Атырауда аққулар қырылып жатыр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Аққу ғана емес, үйрек, қаз, күйкентай, бозторғай, тырналар тізбегі де ұшып келе жатып, электр бағандарына соғылып ажал құшуда. Екі қанатын жайып, бағанаға қонамын дегенінде токқа тартылып жерге құлап жатқан ірі құстарда да есеп жоқ. Облыстағы кернеуі 10 киловольтқа дейін жететін электр тарату желілерінің ұзындығы сегіз мың шақырымға созылып жатыр. Соның 410 шақырымын шолып шыққан ресейлік ғалым Марк Пестов бағаналар түбінде өліп жатқан 136 құсты тіркепті. Аджип ҚКО, КТК компанияларына тиесілі бұл желілердің бойында, әсіресе дала бүркітінің өлігі көп ұшырасқан. Онсыз да «Қызыл кітапқа» енген, өсімі тым баяу бағалы құстың бұл өлімінің алдын алуға болар еді. Еліміздегі Экологиялық кодекстің 237-бабында электр желілерін пайдаланған кезде құстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайы айтыл­ғанымен, мекемелер бұл іске мүдделілік танытпай келеді.
«Дронт» деп аталатын экологиялық орталықта жұмыс жасайтын Марк Пестов тұйық­талған электр тізбегінің салдары құстардың қырылуына әкеліп отырғанын айтады. Заң жүзінде әр кәсіпорын өздеріне қарасты электр тарату желілерін құстардан қорғау қондырғыларымен жабдықтауға тиісті болғанымен, бұған бас қатырып отырған ешкім жоқ. Жоғарыда аттары атал­ған мекемелермен қатар, «Қаз­Транс­Газ» компаниясының электр тарату желі­лерінде де құстардың токқа ұшуының 96 фактісі тіркелген. «Шын мәнінде құстардың өлімі бұдан да көп болуы мүмкін, – дейді ресейлік ғалым. – Экспедиция болған жерлерде жабайы аңдардың іздері бай­қалды, дайын асты олар да текке қал­ды­р­май жеп кетеді ғой. Электр сымдарына құстар ауа райы ашық кезде қонса, қауіп те аз. Ал жаңбырлы күндері тобымен қонақ­тайтын торғайлар тобының аман қалуы екіталай».
Сонда не істемек керек? Құстарды қор­ғайтын заманауи сым қаптағыштар біраз ақшаны қажет етеді. «Ембімұнайгаз» ӨФ бас энергетигі Ғабит Иманғалиев: «мұнай кәсіпорындарындағы әуе желі­ле­ріне қор­ға­ныш сымдарды орнату үшін 55 млн теңге қажет», – дейді. Мекеме тіреу­лер­ді бе­кіту аудандарына 350 манжет ор­натқан. Бұл жердегі тағы бір мәселе – қондырғыны орнатқан кезде электр беруді тоқтата тұру керек, ал бұлай істеу мұнай өндірісіне залалын тигізеді. Әрі сым бойын­дағы ток­ты әркім өз қалауымен айы­ра алмайды, ол үшін міндетті түрде облыс энерге­тик­те­рінің келісімі керек. Сондықтан да қалған ман­жеттерді орна­лас­тыру келер жылдың күзін­де және көк­те­мінде жүзеге асатын болады, – дейді. Ал күзгі-көктемгі электр желісіне сынақ жасайтын аз ғана уақытта құстарды қор­ғау­шы жабдықтарды орна­лас­тырып үлге­руге бола ма деген сауалға «КТК» ком­па­ниясының менеджері Виктор Сутягин «мұндай мүмкіндік жоқ» деп жауап берді.
«Құстар өлімі болған сайын желілерде қыс­қа тұйықталу пайда болады, соның кесі­рінен жабдықтар істен шығады, мұнай тасымалдау тоқтатылады, – дейді В.Су­тягин. – Компания тарапынан қанат­ты­лар­ды қорғау жұмыстары жасалып жатыр, құс­тарды үркітетін ультрадыбысты қон­дырғылар 30 бағанаға орнатылды».
Сым қаптағыштан бөлек, құстарды қорғаудың бір жолы ретінде ғалымдар электр желілерін жер астынан жүргізу әді­сін де ұсынып отыр. Алайда аса көп қар­жыны керек ететін бұл әдістің іске аса қоюы неғайбіл. Қалай дегенмен де, кең даланы мекендеген қанатты құстардың бұлай қырыла беруіне көз жұмып қарап отыруға болмайды. Асқар тауы мен биік бәйтерегі жоқ Атырау жері қонатын биіктік іздеп токқа соғылған қанатты құстардың өлім­тігі­не толмасын десек...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста