Әр балаға 1,5 млн теңге бөлінеді екен...

Статистикалық мәліметке сүйенсек, соңғы бес жылда елдегі жетім балалардың жалпы саны 8812-ге, балалар үйі тәрбиеленушілерінің саны 5237-ге азайған. Қазіргі кезде елімізде 2,5 мыңнан астам ата-ана бала асырап алу кезегінде тұр. Сондай-ақ патронатты тәрбиеші болуға ниет білдірушілер қатары да көбейіп келеді. Қазіргі уақытта республикада 33 680 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Соның ішінде 21 856 баланы қазақстандық отбасылар қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа алған, 1947-сі – патронаттық тәрбиеде.

Патронат деген не?

Патронат- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы шарт бойынша басқа азаматтардың отбасына тәрбиелеуге беретін тәрбиенің бір түрі. Бұл шарт баланы тәрбиелеуге алуға ықылас білдірген адам (патронат тәрбиеші) мен қорғаншылық және қамқоршылық органы арасында жасалады. Бала патронат тәрбиешіге шартта көзделген мерзімге тәрбиелеуге беріледі. Алайда асырап алынған балаға патронаттық тәрбиешіге қатысты ешқандай туыстық құқықтар мен міндеттер жүктелмейді. Оған асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекет тарапынан берілетін барлық жеңілдіктер мен төлемдер сақталады. Бұл арада патронат тәрбиешіге баланы бағып күту үшін ай сайын ақша төленіп тұрады. Осы уақытқа дейін оның мөлшері 25 мың теңге болса, енді үкімет оның көлемін 33 мыңнан 60 мың теңгеге дейін арттырмақ. 2015 жылғы қаңтар айынан бастап бала асырап алған Қазақстан азаматтарына 75 АЕК (148 650 теңге) мөлшерінде біржолғы ақшалай төлемақы төленеді.
Ал балалар үйіндегі бір баланың қажетін толық қамтамасыз ету үшін мемлекет жыл сайын әр балаға 1,5 млн теңге қаржы бөледі екен. Демек патронатты тәрбиені дамыту жетім балалар үшін де, мемлекет үшін де тиімді болмақ.

Баланы тәрбиелеуге беру оның пікірін есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Ал жасы 10-ға толған бала өзінің келісімімен ғана тәрбиелеуге беріледі. Ағалары мен қарындастарын медициналық қорытындылар немесе басқа да себептерге байланысты, олардың бірге тәрбиеленуіне мүмкіндігі жоқ жағдайларда болмаса, ажыратуға жол берілмейді.

Патронат тәрбиешілерді іріктеп алу қорғаншы және қамқоршы органдар міндетіне кіреді, патронат тәрбиешілердің жеке басының сапасы, олардың бала тәрбиелеуге қабілеті, балаға көзқарасы ескеріледі. Кәмелетке толған екі жыныстың адамдары патронат тәрбиеші бола алады, яғни не әйел не еркек немесе озара некеге тұрған екеуі де шарт жасаса алады.

Баланы патронатқа алған отбасы немесе адам баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін ақылы түрде орындайды, яғни қорғаншылар мен қамқоршылардан айырмасы бұларға ақша төленеді. Тәрбиеші-ананың тәрбиелеуіне жасы 18-ге дейінгі 7-10 бала беріледі (отбасы ішіндегі балалардың жасы әр түрлі — 5,7,10,15 болуы мүмкін). Тәрбиеленушілер жасөспірімдер үйінде 23 жасқа дейін бола алады.

Асырап алу, қамқоршылық және патронат – ерекше жауапкершілік және маңызды тәсілді талап ететін қарым-қатынас түрлері. Баланы патронаттық тәрбиеге алу туралы шешімді қабылдай отырып моральдық қана емес, материалдық және заңдық тұрғыдан дайын болуы қажет.

Баланы патронаттық тәрбиеге қабылдаудың негізгі шарттары:

1. Патронаттық тәрбиешінің педагогикалық білімнің болуы тиіс (тиісті білімі болмағанына қарамай тілек білдіргенде орган сіздің кандидатураңызды жеке қасиеттерге назар аудара отырып қарастыруы мүмкін).
2. Неке және ерлі-зайыптылық туралы кодекске сәйкес патронаттық тәрбиеші болуға мынадай құжаттар талап етіледі.
Қажетті құжаттар:
- патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдіру туралы өтініш;
- тұрғын үй-тұрмыстық шарттарына тексерулер жүргізу туралы өтініш;
- патронаттық тәрбиеші болғысы келетін адам некеде тұрса, жұбайының келісімі (балалар);
- патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген адамның денсаулық жағдайы, соның ішінде психикалық жағдайы, есірткілік (уыттық), алкогольдік тәуелділіктің болмауы туралы анықтама;
- егер патронаттық тәрбиешісі болғысы келетін адам некеде болса, жұбайының денсаулық, психикалық жағдайы, есірткілік, уытқұмарлық, алкогольдік тәуелділіктің жоқтығы туралы анықтама;
- баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген адамның, сондай-ақ патронаттық тәрбиеші болғысы келетін адам некеде тұрса зайыбының соттылығының жоқтығы (болмауы) туралы мәліметтер.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста