Балабақшада су ішкен баланың өңеші күйіп қалған

Балабақшада су ішкен баланың өңеші күйіп қалған

Оқыс оқиға Қарағандыдағы балабақшалардың бірінде болған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қарағандыда балабақшада ойнауға шыққан балалар су ішіп хлордан уланып қалған. Олардың біреуінің өңеші мен асқазаны күйіп, ауруханадан бірақ шыққан.

 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл бала облыстық көпбейінді балалар ауруханасына түскен. Қазір баланың жағдайы тұрақты, ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

 

Қарағанды қалалық білім беру бөліміндегілер оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

 

 10 шілдеде "Бәйтерек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық мекемесінде сағат 18.30 шамасында "Еркетай" тобының балалары далаға ойнауға шыққасын су сұрады. Тәрбиеші топқа барып, шәйнектен су құйып берген. Белгілі болғандай, тәрбиешінің көмекшісі шәйнекті қақтан тазалау үшін ішіне део-хлорды салып қойған екен. Тәрбиешінің бұл туралы хабары болмаған. Екі бала ерітіндіні ішкен. Салдарынан сағат 18:55-те медициналық қызметкер жедел жәрдем қызметін шақырған, - делінген хабарламада.

 

Білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 шілдеде барлық кінәлі адам - медициналық қызметкер, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі - дисциплинарлық жауапкершілікке тартылды.

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста