Әскерге шақырылған қызметкерлер жұмыстан шығарылмайды

Жұмыс беруші әскерге борышын өтеуге кеткен қызметкердің жұмыс орнын сақтауға міндетті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай ұсыныс енгізіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа өзгеріс Қазақстанның заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасында қарастырылған. Оған сәйкес, енді жұмыс берушілер әскерге кеткен қызметкердің жұмыс орнын сақтауға міндетті.

"Қолданыстағы Еңбек кодексі бойынша жұмыскердің әскерге шақырылуы еңбек шартын тоқтатуға негіз болып табылады. Осыған байланысты мерзімді әскери борышын өтеп жүрген азаматтың жұмыс орнын сақтау, сондай-ақ, оларға жалақысы сақталмайтын демалыс беру бойынша жұмыс берушінің міндеттерін бекіту ұсынылады", - деді еңбек министрі Біржан Нұрымбетов.

Бұл ретте, азамат әскерден қайтып келгеннен кейін бір ай ішінде өз жұмысына кірісуге міндетті. Десе де, заң талабын орындамаған жұмыс берушіге тікелей жауапкершілік әлі де көзделмеген.

"Әкімшілік кодексінде айыппұл деген қарастырылмаған. Бірақ бұл келесі жолы іске асады. Егер де заң талабы бұзылса, жаңағы әскери борышын атқарған азамат еңбек инспекциясына жүгіне алады. Еңбек инспекциясы жұмыс берушіге заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым береді. Егер еңбек инспекторының ұйғарымы орындалмаса, онда әкімшілік шара қолданылады", - деп түсіндірді министр.

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Айта кетсек, қазір республикада барлығы 6 миллион 600 мың жалдамалы жұмысшы, 300 мыңға жуық жұмыс істеп тұрған кәсіпорын және 696 кәсіподақ бар.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста