Арзан көлік аламақ болған алматылықтар алданып қалды

Арзан көлік аламақ болған алматылықтар алданып қалды

Алматылық бір топ тұрғын Оңтүстік Кореядан темір тұрпар әкеліп беремін деген алаяққа сеніп, жер сипап қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеп.

Алдау тәсілі бұрынғыдай. Су жаңа көлікті екі есе төмен бағаға әкелемін деп сендірген. Жұрт алданғанын кеш түсініпті. Өйткені, 200 миллион теңгені жинап алған пысықай із суытып үлгерген.

 

Қазір жазған арыздары бойынша алаяққа іздеу жарияланды.

 

Бұл адамдар арзан көлікті армандап жүріп, алаяққа алданғанын кеш түсінгендер. Пысықай оларды Оңтүстік Кореядан екі есе төмен бағаға көлік әкеліп беремін деп сендірген. Және бұл алданғандардың бір бөлігі, яғни арыз жазғандары ғана. Соның бірі – Бекет қария. Ол жаңа көлікке қол жеткізу үшін ескі темір тұрпарын сатыпты. Жетпегенін балаларынан жинаған.

 

БЕКЕТ ЖҰМАДІЛОВ, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Осы биыл. Біз жиырмасыншы наурызда, жаңағы келісім шартқа қол қойып, солай істедік қой. Оның алдында бір ай бұрын көріп, сөйлесіп сөйтіп жүрдік балам арқылы. Қолына жаңағы мен сол 19 миллиондай ақшаны қолына санап бердік, алдында сол 17 миллиондай, кейін ана растаможка дегеннен кейін бір айдың ішінде тағы да 2,5 миллиондай ақшаны қолына бердік. 45 күннің ішінде машинаны алып келеміз, мен бәлембай жылдан бері қарай осы жұмыспен айналысып жүрмін деді.

 

Ал, жарнаманы әлеуметтік желі арқылы жүргізген. Яғни арнайы сайттарға су жаңа көліктердің суретін салған. Оңай жолмен ақша табуды көздеген ол клиенттерге барынша жеңілдіктер жасайтынын да айтып қызықтырыпты.

 

НҰРГҮЛ МҰХАМЕДҚАЛИЕВА, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Андрей Цой бізбен байланысқа өзі шықты. Әлеуметтік желіде Оңтүстік Кореядан көлік сатып алу туралы хабарландыруға жазба қалдырғам. Сол аралықта алаяқ нөміріме хабарласты. Қаншалықты сенімді екеніне көз жеткізу үшін жеке басына қатысты мәліметін базадан тексерттім. Бір қызығы, ол жерде баяғы былықтары мен істі болғаны көрсетілмеген. Қандай жолмен және кім арқылы тазалатқанын білмедім. Оның үстіне қаланың қақ ортасынан кеңсе ашып, жанында нотариустың болғаны да көңілге күдік ұялатпады.

 

Қазір ол кеңсе бос. Жанындағы нотариус қызметкері де алаяқтың бұл орынды тек уақытша жалға алғанын айтады. Ал жер сипап қалған жұр алданғанын кеш түсінгенге өкініп отыр.

 

ЮРИЙ ЛЫТКИН, Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Ол туралы шындықты барлығы біткенде білдік. Яғни бұған дейін 2017 жылы дәл осындай алаяқтық айлатәсілімен көптеген адамды алдап соққан. 8 жылға сотталғанымен, 2 жылға жетер жетпес уақыт ішінде қайта шығып алған екен. Үнемі халықтан қалаған ақшасы жиналған сәтте Ресейге қашып кетеді. Қазір де солар қайталанып жатыр. Ол қазір Қазақстанда жоқ.

 

Осылайша қулығына құрық байламаған азамат тұрғындардан 200 миллионға жуық қаражатты үптеп кеткен. Қазір олардың жазған арызы бойынша тергеу басталып, іздеу жарияланыпты.

 

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

 

- Арызданушылар ресми шағыммен полицияға маусым айының соңына таман хабарласқан болатын. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша 6 азамат жәбірленуші болып танылды. Қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабы 4 тармағы бойынша қозғалып, яғни аса ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша қозғалып, қазіргі таңда тергеу және іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, күдікті қазіргі таңада іздеуге жарияланды.

 

Алаяқ ұсталған күнде де ақшаның кері қайтуы екіталай. Бірақ, алданғандар сонда да үмітін үзбек емес.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста