Балмұздақ өндірісінде бағымыз жана ма?

Күн күрт ысығалы бері балмұздақ саудасы да қызып тұр. Тіл үйірер тәтті мұзшырынға жастың да, жасамыстың да құмарлығы басым екені анық. Осы тәтті өнімнің өндірісінде қазақстандық балмұздақтардың бәсі пәс түсіп тұр. Негізгі импорттаушы ресейлік балмұздақтардың бағасы қымбат болғанымен, өтімділігі де орасан. Елімізде балмұздақ өндіретін өндіріс орындары саусақпен санарлықтай ғана. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша балмұздақтың импорттық үлесі 46,3 пайызды құрапты.

Сүт өнімдері өндірісін дамыта отырып, импортты ығыстырып шығарып, балмұздақ нарығын толық жаулап алуға мүмкіндігіміз жететін сияқты. Ол үшін еліміздегі балмұздақ өндірумен айналысатын өндіріс орындарын дамытып, сырттан келетін тәтті түріне импорттық салықты еселеу керек деп санайды мамандар. Алайда Кедендік одаққа бас сұққан соң, импорттың үлесі тағы да арта түсетіні айтпаса да белгілі...

Қазақстандық балмұздақтардың ресейлік өнімдерден аса бір айырмашылығы жоқ, артықшылығы болмаса. Бірақ жарнама жасаудың жолын мықтап үйренген ресейліктердің әзірге дес берер түрі жоқ. Еліміздегі балмұздақ өндірісінде «ФудМастер-Айс Кримнің» айы оңынан туған десе де болады. Сондай-ақ Орталық Азия аумағында ең ірі өндіруші компания болып есептеледі. Заманауи жабдықтармен «ФудМастер-Айс Крим» компаниясы «Creamary», «ФудМастер», «Страдивари», «Десерт», «Фруктовый лед», «Пеппи», «Снежок» маркалары бойынша балмұздақ түрлерін өндіреді. Жоғары сапалы өнім өндіріп, бағасының да қолжетімді болуының арқасында компания өнімі қазіргі таңда елде кең танымал. Сондай-ақ Павлодар сүт зауытының да балмұздақ өндірісін қолға алғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Облыс аумағын толық қамтуға мүмкіндігі бар. Тәттінің бағасы басқа өндірушілермен салыстырғанда 15 пайызға төмен. Ұтымдылығы да осында. Ал Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданындағы Бірінші мамыр ауылындағы «Балмұздақ» ЖШС-нің өнімдері де үлкен сұранысқа ие. Кішкене ғана ауылдағы өндіріс ошағында өндірілетін балмұздақ облыс тұрмақ, Алматы, Астана қалаларына дейін тарайды. Алайда еліміздегі балмұздақшыларға өнімдерін шетелге экспорттауға әзірге «жасыл жарық» жанбай тұр. Шетел түгіл, еліміздегі нарықты толық жаулап алудың тетігін таба алмай келеді.

Қазіргі таңда балмұздақ – тұтынушы нарығында ең пайдалы сұранысқа ие тауар. Ең жақсысы және қымбаты табиғи шикізаттан және заманауи технологиямен жасалады. Мұндай балмұздақ ешқандай консервантсыз Цельсий өлшемі бойынша – 20 градустан төмен жағдайда бұзылмай, екі жыл сақталады. Алайда біздегі кейбір өндіруші компаниялардың кішкене ғана «қулығы» бар. Балмұздақты жеп болған соң, сыртындағы жылтырақ қағазына назар салып көрдіңіз бе? Онда өнімнің шығарылған күні мүлдем көрсетілмейді. «Жасалған уақыты транспорттық қораптың сыртында көрсетілген» деген жазуды ғана оқисыз. Ал ол қорапты тек дүкенші мен тасымалдаушы, өндіруші ғана біледі. Дүкеншінің оны қанша градуста сақтағанын да біле алмайсыз. Қуаныштысы сол – әзірге сақталу мерзімі өтіп кеткен балмұздақтан уланыпты деген ақпар жоқ. Ал ресейлік компаниялар әр балмұздақтың сыртына шығарылған күніне дейін жазып қояды. Сондай-ақ компанияның сайтына дейін көрсетеді. Ресейлік «Инмарко» ААҚ-ының «Айс-Групп» компаниясының өнімдері әлемнің жүздеген еліне экспортталады. Біздің еліміздегі балмұздақ нарығының жартысынан астамын жаулап алған да – осы компанияның өнімдері. Балмұздақ шығарушыға айтар уәжіңіз болса, не болмаса өндірісімен танысқыңыз келсе, қорабының сыртында көрсетілген сайтымен танысып, тікелей телефонына, электронды поштасына хабарласа аласыз. Сайттарында қажетті мәліметтердің бәрі бар. Ал біздегі балмұздақшыларды табаныңнан тозып іздеп, әзер табасың. Қораптың сыртына тек мекенжайларын ғана жазады. Әзірге «Бәйтерек», «Астана» деген қазақы атты балмұздақтың барына шүкір деуімізге тура келетін сықылды...

Жыл сайын 30 мамырда Мәскеуде Сокольники саябағында «Балмұздақ күні» атап өтіледі. Оны ұйымдастырушылар – балмұздақ өндірушілер одағының мүшелері. Онда балмұздақшылар жұрт назарына өз өнімдерін ұсына отырып, әрі жарнама жасайды, әрі пайда табады. Ең тәтті балмұздаққа бәйге тігіп, «Жыл тауарын» анықтайды. Бізде де неге осындай байқаулар өткізбеске? Балмұздақ нарығында тер төгіп жүргендер баршылық. Солардың барлығының басын қосып, бәйге болмаса да, көпшілікке таныстыру рәсімін жасауға болар еді. Бізде балмұздақ өндірушілер одағы деген атымен жоқ. Құлаққа тосын естілгенімен, оның берер пайдасы мол болар еді. Ең өтімді тауар нарығын тек отандық өндірушілер иеленсе, қазына қамбасының қаншама миллиардтарға артатынын есептей беріңіз. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, әлем бойынша 1 сағатта 1,5 миллион тоннадан астам балмұздақ сатылатын көрінеді.

Балмұздақтың қатері
Үлкендердің де, әсіресе балалардың сүйікті асына айналған балмұздақтың да қатері бар екеніне сенесіз бе? Иә, солай. Құймалы балмұздақтың адам денсаулығына қатері бар екен. Санэпидемиолог мамандар құймалы балмұздақ "бруцеллез", "селлилез" кеселдерін таратады деп отыр. Бұған оның құрамындағы шикі сүт себеп. Сондай-ақ қолдан жасалынған балмұздақтың санитарлық талаптарға сай келуі де екіталай. Осы балмұздақты жегенде, шикі сүттің иісі шығып тұратынын көпшілік байқай бермейді. Мұндай түрінен гөрі арнайы қорапшадағысын жеген жөн. Жоғары технологиямен арнайы зауытта дайындалған түрі қауіпсіз әрі пайдалы.

Балмұздақтың пайдасы
Аптап ыстықта мұздай балмұздақты жегенде, бірден салқындап, рақаттанып қалғаныңызды байқайтын шығарсыз? Жуырда ағылшын ғалымдары мұздай балмұздақтың ми қызметін жақсартуға өте пайдалы екендігін анықтады. Ұзақ уақыт компьютерде отырып жұмыс істегенде, не болмаса кітап оқып болған соң, балмұздақ жеудің пайдасы өте зор.

Тәтті ақпарат
Ең майлы балмұздақ – пломбир, оның орташа майлылығы 12–15 пайызды құрайды. Оның аты француз қаласы Пломбьердің құрметіне аталған. Бұл балмұздақты осы қалада ойлап тапқан. Одан кейін – «Сливочноеның» құрамындағы май 8–10 пайыз. «Молочноеның» май құрамы тек 2,8–3,5 пайыз. Жеміс-жидек балмұздағы мен жеміс мұздарының құрамында май жоқ, оларды жеміс-жидек, пюре, табиғи жеміс шырыны, повидло және джем қосып жасайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста