Банктерді емес, халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек – депутат

Банктерді емес, халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек – депутат

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек нақты жер реформасын бастауымыз қажет екенін және екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігіндегі жерлерге қамқор болуымыз керек екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы орайда депутат үкімет пен Бас прокуратурамен бірлесе отырып, мына үш мәселені шешу қажет деп есептейді:

2025 жылға дейін бүкіл елде жер амнистиясын жариялап – шартты жер үлесінен тұратын және банктерде кепілге қойылған жерлерді үлескерлерге қайтадан қайтаруды көздейтін мемлекеттік жобаны қабылдау керек. Үлескерлерге еркін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен өзге шаруашылық ұйымдардан шығудың заңи мүмкіндігін қарастыру керек.
Коммерциялық банктердің иелігіндегі 2 миллион гектар көлеміндегі жерлерді мәжбүрлі түрде Жер кодексінің 92-94 бабына сәйкес мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз етуіміз қажет.

Азаматтардың шартты жер үлесінен тұратын жер пайдалану құқығын екінші денгейлі банктерде және қаржы ұйымдарында кепілге қоюға мораторий енгізу.

Қазір Бас Прокуратураның ақпараты бойынша екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігінде кепілдік ретінде көлемі 2 миллион гектар 3,9 мың ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер жатыр. Оны банктер және каржы ұйымдары өздері пайдаланбайды және сол жерлерді мемлекеттік меншікке қайтаруға асықпайды.

"Осы банктерде кепілге қойылған, камауда жатқан 2 миллион гектар жердің ішінде үлестік ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бар екенін халық біле ме? Заңсыз, жемқор әкімдердің кесірінен пайлары, яғни, шартты жер үлестерінен айырылған ауыл халқы табанын тоздырып, ақиқат іздеу жолында пайларын қайтару үшін соттасып әлек болып жүр. Соттар талап арыздың көпшілігін қараусыз қалдырады не болмаса талаптың ескіру мерзімін қолданып, үлескерлердің жерлерін банкке кепілге кою туралы келісім-шарттарын бұзу туралы талап арыздарын қанағаттандырусыз қалдырады. Нақты қадам жасаудың уақыты келді. Нақты жер реформасын бастап, екінші деңгейлі банктер мен каржы институттарының иелігіндегі жерлерге қамқор болуымыз қажет. Бұл да халықтың жері екендігін ұмытпауымыз қажет".Депутат Бақытжан Базарбек
"Банктерді емес, халықты аштық пен жұмыссыздықтан қорғау керек" деді Бақытжан Базарбек.

"Соның бірден бір жолы - банктерге кепілге қойылған ауыл шаруашылық жерлерді қайтаруымыз керек. Ол банктердің артында кім тұрғанын, кімнің иелігінде отырғанын және қандай жолмен ауыл шаруашылық жерлерді кепілге қойып жібергенін қоғам, халық білу қажет", - деп түйіндеді депутат.

Депутат сауалын ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярға, ҚР Бас прокуроры Берік Асыловка жолдады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста