«Әзірет Сұлтан» мешіті ауызашар ұйымдастырды

«Әзірет Сұлтан» мешіті биылғы Рамазан айында да БАҚ өкілдерін назардан тыс қалдырмады. Елордамыздағы еңселі мешіт 400-ге жуық БАҚ өкіліне дастархан жайып, ауызашар ұйымдастырды.
Ауызашар Қасиетті Құран оқумен бас­та­лып, ғибратты ән-термелермен жал­ғас­ты. Кеште танымал әнші, эстрада жұлдызы Құр­маш Маханов діни әндерін ұсынса, ай­тыскер ақындар мен жыршылар әуезді ән­дері мен термелерін орындады.
Ауызашар кешінің шымылдығын түрген «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қай­рат Жолдыбайұлы: «Расын айту керек, асыл ді­німізді насихаттауда бұқаралық ақпарат құ­ралдарының маңызы зор. Мешітіміз ашылғалы бері атқарылған игі ша­ра­ла­рымыз БАҚ-тың назарынан тыс қалып көр­ген емес. Жалпы, Қазақстан мұсылмандары ді­ни басқармасының барлық игі істерін қалт жібермей, ақпарат айдынына шы­ға­рып отырған сіздерге алғысымыз шексіз», – деп БАҚ өкілдеріне ризашылығын біл­дір­ді.
«Әзірет Сұлтан» мешіті ашылғалы бері, міне, биыл екінші Рамазанын өткеріп отыр. Ме­шіт биыл да былтырғы дәстүрінен жа­ңылмай, 30 күн бойы ораза ұстаушыларға ауыз­ашар ұйымдастырып келеді. Ас­ха­на­сында күн сайын 450 адамға дастархан жайылып, көпшілікке ауызашар берілуде.
Рамазан басталған күннен бастап «Әзі­рет Сұлтан» мешіті «Ауызашарға үлес қос!» ак­циясын жариялаған болатын. Бір кісінің бір күндік ауызашар құны 1500 теңгеден, әр­кім шамасы жеткенімен ауызашарға өз үле­сін қоса алады. Сондықтан да бұл ауыз­ашар­лар негізінен еліміздің қалталы кә­сіп­к­ер­лері мен атымтай жомарттарының және қа­рапайым халықтың есебінен екенін айта кету керек.
Жалпы, мешіттің Рамазандағы игі ша­ра­сы бұл бір емес. Сонымен қатар осынау қа­йырымды айда мешіт әлеуметтік жағ­дайы төмен отбасылардың балаларын мек­тепке дайындау акциясына да үлес қосуға және жарымжан, науқас сәбилерге қол ұшын созуға шақырады.
Айта кетейік, «Әзірет Сұлтан» мешітіне қа­расты www.muslim.kz сайты Рамазан айында еліміздің мұсылмандарын қажетті ақ­параттармен дер кезінде қамтамасыз етіп отырғаны көңілге қуаныш сыйлайды. Сон­дай-ақ сайттың Рамазан айы кезінде ха­лықтың оразаға қатысты кез келген са­уа­лына жауап беретін тікелей желіде анық­тама қызметі де жұмыс істеп тұр. Бүгінде бұл сайтқа көз жүгіртіп шығатындардың саны күн сайын өсіп келеді. Рамазанның алғашқы күні-ақ 12 мың интернет пай­да­ла­нушы мәлімет алу үшін аталған сайттың көмегіне жүгінген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста