Ара сүтінің ем екенін білеміз бе?

Адам денсаулығына да, қоршаған ортаға да тигізер септігі көп ара шаруашылығына көңіл бөлінбей отырғаны қынжылтады. Бүгінде ара балының 70 пайызы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ауданында да бал шаруашылықтары бар. Аз ғана. Әсел өндіруден де маңызды жаңалықтар орын алуда. Соңғы әлетте араның сүтінен түрлі дәрі жасауға болатындығы анықталып, әлем елдері осыған белді бекем буып, білек сыбана кірісіп кетті. Мәселен, араның сүтінің өзін кәделеп, әртүрлі салада пайдаға жарата бастады. Бұл сөздің латынша атауы – апилак, орысша «маточное молочко» деп аталады. «Жұмыртқаны жарып» шыққаннан кейін 14 күн өткен соң-ақ аналық аралар жұтқыншақ бездерінен сүт бөліп шығара бастайды. Оның құрамы көптеген пайдалы элементтен тұрады.


Араның сүтінің құрамында нуклеин, амин қышқылдары, түрлі дәрумендер, май, тағы басқа микроэлементтер бар. Фармацевтикада одан «Апилак» дәрісін дайындайды әрі косметика өндірісінде кәдеге асырады. Ара сүтінің құрамын зерттеген ағылшын ғалымдары оның көптеген дертке дауа екенін анықтаған. Мәселен, жаңадан «сауылған» ара сүті адам денесіне түскен микробтардың одан әрі өрбі­меуі­не, қанға түсіп таралып кетпеуіне сеп болады. Қан қысымы үнемі жоғары бола­тындарға таптырмайтын ем. Дәл осы диаг­нозбен ауыратындар ара сүтін ішкен соң, құлағының шулағаны басылып, жүрек ауруы бәсеңдеп, ұйқысы жақсара бастайды, тәбеті ашылады. Қандағы холестеринді азайтады. Шала туылған балаларға ем ретінде қолданылады. Сонда олардың сал­мағы артып, қалыпқа келе бастайды. Дәру­мені көп ара сүтінің бұдан басқа да дерттерге дауасы бар. Демікпе дертінен жапа шегетіндерге, кейбір тері ауруларына, қан азайғанда, буындағы ревматизм ауруларына да таптырмайтын ем. Әсіресе бойын­дағы қуаты қайтып, қартайған адамдар үне­мі пайдаланса, қан қысымы бір қалыпты болып, көру қабілеті жақсарады. Қан қы­сы­мынан зардап шегетіндер күніне 20-30 мг пайдаланған соң, ауруынан айыға бас­тайды. Урологтар мұның жыныс без­дерінің қабілетін дамытатынын айтады.
Ара сүтінен жасалған дәрі — бір шара­наға зар болып жүрген әйелдерге, белсіздік танытатын ерлерге бірден-бір пайдалы ем. Жіті зерттеуден өткен ара сүтінің ерекше қасиетін тапқан дәрігерлер күш-қуатты арттыру үшін оны ғарышкерлерге, спорт­шы­ларға аса пайдалы тағам ретінде береді. Есте сақтау қабілетін жақсартуға да септігі мол.
Жуырда Ұлыбританиядағы сән салондарында косметологтар бет терісін жаңар­тудың жаңа әдісін ойлап тапты. Олар ара уын пайдалана бастады. Бұрынырақта ара уы өте қауіпті деп саналып келсе, бүгінгі зерттеулер оны жоққа шығарып отыр. Алғашқы жаңалыққа құмартушы­лар­дың қатары тіптен артқан. Ең алғашқысы Чарльз ханзаданың жұбайы Камилла болыпты. Ол сәндік процедураның кереметтігін айтып, тамсануда. Демек, бұдан кейін жасаруға ден қойғандардың саны тіптен артатыны сөзсіз. Косметологтар ара уының ботоксты алмастыратынын айтады. Одан жасалған маска бет терісін жақсартып, ұсақ әжімдерді кетіріп, тері жасушаларының қартаюын тежейді. Бұл ғажайып жаңалық­тың авторы — косметолог Дебора Митчелл. Ол жаңа әрі керемет жаңалыққа құмарту­шыларды бір рет қабылдағанының өзін 55 фунт стерлингке бағалап отыр. Бұл ем 30 жастан асқан әйелдерге арналған. Косметолог Дебораның айтуынша, соңғы кездері пластикалық хирургияның көмегіне жүгі­нетіндердің саны кеміген. Сәнқойлар пы­шаққа түспей-ақ, сұлулығын сақтап қалу үшін арзанырақ осындай көмекке жүгіне бас­таған. Жақын арада саудаға құрамында араның уы бар гельдер мен лосьондар түсе бастайды. Оның көмегімен көптеген тері проблемасынан арылуға болады, соның ішінде целлюлитке де әсері мол.
Міне, осылайша, араның сүтін де, уын да, көзін тапсақ, кәдеге жаратуға болады екен. Елімізде еңбектеніп жатқан ара шаруа­шылығының тізгінін ұстағандар екі есе пайда түсіретін осындай іске бет бұрса дейсің. Алайда тізгінді тарта тұруға әкеліп тірейтін тірліктер жетіп-артылады. Араның бүкіл өн бойындағы пайдалы заттарды кәде­ге асырмақ түгіл, оның балының өзін өндіруде де біршама кертартпалық бар. Әуелі балдың өзін табыс көзіне айналдырып алсақ та, жарар деп есептейтіндер де жоқ емес. Тың жаңалықты қос қолды көтеріп қолдап кетуге келгенде маман тапшылығы да кері шегінтеді. Расында да, еліміздегі косметологтардың дені ескі әдіспен жұмыс істейді. Ал дәрінің 90 пайызын шеттен тасып жатқанда, одан дәрі жасап шығаруға қауқарымыздың жоқтығы тағы анық. Әйтеуір, қолды байлайтын мәселе­лер жетіп-артылады. Сонда әлемді тамсандырар жаңалықтар біздің елде қашан ғылыми негізде жолға қойылар екен?
Амалбек СЕРҚҰЛОВ, халық емшісі:
– Әрине, ара емінің пайдасы ұшан-теңіз. Өзім араға шақтырып емдеймін. Оның уы — мың да бір ауруға ем. Бірді-екілі халық емшілері пайдаланбаса, көбіне медицинада оның шетелден әкелінген дәрілерін қолданады. Оған арнайы зауыт ашудың қажеті жоқ шығар, дегенмен аз-аздап еліміздегі фармацевтика компаниялары қолға алса, бюджеттің бүйірін толтыруға сеп болары сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста