"Аузыма, бетіме ағызды". Түркістандық полицей 2 баланың анасын зорлаған

  • 47
"Аузыма, бетіме ағызды". Түркістандық полицей 2 баланың анасын зорлаған

Түркістанда 31 жастағы әйел әділдік іздейді. Екі балалы жалғызбасты ана полиция қызметкері бірнеше рет сексуалдық зорлық-зомбылық жасады деп отыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Жанайқайын жеткізген әйел "Не молчи" қорынан көмек сұрап хат жазған. Ол хатты аталған қордың негізін қалаушы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Instagram-дағы парақшасына жариялады.

 

Жалғызбасты ананың жазуынша, өткен жылдың мамыр айының соңында оны Түркістан облысы Сауран аудандық полиция бөліміндегілер алаяқтық ісі бойынша шақырған. Сол жерде полиция бөлімінің жедел кезекшісі келіншектен мән-жайды сұрап, тіпті тергеушіні жақсы танитынын, көмек бере алатынын айтып телефон нөмірін жазып алыпты.

 

Жауап алу кезінде жалғызбасты әйел танысынан пайыздық үстемемен қарызға ақша алып, оны ай сайын уақытында төлеп тұрғанын айтқан. Тергеуші мән-жайды анықтап, іс жабылған екен.

 

Дәл сол күні кешке келіншекке телефон нөмірін сұрап алған полицей хабарласып, шұғыл кездесу керектігін айтыпты. 31 жасар әйел алғашында қарсылық танытқан, бірақ кейінірек үй ауласына шығыпты. Көлік ішінде полицей оған алаяқтық әрекеті бойынша істі өзі жапқанын, ол қызметі үшін келіншекке бір түн өзімен бірге болуын сұраған. Бұны естіген жалңызбасты әйел абдырап қалады. Кейіннен тәртіп сақшысы іс қысқартылғаны туралы құжатты беретінін алға тартып, келіншекті көлікпен алып кетіп, белгісіз пәтерге апарған көрінеді.

 

Пәтерде мені күшпен зорлап, бетіме шәуетін ағызды. Кейін маған үнемі хабарласып, өзімен жиі төсектес болуды талап етіп жүрді. Ал 23 тамыз күні үй алдына келіп, үздіксіз хабарласты. Мен бас тартқаныммен, амалсыздан шығуыма тура келді, — делінген хатта.

 

Көлік ішінде шенді қызметкер әйелге қатты ұрысып, тіпті қол көтеріпті. Кейін көлікте зорлаған көрінеді.

 

Жәбірленушінің мәліметінше, арада бірнеше күн өткен соң, 8 қыркүйекте әлгі полицей оның үйіне қайта келіп, сыртқа шығуы керектігін айтқан. Бас тартқанымен шарасыз күйде екенін түсінген әйел оған етеккірі келіп жатқанын, сондықтан жыныстық қатынасқа түсе алмайтынын жеткізіпті. Оны естіген полицей анайы жыныстық қатынасты талап еткен.

 

Ол мені тапаншасымен басымнан ұрып, ұрып-соғып тізерлеп отырғызды. Сосын жыныс мүшесін аузыма салып, шәуетін аузыма ағызды. 11 қыркүйекте тағы да келіп, көлігінде соққыға жығып, қайта зорлады, — дейді келіншек.

 

Мұндай зорлық-зомбылыққа шыдай алмаған әйел ертеңіне Түркістан қалалық полиция басқармасына барып, тәртіп сақшысының үстінен арыз жазған. Осыдан кейін полицей келіншекке таныстары арқылы ақша ұсыныпты. Істі алғашында полиция басқармасы жүргізген екен, кейін оның арызы өзіндік қауіпсіздік басқармасына өткен.

 

"Арада бірнеше ай өтсе де нәтиже жоқ. Бұл жауаптылардың өз ісіне немқұрайлы қарауынан деп ойлаймын. Өзіндік қауіпсіздік басқармасының тергеушісі күдіктінің сөзін сөйлеп, маған өтірік айтты. Оған полицей тізгіндеген Тойота Камри көлігін айыптұраққа қою туралы бұйрық берілген. Бірақ таппадық деген сылтаумен оны орындамады", — дейді келіншек.

 

Әйел әлгі көлікті өзі тауып, айыптұраққа қойғызған екен. Бірақ биыл, 4 ақпанда көлік айыптұрақта болмай шыққан. Бұл туралы жәбіренушіге ешкім хабар бермеген. Тіпті сараптама қорытындысымен таныстырмаған көрінеді.

 

Зорлық-зомбылық көрдім деген келіншек енді өзінің жасөспірім қызы үшін алаңдап отыр.

 

Ол (полицей — ред) үлкен қызымды үй алдында күтіп алып, көлігімен серуендеп келуді ұсынған. Оны естіген қызым шошып кетіпті. Осы кезде қызымның төсі мен әуретті жерлерін сипалай бастаған. Қатты қорқып қалған қызым айқайға салып, қашып үлгерген, — делінген жазбада.

 

Түркістан облыстық Полиция департаменті өкілдерінің пікірінше, келіншектің арызы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тіркелген. Атап айтқанда: 120-бабы 1-бөлігі (Зорлау, яғни жәбірленушіге күш қолданып немесе оны төндіру қатерін төндіріп не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау) және 122-бабы 1-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау).

 

Тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаға қатысушылардан жауаптар алынған.

 

Өткен жылдың 21 қарашасында іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу облыстық Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына тапсырылыпты.

 

30 желтоқсанда Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігі 9 тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеудің мерзімі үзіліп, биыл 17 қаңтарда іс қайта жаңғыртылды. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Нәтижелері бойынша заңды шешім қабылданады, — делінген полиция мәліметінде.

 

Ведомстводағылар жәбірленушіні Полиция департаментінің бастығы жеке қабылдап, тергеу барысын өз бақылауына алғанын атап өтті.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 191
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 238
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста