Әжімді әдіптеудің әлегі аз емес

Әжімді әдіптеудің әлегі аз емес

Бүгінде бетім қисық деп айнаға өкпелеудің қажеті шамалы. Әжімді әдіптеп, әдеміленудің неше түрлі жолдары бар. Пластикалық ота жасатуға құмартушылардың қатары да артып келеді. Бетіне сан қатпарлы сызық түсірмеу үшін, сұлулығын сақтап қалу үшін пышаққа түсуден қорықпайтындар жетерлік. Әрине, жасанды сұлулықтың жастығыңды қайтарып бере алмайтыны белгілі. Алайда уақытша болса да кәрілікті тоқтата тұруға күші жетеді. Дегенмен оның ертеңгі күні тарттырар азабы да аз емес.
«Жастығын қайтару үшін» арпа­лы­са­тын­дар бұрын тек шетел асып кететін болса, бү­гін­де отандық дәрігерлер де өз елімізде ар­зан­дау бағаға әжімді әдіптеп беретін болды. Табиғи заң­дылыққа қарсы шығып, қолдан сұлу бол­ғысы келетіндердің қатары көбей­ме­се, азаймай отыр. Мамандар төсті үрлеген шар­дай үлкейту сәннен қалғанын айтады. Сұра­ныс енді қысық көздерді үлкейтіп, бой­ды ұзартып, қамыт аяқты оқтай түзу аяққа айналдыруға артыпты. «Қисық аяққа қызыл кебіс не теңімнің» күні өткен. Енді аяқ­тарына май қосып, оны түзулеуге ден қой­ған­дардың қа­тары тым көбейіп кеткен. По­диум­ға шы­ғып, көркін паш етпесе де, мини юбка киіп көс­теңдеуге құмар келіншектер әлі де болса бар.
Пластикалық хирургиядағы ең қиыны жілін­шікті өзгертіп, бой ұзарту болып са­на­ла­ды. Сон­дай-ақ қалқан құлақты кішірейтіп, қоңқақ мұ­рын­ды пістедей ету де оңай шаруа емес. Әрі ар­зан тұрмайды. Соған қарамастан, сұлулыққа келгенде құрбандық шалуға құ­мар­лар жетіп-артылады. Соңғы әлеттегі сұранысты әжімді әдіптеп, келбетін ботекспен ажарландырғысы келетіндер арттырған. Әжім тарттыру – 150 мың теңге, қысық көзді ботадай ету – 50 мың теңге, қал­қиған қалқан құлақты кішірейту 40 мың теңге тұрады. Қалта қақпайтын қаражат. Әрі бұл қатып қалған баға емес. Еліміздің әр өңірінде де баға бағамы әртүрлі. Ал мамандар мұндай күрделі оталар шетелдерде 2-3 мың доллар тұратындығын айтады.
Мемлекеттік мекемелерде денсаулық сақ­тау министрлігі бекітіп берген баға сая­са­ты жұмыс істейді. Ал бүгінде қаптап кеткен жеке кли­ни­ка­лар ауызды қалағанынша аша­ды. Өйткені құр­бан­дықты қажет ететін сұлу­лық үшін ештеңесін аямайтын нәзі­к­жан­ды­лар­дың көп екендігін білгендіктен жанды жер­ден ұстап ұтады. Әрине, туа бітті кеміс­тік­тің кесірінен, жол апатынан кейін ота жа­са­туға бел буғандарға айтар уәж жоқ. Деген­мен өзінің табиғи жаратылысына қарсы шы­ғып, ертеңгі күні тарттырар азабын біле тұра қауіпті қадамға баратындарға қайран қалмасқа шара жоқ. Жуырда ресейлік бір ба­сы­лым өнер жұлдыздарының қайсысы плас­ти­калық отаға көбірек жүгінетіндігін жазыпты. Осындай отадан кейін қатерлі ісік дер­тіне ұшы­рап, қайтыс болғандардың тізімін де қоса бе­ріпті. Атақтылардың ажалы осы оталардың ке­сі­рінен болуы да мүмкін деген болжам жа­сапты.
Қауіпті қаперден шығарып, отаға ниет ете­тіндердің 70-80 пайызы қыз-келіншектер кө­рінеді. Инъекция енгізу арқылы көз ас­тын­дағы әжімдерді тартатын ботекс құралының ба­ғасы бүгінде қолжетімді. 50 мың теңгеден бас­талады. Бірақ оның әсері бір жылға да жет­пейтін кө­рі­неді. Ағзаға кірігіп кетпей тұратын гельдерді инъекциялық енгізудің өте қауіпті екенін айтады дә­рігерлер. Ол кейіннен асқынуы мүмкін. Ке­зін­де беттің әжімін тартатын алтын жіп салдыруға құмбыл бол­ғандар көп еді. Бет терісінің астына са­лынып, сол арқылы әжімді тартатын мұндай про­цедура тым қымбатқа түседі. Өйткені ол іріңдеп кетуі мүмкін. Айналдырған алты ай ғана тұратын бұл процедураның кем-кетігі де көп. Ақшасын желге ұшырып бір, беті ірің­деп екі рет шығынға ұшырайтындар жоқ емес.
Жеңіс ҚАЛТАЕВ, пластикалық дәрігер:
– Бүгінде дәл осы саланың аса сұра­ныс­қа ие екендігінен бе екен, пластикалық хирург болуға ниет еткендер көбейіп ке­леді. Отан­дық мамандардың қатары арт­қа­ны қуан­тады әрине. Дегенмен қы­лыш­тың қы­рын­да жүргендей аса қауіпті ма­мандық дер едім. Дұрыс жасалынбаған әрбір ота үшін жауапты болатыны өз ал­ды­на, осы салаға қа­тысты кейінгі жа­ңа­лықтардың бәрінен құ­ла­ғдар болып, тәжірибе жинақтап білімін арт­тырып оты­ру да оңай емес... Жеке кли­ника ашып, ісін дөңгелетіп отырғандардың денін­де қызмет атқарып жүрген дәрі­гер­лердің барлығы да өз саласын жетік мең­герген кәсіби маман болса оған айтар уәж жоқ. Дегенмен пластикалық отадан кейін асқынулар болып, қайтадан пы­шақ­қа түсіп жататындар аз емес елімізде. Сон­дықтан да мұндай отаны жасау­шы­лар­ға да, жаса­ту­шы­лар­ға да «жеті рет өл­шеп, бір рет кескеннің» артықтығы бол­мас дер едім...

Расында, бүгінде жеке клиникалардың жарнамасы жер жарады. «Бетті жас сәбидің бе­тін­дей етеміз, бұғақты алып тастаймыз, қарын­ды сылып тастаймыз» деген мазмұн­да­ғы жа­ңа­лық­тардың дабылы алысқа кетіп тұр. Дегенмен жасанды сұлулыққа құмбыл қыз-келіншектердің құлағына алтын сырға: жасанды жапсырмадан гөрі «сыры кетсе де, сыны кетпеген» сұлулықтан артық ештеңе жоқ дер едік...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста