Ахмет Байтұрсыновты "билетіп" қойған тиктокерлер жұрттың ашу ызасын туғызды (видео)
Әлеуметтік желі қолданушылары соңғы кезде танымал болып жүрген тикток қосымшасында еліміздің біртуар азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановты "билетіп" қойған тиктокерлерге ашуланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Видеоны Instagram желісінде qazaqpyz_goi парақшасы бөлісіп, тиктокерлердің әрекетін сынға алған.
"Тренд деген, әрине жақсы ғой... Бірақ қасиетті, тиісуге болмайтын дүниелер болу керек емес пе? Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды азаматтар - қазақ халқының ұлы тұлғалары", - деп жазған видеомен бөліскендер.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары видео авторына ашулы.
"Ұлы тұлғаларымызды мазақ қылып болды", "Марқұм кісілердің жандарына тыныштық берші. Айналайын, тиктокер бала", "Қайда осыларды қадағалап отыратын арнайы құзырлы қызметтер? Жазасын заңға сай берсін", "Қайран ата-бабам-ай", "Мыналары не сұмдық, тіпті өлген адаммен ойнап", - деп ренішін білдірді көпшілік.
Желі қолданушылары тиктокерлерге аруақты сыйлау керектігін ескертіп, мұндай әрекетке баруларын доғаруды талап етуде.
ВИДЕО: www.facebook.com/100041723182993/videos/pcb.1963636270679677/373982590669177/