Автоцонда былық көп. Мекеменің ішінде заңсыз жұмыс жасайтындар ашық жүр…

Үй мен автоцонның арасы күнделікті жолыма айналды. Бұл жүрісте көліктің көлеңкесінде үлкен ережелердің бұзылып жатқанына көзім жетті. Жылына қаншама адам жол-көлік апатынан көз жұмады! Айына ауыр халде ауруханаға түсіп жатқандар қаншама?! Мүгедек болып, тауқімет кешкендер де жоқ емес. Тіпті күніне қиын оқиғалар болып жатады. Жол-көлік оқиғаларының аржағында ажал мен азап, қайғы мен қасірет тұр. Адамның тағдыры, қоғамның тартып жатқан зардабы бар. Осыларға қолмен жол беріп отырмыз.


Қаңтардан бері ел, ең болмағанда, жаңаға қарай талпынысты көргісі келеді. Бірақ әлі күнге дейін былық бұлжымай тұр. Жемқорлық “жүйесі” бұзылмай істеп тұр. АВТОЦОННАН көріп жүрмін. Жең ұшынан жалғасу… “Көмек-көмек” деп қойып, мекеменің ішінде заңсыз жұмыс жасайтындар ашық жүр… Ондағы себеп-кесірлерді жеке-жеке тақырып етпесе, бір жазбаға сыймайды. Әр барғанымда ден қойып, мұқият қарап жүрмін. Алда өзекті мәселелерге арқау болатын түрлі жазба жариялаймын. Әзірше жалпы және мемлекеттік тіл жағынан келейін.
Мен емтиханға бес рет кірдім. Тапсыра алмадым. Ал жоғарыдағы “көмек көрсеткіштерге” тиын берсем, бірінші кіргеннен-ақ тапсырып шығар едім. Ең қызығы “лешениктер” өз бетімен ала алмайды дегенді бірнеше адамнан естідім. Шынымен солай сияқты. Жол ережесін түгелге жуық жаттадым. Бұрын да аз білмейтінмін. Бірақ өте алмаймын. Неге десеңіз тест шатастыруға құрылған. Ережені білудің маңыздылығына, қауіп болдырмауды меңгертуге негізделмеген. Неғұрлым шатастыруға жасалған. Дұрыс жауаптардың бәрі емес, көшілігінің жол-көлік қаупін алдын алуға, сақтандыруға байланысты маңыздылығы жоқ деуге болады. Қазақ тілінің деңгейі төмен. Сұрақтың шарты түсініксіз. Аудармада қате көп. Ереженің емес, бірінші сұрақтың мәнін ашу үшін бас қатырасың. Не сұрап тұрғанын ұғу үшін уақыт керек. Ашық талқыға түссе айтқандарымды дәлелдеп беремін. Айтпақшы, нақты факты болсын деп “көмек берушілермен” сөйлестім. “Бәлен мың теңге берсеңіз, бәрі “чики” болад. Құлағыңызға наушник кигіземіз. Сұраққа бірден жауабын естіп отырасыз. Дәл осылай айтты. Ойдан шығарып отырған жоқпын. …сосын мекеменің ішінде ешкім жөн-жобаға жауап бере алмайды. Бір-біріне сілтейді. Ең сорақысы көпшілік арасына түрменің түсінігін енгізіп қойған ба дерсіз… Заңды жолын, өз құқығын талап еткендерді “сасық”, “сасып жүр”, “сасып жатыр” деп өздерін ақтап, адамдарды даттап сөйлейді екен. Өздерінің қоғамды ірітіп, шірітіп, адамның түсінігін бұзып жатқандарымен шаруасы жоқ. Сосын куәлікті тиынмен алған адам өзін дұрыс жолда, тәртіппен жүргісі келетіндерді бұрыс жолда деп есептейді. Тағы бір топ “Ой, жүрем бе, миымды қатырып…? Тиынмен шешем. Уақытым жоқ! Қай жерде закон бар? Кім біліп туыпты. Өздері ғой, осыған жол беріп отырған. Балық басынан шіриді”деп бір шеті шындық, бір шеті түзелуге бет бұрмауға айналғандарды көресің. Осыдан кейін Президенттің жаңаға бастаған сөзі мен ісінде мән қала ма? Президенттің жалғыздығын түсінгендей боласың. Нақты істе осындай былықты көргеннен кейін Президенттің министрлерге сөгіс бергені, Путиннің алдында ақиқатты айтқаны саяси сайқал ойын ретінде қабылданатыны рас. Бұрыннан былыққан жүйе жаңа істерге тосқауыл, мемлекет басшысына деген сенімге күмән, күдік араластырып тұр. Кеше ғана Президент әркім ісіне кәсіби тұрғыда келу керек дегенді айтты. Басқасын былай қойғанда мемлекеттік тіл жағынан келсеңіз жауабы жоқ сұрақ көп. Мүйізі қарағайдай ҚР ІІМ-інің жол ережесіне дайындаған тестері сын көтермейді. Бұл тілді қорлау! Қазақ тілінде сөйлейтін елді қорлау. Мемлекеттік тілдің күйі осындай болғанда, басқасынан не үміт, не қайыр?! Түсініксіз сұрақты сол жердегі инструкторларға көрсеттім. Олар да білмейді, иығын көтереді. Орысшасы болмаса, қазақшасын түсінбеймін дейді. Ал керек болса! Сонда қазақ тілін кәсіби дәрежеде білетін, тесті жоғары деңгейде дайындайтын бір адамның болмағаны ма? Бұл тест қолданысқа қалай өтіп кетті. Оған рұқсат берген кім? Кім жауапты? Жаңа Қазақстан қазақ тілінің сол баяғы бейшара күйімен жасала ма?
Жаңа Қазақстанның ең басты ұстыны әділеттілік емес пе? Әділеттілікті талап етпесең, біреу әкеп бере ме? Не нәрсені де халық жасамай ма? Қағаз бен сөздің көрсеткіші халықтың әрекетінен көрінбей ме? Міне, бір ғана АВТОЦОНДА қаншама былық миласып кеткен.
Адамның құқығын таптаудың түрлі сипатына себеп болатын кесір жетеді. Түгел тексеру керек!

Еділ Анықбай

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста