Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін

Балқаш көлі Аралдың тағдырын қайталауы мүмкін

Балқаш көлінің жағдайы сын көтермейтін деңгейге жетті. Ол болашақта Арал теңізінің кебін киюі мүмкін. Кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов осындай пікір айтты.
Оның келтірген мәліметтері бойынша, соң­ғы екі жылда Балқаш көлінің суы екі жарым метрге тартылып кеткен. Яғни көл тереңдігі жылына бір метрге азайып отыр. Оған негізгі себеп – Іле өзенінің Қытай бө­лі­гінде су қоймаларының көптеп салы­нуы. Ал Балқаш көлі судың 80 пайызын осы өзеннен алатыны белгілі. Шығыс көршіміз бүгінде бұл су қоймаларға су толтырып, оны ауылшаруашылық сала­сында тиімді пай­­даланып жатыр. Жарты ғасыр бұрын  Іле өзеніне Қапшағай су қой­масы салынды. Содан кейін бұл өзеннің суы екі жарым метрге азайып, осы күнге дейін сол дең­гейін сақтап келген. М.Елеу­сізовтің па­й­ым­­­дауынша, енді Балқаш көлінің суы одан бетер тартыла түсіп, Арал теңізінің жағ­дайын қайталауы мүмкін.
Қазір жер шары жылынып, ауа темпе­ра­турасы жарты градусқа көтерілді. Арал теңізінің тұздары екі жарым мың шақы­рым­­нан солтүстік мұздықтарға ұшып жа­тыр. Егер болашақта Арал теңізімен қо­са, Бал­қаш көлінің тұзы солтүстік мұздық­тарға ұшатын болса, біз босқындардың кү­­й­ін кешуіміз ғажап емес. Осы мәселеге ел­дің, халықаралық қауымдастықтың на­за­­рын аудару үшін «Табиғат» экологиялық одағы мамырдың 1-інен 30-ы аралығында Іле-Балқаш регата шарасын қолға алуды жос­парлап отыр. «Бұл регата біздің дәс­түр­­­лі шарамызға айналды. Биыл оған көр­ші Ресейден де командалар келіп қаты­сады. Ресейлік әріптестеріміздің ұсынысын қа­был­дап, Балқаш көлінде «Балқашты ұр­пақ үшін сақтайық!» желкенді жарысын ұй­­­ым­­дастыр­мақпыз», – дейді М.Елеу­сізов.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста