Бала дәрігерінің бағы қашан ашылады?

Жер-жаһанды мекен еткен адамзаттың  қауым­дасқан тірлігін қоғам деп атаса, ол қоғамды бір-бір қызыл кірпіш – сіз бен біз құраймыз. Ал сіз бен бізде жұ­мыр басты пенде болған соң проблема дейтін тау­сылып бітпейді. Сол тау­сыл­майтын мәселеміздің мәнісін табу-таппасы қоғамның сапасын анық­тайтын сарап­та­ма­ның бір құрамы. Ал бұл құ­рамның «қаны бұзылғалы» біраз уақыт.  Бас-басы­мыз­дағы мәселенің  шешілмей, шие­ленісе түсуі қоғамның «қасыса – қаны, қасымаса – жаны шыққан» қотырының көп екенін айғақтап жүр. Біз сол көп қотырдың біреуін қасымақпыз бүгін. Ол қотыр­дың атауы –  медицина. Оның ішінде – бала дәрігерінің басындағы қатпар-қатпар қайғы мен асқынып бара жатқан ахуалы...
Атына заты сай болудан әлдеқашан қалған жедел жәрдем туралы жақ аш­пай-ақ қоялық. Оның жедел жәрдем емес, келер жәрдем болып кеткені қа­шан?! Әйтеуір, түбі бір кешігіп келетін жәр­дем дегеніміз ғой. Енді бұл «дерт» қазіргі учаскелік дәрі­герлерге де жұғыпты. Бүгін шақырсаңыз, ертеңінде келеді. Сөйтіп,  бұлар жедел жәрдемнің «ре­кор­дын» жаңартып жүр. Оған  объективті, субъек­тивті себептер баршылық...
Бала дәрігері қат боп барады
Деректер балалардың көп бөлігі пе­диатры жоқ ауылдарда тұрып жатқанын көрсетіп отыр. Қаладағы тірлікті жоғарыда айттық. Қарық болып отырғаны шамалы.  Ал статистика Қазақстан халқының 30 пайызын балалар құрайды дейді. Яғни 18 жасқа дейінгі балалар 5 миллионнан астам болса керек. Бала дәрігері жоқ ауыл­дағы баланың денсаулығын сонда кімге тап­сырдық? 
Айталық, білдей бір аудан орталығында (ауданда жалпы 50 мың тұрғын бар) бір ғана бала дәрігері бар жағдайлар да кездеседі. Ал ол жан дегенде жалғыз дәрігер ауырып немесе басқа жағдаймен бір жаққа кет­кенде, балаларды өзге терапевт дәрігерлер қа­райды. Ғалымдар бұлай етуге әсте бол­майтынын айтудан бір танған емес. Был­тырғы жылы маусымда өткен ана мен бала ден­саулығына қатысты халықаралық мәс­ли­хатта бала дәрігерінің тапшылығы осы бетінен танбаса, алдағы бір-екі жылда пе­диатрды шам алып іздейтіндей асқынуға ұшы­райтынымызды мәлімдегені аян. Ал оның ақыры бала өлімінің артуына әке­ліп соғады деген деректерді жария еткен-ді ғалымдар. 
Педиатрлардың «дефицитке» ұшы­ра­уын еліміздегі медициналық оқу орын­да­­рында педиатрия факультетінің жабы­луы­мен сабақтастырып отыр. Бала дә­рігерінің жетіспеушілігі салдарынан бү­гінде балалар арасында ауру көбейген. Бү­гінде мәліметтер балаларда  жүйке жү­йесіне қатысты, ас қорыту-ішек, бүйрек, бауыр ауруларының артқанын көрсетіпті.  Олардың көбі созылмалы дертке айналады екен.  Бұған қоса, «қолданыстағы» бала дәрігерлерінің шақыртқанға кешігіп келетін,  тіпті келмей қалатын, біліктілігі төмендігі және бар. 
Бақыт АСҚАРҚЫЗЫ, ата-ана:
– Балам ауырып, таңертең сағат 9-да шақыртқан дәрігерді тіркеу бөлімін­де­гілер «кешке дейін барады, күтіңдер» де­ді. Күттік. Жазған құлда шаршау бар ма? Есікке телміріп, кеш батты. Тағы те­лефон соқтық. «Кешкі 8-ге дейін ба­рады. Күт» деді. Күттік. Ақыры түн бол­ды. Үмітімізді есікке жаутаң-жаутаң қа­раумен үздік. Ертесіне сағат 8-де қайта телефон соқтық. Өкпемізді де ірік­педік. Тағы сол жауап. Содан үмітті үзіп, же­кеменшік емханаларға телефон со­ғып, дәрігер шақырттық. Обалы нешік, олар айтқан уақытта зыр етіп жетіп кел­ді.

Бұл – бір мысал. Әлбетте, мұның субъективті жағы да бар.
Педиатрдың пешенесіне көлік жазылмаған ба?
Айталық, бала дәрігерінің аздығы. Одан соң ол дәрігердің  учаскесін ауыр қоб­дишасын арқалап, жаяу-жалпы ара­лайтындығы – субъективтік себептердің бір­қатары. Жаяудың шаңы шықпасы бел­гілі, бала дәрігері тап сол. Уақыты жетпейді. Көлігі жоқ. Ал күн ұзақ кабинетте отыратын басшыларының астында қызметтік көлік. Халыққа нағыз керек дәрігер жаяу тозып жүреді.  Кабинеттегі адам көлікпен обед­ке барады. Бұл  қалай?  Өзі шаршап-шалдығып, пәленбай ауруды жаяу арала­ған дәрігер науқасты қарауға қайдан ша­масы келсін? Келгенінен кетуі тез. Өйт­песке амал жоқ. Келесі науқас күтіп отыр – көзі төртеу болып... Шала-шарпы қарап, шашылып-төгіліп, әрі қарай жортады. Сосын учаскелік дәрігерді қалай жаз­ғы­рар­сыз? Жегені – жантақ, арқалағаны  ауыр жүк түйе секілді. Кінә кімде? Содан бо­лар, учаскелерде бала дәрігері жиі ауы­сады. Бұл бір тұрақсыз, тұрлауы жоқ орын. 
Сағыныш БЕЙСЕНҚЫЗЫ, педиатр:
– Бала дәрігерінің жұмысы өте күр­де­л­і, ауқымды. Әсіресе қаланың бір бө­лігін, өзіңе тиесілі учаскені жаяу ара­лап, балалардың шақыртуына үл­геру өте қиынға соғады. Бұл – рас. Оны мо­йындау керек. Көлігіміз жоқ. Әсіресе осы уақытта, қыстың күнінде түрлі тұмау, суық тиюлер көбейген шақта шақырту 20-ға дейін жетіп жығылатын күндер бо­лады. Сонда бала дәрігері бір мезгіл қа­былдауда болып, бір мезгіл ша­қыртуға баруы тиіс. Соған үлгеруге ты­рысамыз. Бала денсаулығына немкетті қа­рауға әсте болмайды.

Материалдық тұрғыдан келсек, қолда бар ақпараттарға сенсек, кейінгі жылдары денсаулық саласына бөлінген қаржы жыл сайын 30 па­йызға ұлғайып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір ішкі жалпы өнімнің 2,8 пайызы медицинаға жұмсалады. Солай бола тұрса да, учаскелік дәрігерлердің басындағы материалдық ахуал неге шешілмейді? Педиатрларға көлік тимесін деген олардың маңдайына жазылып қоймаған шығар. Өзі азғана педиатрдың арқа етін арша етіп қойып, олардан қайтіп жөн сұрайсыз? Ал бала дәрігері сәби денсаулығының бірінші күзетшісі емес пе?
Жалпы, еліміздегі мемлекеттік ауруха­на­лар мен емханаларға 15 000-нан аса дә­рігер жетіспейді екен. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Бай­жү­нісов мәлімдеген болатын. Ал Қарағанды облысында 297 дәрігер маман керек. Мұның ішінде бала дәрігері де бар.
Ал бала дәрігерінің басындағы халді тү­земейінше, ұрпақтың денсаулығы түзел­мек емес...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста