Балабақшада төсек жетпеген бүлдіршіндерді еденге жатқызған

Желіде Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы балабақшадағы бүлдіршіндердің жартысы еденде ұйықтап жатқан суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.

Желі қолданушысы балалардың осындай күйіне орын тапшылығының себеп болғанын және басшылықтың жемқорлықпен айналысып отырғанын ашық жазған.

 

Facebook желісінің қолданушысы Үйтолған Жарекенің айтуынша 140 орындық балабақшаға басшылық 181 бүлдіршінді қабылдаған. Осылайша артық қабылданған балалардың ата-аналарынан күніне 600 теңгеден алып қалтасына басып отырған.

 

Ал мектепке дейінгі мекемеде қызметкерлерге қалыпты еңбек жағдайының жасалмағанын, кейбіреулерінің мамыр айынан бері жалақылары төленбегенін қоса кетті. Одан бөлек мұнда басшылықтың туысқандары қызметке тұрып жалақы алған. Ал тәрбиешілер баланың көптігі мен маманның аздығынан сағаттарынан көп мөлшерде демалыссыз жұмыс істеуге мәжбүр болған. Соған қарамастан оларға жалақылары жөнді берілмеген екен.

 

“Неліктен балабақша басшылығы артық бала қабылдаған? Нәтижесінде тәрбиелеуші физикалық та моральдық та жағынан қиналып жүр. Ал ас мәзірінде балаларға арналған тағамдардың жиі берілмейтіні тіптен сұмдық. Суретте көріп отырғаныңыздай, бір төсекте  3 бала және тағы кішкентай бүлдіршін жерде жатыр. Бұл баланың денсаулығына кері әсер етпей ме? Ал ата-ана болса, баламыз балабақшада талапқа сай тәрбиеленіп жатыр деп ойлайды. Баласының еденде ұйықтайтынын біле ме екен?”, – деді Үйтолған Жареке.

 

Бұл жазбаға облыстық білім басқармасы жауап берді. Шенеуніктер аудандардағы балабақшалардың жағдайын тексеретін арнайы жұмыс тобын құрды.

 

«Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті уәкілетті органдарға ұсыныстар енгізіліп, заң аясында шешімдер қабылданды», — деп түсіндірді ведомстводан.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста