Байланыс саласының білгірі

Байланыс саласының білгірі

«Бітер істің басына – жақсы келер қасына» деген халық даналығына сенсек, кез келген шаруаны өз маманы атқарса ғана үлкен іске айналмақ. Сондықтан да саналы ғұмырын еліне қызмет етуге арнаған жандардың жақсылық шарапаты өзгелерге де жұғысты болмақ. Ал бастаған істен жемісті нәтиже шығарып, оны көпшіліктің игілігіне айналдыру әркімнің қолынан келе бермесі анық. Ол үшін адам бойында бірнеше жақсы қасиеттердің жиынтығы болуы шарт. Адамды белестен-белеске жетелеп, биік тұғырына көтеретін – жылдар бойы қалыптасатын өмірлік тәжірибесі мен маңдай тері екені даусыз.

0560

Осындай қағидаларды берік ұстанып, бағытынан жаңылмастан халқына қызмет етіп жүрген жандардың бірі, бүгінде алпыстың асқарынан көрініп отырған азамат – Әбішев Мейірхан Жақсылықұлы. Терең білім мен тынымсыз еңбектің күшінен қуат алып, өмірге ерте араласқан осы азаматтың қазіргі уақытқа дейін жеткен жетістіктері мен атқарған істері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге.

Байланыс саласының білгір маманы, белгілі технолог ғалым, экономика ғылымының кандидаты Мейірхан Әбішев 1950 жылы 11 шілдеде бұрынғы Талдықорған облысы Кербұлақ ауданының Арқарлы ауылында туған. Әкесі Жақсылық Әбішев Ұлы Отан соғысына қатысып, кейін теміржол саласында жұмысшы болған. Майдангер қарт 1982 жылы дүние салды. Шешесі Уәзипа Салықова да соғыс жылдарында тылдағы еңбекке араласып, теміржолда жұмыс істеген. Кейуана осыдан үш жыл бұрын бақилық болған. Осындай қарапайым жандардың отбасында өмірге келген Мейірхан бала күнінен қиындықтың не екенін айқын аңғарып өсті. 1957 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттаған ол сол кездегі көп балалардай октябрят, пионер, комсомол сапында да өзін-өзі көрсете білді. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүретін ол қатарластарынан көш ілгері көрініп, әйгілі коммунистік партия қатарынан да ерте көрінді. Мектепті ойдағыдай бітіріп, байланыс саласы бойынша техникумда білім алды. Осы оқуын аяқтаған соң, 1969-1971 жылдар аралығында кеңес әскері қатарында болып, запастағы офицер ретінде оралды. 1977 жылы байланыс стансысының инженер-электригі мамандығы бойынша институтта жоғары білім алып, араға біраз жыл салып, 1994 жылы екінші институттан экономист мамандығын алып шықты. Қашанда ізденіс үстінде жүретін Мейірхан Жақсылықұлы білімін шыңдауды осымен тоқтатпай, ары қарай ғылымға ден қоя бастады. Байланыс саласының қыр-сырын толық меңгергісі келген ол 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы жанындағы Экономика институтының аспирантурасын тамамдады. Ол осы академияда жүріп, «Байланыс қызметі нарығының қалыптасуы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл тақырып іскер маман, ізденімпаз ғалымның бұдан кейінгі ғылыми еңбектеріне қозғау болды.

Тәжірибелі ғалымның әр жылдары кітап болып жарық көрген ғылыми еңбектері мен өзге әдістемелік жазбалары қазіргі уақытта байланыс технологияларына ден қойғандар үшін таптырмас көмекші құрал іспетті.

Еңбек жолын 1968 жылы қатардағы электромонтер болып бастаған Мейірхан Жақсылықұлы өзінің мамандығына деген адалдығы мен қандай жұмысқа болса да икемділігінің арқасында электромеханик, инженер, бас инженерден үлкен телекоммуникациялық мекеме жетекшілігіне дейін көтерілді. Қызметтің төменгі сатысынан өз еңбегі арқылы жоғарылай бастаған ол 1997 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына жұмысқа келіп, қазіргі уақытта осынау еліміздегі ең ірі байланыс мекемесінде Тарифтер департаментінің директоры ретінде қызмет атқарып жүр. Ол қандай қызметте болсын өзінің кәсіби маман екенін, өз ісінің білгірі екенін көрсете жүріп, қаншама жас кадрлардың тәжірибе жинақтауына көп көмегін тигізді.

Бүгінгі жаһанданған дәуірдегі ақпараттар заманында, әсіресе, байланыс саласының арқалар жүгі ауыр. Уақыт озған сайын заманауи технологиялар жетілдіріліп, байланыс қызметін едәуір жеңілдетуге сеп болып жүр. Ал осы жаңа технологияларды қолданысқа енгізіп, халықтың пайдасына жарату, әрине, тиісті мамандардың біліктілігі мен кәсібилігіне тікелей байланысты. Бұл ретте Мейірхан сынды мамандардың мол тәжірибесі, қандай да бір істің алға жылжуына айтарлықтай септігін тигізбек. Өндіріс пен ғылымды ұштастыра білген ол – еліміздегі байланыс саласын дамытуға мол үлес қосып келе жатқан санаулы ғалымдарымыздың бірі. Жан-жақты тәжірибе алмасу мақсатында ол Халықаралық электробайланыс орталығымен, Байланыс жөніндегі аймақтық қауымдастық мүшелерімен және басқа да шетелдік әріптестерімен үнемі тығыз қарым-қатынас орнатқан. Бүгінгі байланыс саласында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаларда ғалым Мейірхан Жақсылықұлының да айрықша еңбегі мен қолтаңбасы бар. Оның ғылыми мақалалары арнайы мамандандырылған басылымдарда жиі жарық көріп тұрады. Сондай-ақ ол байланыс технологияларын тиімді пайдалану үшін баға саясатын дұрыс жүргізудің маңыздылығы жөнінде бірнеше тың ұсыныстар жасап, үлкен жобаларға атсалысып келеді. Еліміздегі байланыс саласының қалыптасып, дамуына қосқан ерен еңбегі ескеріліп, Мейірхан Жақсылықұлы бірнеше жоғары марапаттарға лайық деп танылған. Атап айтар болсақ, осыдан біраз жыл бұрын «Құрметті байланысшы» атағына ие болып, ел Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатын алған. 2007 жылы ТМД көлеміндегі байланыс операторларымен қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлес қосқаны үшін Ресей Федерациясының ақпараттық технологиялар және байланыс министрі Л.Рэйманның арнайы «Құрмет грамотасына» ие болған. Ал қоғам игілігі үшін байланыс саласында атқарған жемісті еңбегі еленіп, 2008 жылы «Жыл адамы» белгісімен марапатталған. 2009 жылы Елбасы тарапынан екінші мәрте алғысқа ие болып, «Құрмет грамотасын» алды.

Өз ортасында бедел мен құрметке ие Мейірхан Жақсылықұлы – отбасында да  сыйлы жар, ардақты әке, сүйікті ата. Ол бүгінде үш баласынан төрт немере сүйіп отырған шаңырақ иесі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста