік, АП мен соттың шешімі де бар. Екі жақты да тыңдап, әділ бағасын өздеріңіз беріңіздер», - деді Алдан Бекиев.

 

Машарбетов өз арызында Алдан Бекиевтің лауазымын пайдалана отырып, мемлекеттен заңсыз субсидия алып, рейдерлікпен иелігіндегі жерді басып алғанын айтады.

 

«Бұл айыптаулардың бәрі негізсіз. 2013 жылы «Қызылшоқы» ЖШС жарғысының 2.1-2.4 пунктінде көрсетілгендей «Қызылшоқының» жалғыз құрылтайшысы И.Машарбетов болып келген. Сату-сатып алу келісімшартында көрсетілгендей «Қызылшоқы» ЖШС 2013 жылдың 9 қарашасынан бастап Ибен Машарбетов жұбайы Күлсары Құлмұхамбетованың келісімімен толықтай Әлішер Тұрғамбаевқа сатады.

2019 жылға дейін бұл келісімшартқа ешқандай қарсылық көрсетіліп келмеген. Талапкер үлескерлердің келісімінсіз «Қызылшоқы» ЖШС сатуға құқылы болмағанын алға тартуда. Соттың бірінші инстанциясы бойынша «Қызылшоқы» ЖШС жалғыз құрылтайшысы Ибен Машарбетов болғаны дәлелденген. Сол себепті үлескерлердің келісімінсіз «Қызылшоқыны» сатуға толықтай уәкілеттілігі болды», - деді Алдан Бекиевтің заңды қорғаушысы Әсем Қосжанова.

 

Azattyq Rýhy редакциясы 2021 жылдың 25 тамызындағы Қаулысында Алдан Бекиевтің 2014-2017 жылдар аралығында бақташысы Б.Машарбетовтің атынан заңсыз субсидия алғаны дәлелденген Қаулы шығарып, кейіннен істі қайта жауып тастаған Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің іс-әрекетіне қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы М.Ахметжановқа ресми сауал жолдады. Жауабын қосымша жариялаймыз.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста