Астанада көшеге бұрынғы премьер-министрдің есімі беріледі
Бұрынғы премьер-министр және мемлекет қайраткері Нұрлан Балғымбаевтың есімі Астанадағы көшеге беріледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекет қайраткерінің есімі Түркістан көшесінен басталып, Ұлы Дала көшесінде аяқталатын нөмірі № 29/1 атаусыз көшеге беріледі. Бұл шешім Астананың ономастика комиссиясының отырысында қабылданған.
"Нұрлан Балғымбаев - қазіргі заманғы талаптарға сәйкес елдің мұнай және газ өнеркәсібін дамыту, қазба байлықтарды тиімді игеру және халық игілігі үшін ірі жобаларды құрудың бастамашысы болды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нұрлан Балғымбаев 1997-1999 жылдары Қазақстанның премьер-министрі лауазымын атқарған. Кейін "Қазақойл "Ұлттық мұнай-газ компаниясы" ЖАҚ және "Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы"АҚ президенті болды.
2009 жылға дейін Нұрлан Балғымбаев Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кеңесшісі болды. Содан кейін итальяндық Eni мұнай-газ компаниясымен жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұйымның Бас директоры лауазымына тағайындалды. Қазақстанның экс-премьер-министрі 2015 жылдың қазан айында қайтыс болған еді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz