Астанада жолаушы "порно" көріп отырған автобус жүргізушісін видеоға түсіріп алған
Желіде астаналық автобус жүргізушілерінің бірінің "порно" көріп отырған видеосы тарады. Оқырмандар ер адамның бейәдеп ісін сынға алып, арнайы тексеріс жүргізуді талап еткен , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған видео Telegram-арнасындағы парақшалардың бірінде пайда болды. Онда автобус жүргізушісінің "порно" мазмұндағы бейнежазба көріп отырғанын байқауға болады. Онда:
"Бұл кеше кешке, 47 автобуста болған оқиға, деп жазды біздің оқырман", - деп жазылған.
Желі қолданушылары автобус жүргізушісінің бұл әрекетін сынға алған. Олар:
"Осылай видео көріп отырып, апатты жағдай орын алса, кім кінәлі болады екен?", "Ұят-ай, адамдарға сенбейтін заман болды ғой", "Осыны видеоға түсіріп, сіздерге жіберіп отырған адам да ұят жоқ", "Бастысы жолаушыларды діттеген жеріне аман-есен жеткізсе болды емес пе, басқасында шаруамыз қанша" деп жазды олар.
Аталған мәселеге байланысты CTS компаниясына хабарласқанымызда, ондағылар оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандығын атап өтті. Ал, кейінірек компания көлік жүргізушісін тапқандығын әрі оны тәртіптік кеңеске салғанын мәлім етті.
Сонымен бірге оқиға 47 автобуста емес, 53 автобуста орын алғаны белгілі болды.