Балаңызды бесікке бөлегенді қалайсыз ба?

Мақсат ЖАҚАУОВ, саясаттанушы:
– Әрине, қалаймын. Мен өзім үш ба­лам­ды да бесікке бөлеп өсірдім. Бесік, бірін­шіден, тазалық, екіншіден, бала­ның тыныш ұйықтауының, бойының жылы болуының кепілі. Бесіктің баланы түр­лі бәле-жаладан сақтайтын киесі тағы бар. Қазіргі жастар бесіктің мәнін біл­мей жүр. Ал дәрігерлердің «бесікке бө­лемең­дер» деп үгіттеуін ұлттық салт-дәстүрге жасалған қиянат деп білемін. Сонау атам заманнан ұстанып келе жат­қан ұлттық құндылығы­мыз­ды енді неге жоққа шығаруымыз керек? Қазіргі «пам­перс­тердің» жарнамасы мық­ты, ал зия­ны жайлы сол дәрігерлер жақ аш­­пайды. Бұл дұрыс емес. Қайта бесікті жар­­на­ма­ла­уымыз керек. Бесік балаға таза­лық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Асты құрғақ бо­лып, тербетілгенде бала рақаттанып ұйық­­­­тайды. Жалпы, сәбиге бесіктен артық жатын орынды әлемде ешкім ой­лап тапқан жоқ.

Бекжан ТҰРЫС, актер, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi:
– «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, бүкіл тәлім-тәрбие, ұлттық ұла­ғат бесіктен басталған. Сан ғасыр­лық ұғым­дарды, дүниетанымды сақтап алып бүгінге жеткізіп отырған бесік, расында да, ұлт руханиятының бастауы. Алайда қазір осы бесігі­мізден ажырап барамыз. Бүгінде бесік көрмеген будан­дар қаптап кетті. Бесікпен бірге бесік жырымыз да ұмыт қалды. Осыдан біраз бұрын маған бір апа келіп: «Сендер қа­тар­лы жігіттердің бойында бейкүнәлік, тазалық бар. Бірақ қа­зіргі өсіп келе жат­қан ұрпақ қатыгез бо­лып барады, со­лар­дан қорқамын», – деп еді. Шынында да, ойланарлық жағдай. Біз бесікте, ата-әженің қойнында, солардың ерте­гі­сін тыңдап өстік. Үлкеннің қойнында көп жатқан бала мейірімді болып өседі. Ал қазір баланы қырқынан шыққаннан кейін бөлек жатқызамыз, бесікке бөле­мей­міз. Емшектен ерте шығарып тас­тай­мыз. Уызы­на жарымаған бала қан­дай болып өседі? Жасыратыны жоқ, қазір бесік көрмеген будан ұлтын ұлық­тай алмайтын қасиетсіз болып барады. Мен осыдан қорқамын.

Нұрлан ЖҰМАХАН, журналист:
– Өткен ғасырда дәрігер ғалымдар туған соң үш күннен кейін ғана баланы анасының бауырына салу керек екенін дәлелдеп келген еді. Осыдан екі-үш жылдай бұрын америкалық ғалымдар «баланы туғаннан анасының бауырына салу керек» деп, жаңалық ашқандарын айтып әлемге жар салды. Ал бұл – қазақ үшін жаңалық емес. Өйткені қазақ бұ­рын­нан солай жасап келген. Сол сияқты бір күні өзге елдің ғалым­дары бесіктің тиімділігін ғылыми түрде дәлелдеуі мүм­кін. Сол кезде «мынау керемет жа­ңа­лық екен» деп қоса шаппай, қазірден дә­рігер ғалымдар бесіктің пайда­сын өзіміз­ге де, өзгеге де дәлелдеуі керек. Бүл­діршінін бесікке бөле­ген бабамыз­дың бүгінге дейін ме­рейі аласарған жоқ, тұқы­мы құрыған жоқ. Керісінше, талай батыр­лар мен би­лер сол тал бе­сік­те өсті, жетілді. Сондықтан ғалымдар дәрі­герлердің «бесік баланың өсуіне зия­нын тигізеді» дегенін ғылыми негіз­де жоққа  шы­ғаруы тиіс.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Бесіктің құрылысы
1. Арқалық (арыс) – бесіктің үстіңгі, көлденең, жұмыр белағашы.
2. Бөген (алдыңғы бас, артқы бас) – негізінен жас тал мінсіз жонылып, жақсы әрленіп, морға қыздырылып, қыртысын сыртына қарай иген бесіктің екі басы.
3. Жақтау. Ол төртеу. Екі үлкен жақтау­дың ұзындығы арқалықпен бірдей, қос бөгеннің аңғарларын керіп тұратын екі қысқа жақтаудың ені бесік еніне тең.
4. Шабақ. Бұл да төртеу. Екі бөгеннің аяқтарын қосып тұратын ұзын жақтауларға біркелкі қашықтықта көлденең қашалып бекітілген бесік еніндей тақтайша.
5. Сабау. Ол екеу. Екі бөгенді қосып тұратын екі ұзын жақтаудың астына түсетін, бесік ұзындығына тең жұмыр ағаш.
6. Жорға. Бұл да екеу. Бөгендердің иілген басына қарама-қарсы бекітіледі, оның астыңғы қыры қайқы – бесіктің таба­ны. Табанның қайқылығы бесіктің бірқа­лып­ты жеңіл тербелуін қамтамасыз етеді. Бесіктің осы бөлігі – жорғаны қазақ­тар та­бан деп те атай береді.
7. Тақтай. Бесіктің түбек орналасатын, төсек салынатын ортасындағы бөлігі.

Бесіктің жабдықтары

1. Жөргек.  2. Қолбау, тізе бау. 3. Қалың бесік жапқыш.  4.Жұқа бесік жапқыш. 5. Түбек. 6. Шүмек. 7-8-9. Кепіл. 10. Жастық. 11. Көрпе. 12. Құс төсек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста