Әскери институтта 1 курс курсанты өлі күйінде табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Нalyq-uni.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.
2023 жылғы 3 наурызда Құрлық әскерлері Әскери институты оқу орталығының қарауыл постында 1 курс курсанты өлі күйінде табылды.
Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді, - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Қарулы күштердің басшылығы мен жеке құрамы сарбаздың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.